13.Медициналық қалдықтарды жинауға, уақытша сақтауға, тасымалдау және жою.
Медициналық қалдықтар – медициналық қызмет көрсету және медициналық мапипуляциялар жүргізу кезінде пайда болатын қалдықтар. Қауіптілігі бойынша олар 5 сыныпқа бөлінеді:
А сыныбы- қауіпсіз қалдықтар
Б сыныбы - эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – қанмен және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар және аспаптар, заттар, патологоанатомиялық қалдықтар, органикалық операциялық қалдықтар: ағзалар, тіндер, инфекциялық бөлімшелердің тамақ қалдықтары, патогендігі III-IV топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін микробиологиялық, клиникалық-диагностикалық зертханалардың, пайдалануға жарамсыз тірі вакциналар)
В сыныбы - төтенше эпидемиологиялық қауіпті қалдықтар – инфекциялық аурулармен ауыратын науқастармен жанасқан, төтенше жағдайлардың пайда болуына алып келуі мүмкін, патогендігі I-II топтардың микроорганизмдерімен жұмыс істейтін зертханалардың қалдықтары, фтизиатриялық стационарлардың емдеу-диагностикалық бөлімшелерінің қалдықтары, анаэробты инфекциялы пациенттердің қалдықтары, туберкулез қоздырғыштарымен жұмысты жүзеге асыратын микробиологиялық зертханалардың қалдықтары)
Г сыныбы - токсикологиялық қауіпті қалдықтар – мерзімі өтіп кеткен, пайдалануға жатпайтын қалдықтар - дәрілік, оның ішінде цитостатиктер, диагностикалық, дезинфекциялау құралдары, құрамында сынап бар заттар, аспаптар мен жабдық, фармацевтикалық өндірістердің шикізаттары мен өнімдерінің қалдықтары.
Д сыныбы - радиоактивті қалдықтар – құрамында Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамаларымен белгіленген, радиоактивті заттар үшін регламенттелген мәннен асатын мөлшерде және концентрацияда радиоактивті заттар бар қалдықтар.
Қалдықтарды жинау үшін бір рет қолданылатын, су өткізбейтін қаптар, пакеттер, металл және пластикалық сыйымдылықтар, жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған контейнерлер. Қалдықтардың әрбір сыныбын жинауға арналған қаптардың, пакеттердің түсі әртүрлі (А сыныбы қалдықтары - ақ, Б сыныбы - сары, В сыныбы - қызыл, Г сыныбы – қара), контейнерлерде, сыйымдылықтарда таңба болуы тиіс. Қауіпті қалдықтарды жинауға арналған металл және пластикалық сыйымдылықтар, контейнерлер тығыз жабылуы тиіс.
Б сыныбының қалдықтары түсі сары немесе сары түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады. Шанышпалы және үшкір заттар алдын ала бөлшектелмей және дезинфекцияланбай, тесілмейтін және ылғалға төзімді контейнерлерде жиналады. Б сыныбының органикалық, сұйық қалдықтарын жинау үшін олардың герметикалығын қамтамасыз ететін қақпағы бар бір рет қолданылатын, тесілмейтін, ылғалға төзімді контейнерлер пайдаланылуы тиіс. Сұйық қалдықтар міндетті түрде зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады, содан кейін су бұру жүйесіне төгіледі.
Контейнерлердің көлемінің төрттен үшінен асырмай толтырылады, толтырылғаннан кейін қақпақпен тығыз жабылады және үш тәуліктен асырмай сақталатын медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайға жіберіледі. Б сыныбының паталогиялық-анатомиялық және органикалық операциялық қалдықтары (ағзалар, тіндер және тағы басқалар) өртелінуі немесе зираттардың арнайы бөлінген учаскелерінде көмілуі тиіс.
В сыныбының қалдықтары денсаулық сақтау объектісінде физикалық әдістермен (термиялық, қысқа толқынды, радиациялық және басқалары) міндетті зарарсыздандыруға (дезинфекциялауға) жатады. Дезинфекциялаудың химиялық әдістерін тек тамақ қалдықтарын зарарсыздандыруға, сондай-ақ ошақтарда эпидемияға қарсы алғашқы іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қолдануға жол беріледі.
В сыныбының қалдықтары түсі қызыл немесе қызыл түсті таңбасы бар бір рет қолданылатын жұмсақ (пакеттерге) немесе қатты (тесілмейтін) контейнерлерге жиналады.
Пайдаланылған люминесценттік шамдар, құрамында сынабы бар аспаптар мен жабдық қара түсті тығыз жабылатын қақпағы бар сыйымдылықтарға жиналады. Сыйымдылықтар толтырылғаннан кейін тығыз жабылады және медициналық қалдықтарды уақытша сақтауға арналған үй-жайда сақталады. Қалдықтар жинақталғаннан кейін медициналық кәдеге жаратумен айналысатын ұйымдарымен шығарылып кәдеге жаратылады.
Қолдануға жарамсыз дәрілік заттарды жою «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 79-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімдік айналымы бар (қатты, сұйық және газ түріндегі) Д сыныбының радиоактивті медициналық қалдықтары тиісті сақтау қоймаларында олар толық ыдырағанға дейін сақталады, содан кейін олар А сыныбының медициналық қалдықтары тәрізді жойылады. Д сыныбының «ұзақ мерзімдік» радиоактивті медициналық қалдықтары арнайы полигондарға (қорымдар) көмуге жіберіледі.
А сыныбының қалдықтары бар контейнерлер арнайы алаңда сақталады.
А, Б, В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында бір тәуліктен асырылмай сақталады. А сыныбының қалдықтары бар контейнерлер арнайы алаңда, Б,В сыныбының қалдықтары уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктен асырылмай сақталады. Б сыныбының биологиялық қалдықтары +5оС-тан аспайтын температурада сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |