Психологиялық өзгерістеріне байланысты науқастар бөлінеді
Жабырқау
Үрейленген
Күдіктенген
Ипохондриялық
Наразылы
Үрейленген аурулар өте үрейшіл,қорқақ,жасқаншақ ,барлығына көнгішті мінез көрсетеді.Олар емдеу процедуралары барысында естен тану ,құсу деген сияқты вегетативті реакция көрсетуі мүмкін.
Күдіктенген науқастар дәрігердің шараларына үнемі күдік,күмәндік білдіріп сенбейді.Сондықтан, әрқашан олармен қарым қатынас құра отырып,олардың күмандануының себептерін анықтап,кейде сенімін арттыру мақсатында психологпен бірге сұхбат жүргізіледі.
Жабырқаулы науқастар үнемі оңашалануға бейім болады,ешкіммен араласпауға, ішкі ойын ашпауға тырысады.Көбінесе бұл күрделі және емдеуге келмейтін дертке шалдыққан науқастар.Бұлармен қарым қатынас жасай келе, дәрігер олардың сенімін тудыратын, көңілін көтеретін шаралар ұйымдастыруы керек.
Демонстративтік қыр көрсететін науқастар қоршаған ортадағы адамдарға әсер етуге, өзін өзі көрсетуге тырысады.Олар өте қатты қиналғанын басқаларға көрсетуге,басқалардың назарын аударуға бар күшін салады
Дерттің адамға жасайтын психолгиялық әсері дәрігер жұмысында өте маңызды орын алады.
Ішкі ағза аурулары науқасқа түрлі әсер жасайды:
Соматогендік
Психогендік
Науқас психикасына дерттің соматогендік әсері адамның орталық жүйке жүйесіне соматогендік зияндылығына байланысты.Адамның ауру туралы көзқарасы,реакциясы соматоногнозия деп аталады.Психогендік әсерлер науқас адамның тұлға ретінде өз дертіне көзқарасына,реакциясына байланысты дамиды.
Соматоногназия бөлінеді:
Нормосоматоногназия
Гиперсоматоногназия
Гипосоматоногназия
Ауру адамның дертке деген патологиялық реакциялары:
Фобиялық
Истериялық
ипохондриялық
Қорытынды:
Науқаспен сөйлескен кезде,оның көңілін көтеретін,психикасына әсер ететін,сенімділігін көтеретін және оның тез жазылуына әкелетін сөздер айту керек.Көп жағдайларда дәрігердің науқасқа айтқан сөздері оның тағайындаған дәрілерінің әсерінен кем болмайды.Науқас дәрігерден оны қолдайтын және тыныштандыратын жылы сөздер естігісі келеді.Бұл сөздер науқасқа тек руһани және психикалық ем түрінде ғана емес,сонымен қатар,оный ауруының жазылуына да септігін тигізеді.