Сырқатқа субъективті әсердің қалыптасуына жас жамасы да ықпал етеді.Жас балалардың, жасөспірімдердің өздерінің сыртқы бет әлпетін өзгертетін дерттеуіне шыдауы, оған төзімділігі аса қиындықтар тудырады.Себебі жастар үшін түрдің сымбатты болуы,қасиеттер жүйесінің негізі болып табылады.Сондықтан,медициналық тұрғыдан өмірге қауіп төндірмейтін,бірақ сыртқы келбетін ұнамсыз көрсететін ауруға деген науқастардың психологиялық реакциясы күштірек болады.Үлкен жастағы науқастар созылмалы және мүгедектікке әкелетін сырқаттарға, ауыр психологиялық жауап қайтарады.Бұл үлкен жастағы науқастың қоғамдық талаптар,тәуелсіздік секілді бағалы қасиеттер жүйесіне сырқаттың кері әсері тиген жағдайда ауыр психолгиялық реакция, көрініс береді.Егде жастағы науқастарға онкологиялық,созылмаыл соматикалық аурулар психология тұрғысынан айтарлықтай кері әсер жасайды.Ал, қарт адамдарға,өлімге әкелетін сырқаттар ауыр тиеді. Инфаркт,инсульт,онкологиялық аурулар қарт адамдарға еңбекке қабілеттілігінен емес, өлімге әкелу мүмкін екендігінен қорқыныш әкеледі.
4.Индивидуалды психологиялық
Темперамент.Мінез.Жеке бас қасиеттері ерекшеліктері.
Темперамент параметрлеріне сәйкес, дертке деген науқасты, психологиялық реакциясын анықтауда,эмоционалдық,ауырсынуды көтеру,дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарлы көтеру маңызды қызмет атқарады.Темпераменттің негізі болып , тұқым қуалайтын патофизиологиялық фактормен сипатталатын,импульсивтілігі, басқа да адамның қасиеттері табылады.
Мінез ерекшеліктері. Науқастың өз дертіне феноменологиялық синдромологиялық және психологиялық әсер ету типі науқастың мінезінің ерекшеліктеріне тәуелді.
Жеке қасиеттері. Науқастардың жеке қасиеттеріне адамның ориентациясы,моральдық критерийлері,қоғамдық әлеуметтік феномендері жатады.Ауруға психологиялық жауа берудің негізінде, науқастың жеке қасиеттері,оның медицинаға сенімі жатады.
Аурудың бастапқы кезеңінде адамның психологиялық жағдайына келесі факторлар әсер етеді.