«Аурухана ішілік жұқпалы ауру» түсінігінің анықтамасы, пайда болу және таралу себептері


Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу Қолдану көрсетілімдері



бет29/29
Дата12.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#100733
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: жұқпа түскен құрал-саймандармен қол саусақтарын жарақаттағанда
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған биксті, 2 астаушаны, залалсыздандырылған корнцангті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды сабындап, ағынды суда жуыңыз;
2. Қолғапты шешіп, жарадан қанды сығып шығарыңыз;
3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
4. Дәрі қобдишасынан крафт пакетін таңғыш материалмен алып, астаушаға салыңыз.
5. Дәрі қобдишасынан 70 % этил спирті және 5 % йод ерітінділерін алыңыз.
6. 70% этил спиртіне мол суландырылған залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін тазартыңыз (өңдеңіз).
7. Қан кетуді тоқтатпай, сабындап сумен жуыңыз.
8. Залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.
9. Жарақат бетін 70% этил спиртімен қайталап тазартыңыз, сосын 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.
10. Жарақат бетіне бактериоцидті пластырьді (жабысқақ таңғыш) салыңыз.
11. Бактериоцидті пластырьден таңғыш салған соң резеңке саусаққап киіңіз. Қажет болған жағдайда залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
12. Қолданылған күтім заттарын және таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
13. Әкімшілікке хабарлаңыз (өдірістегі төтеннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).


33. Пациентті төсектің бас жағына қарай қозғалту.

«Австралиялық көтеру» пайдаланылады, екі медбике көмегімен орындалады


Мақсат: пациентті төсектің бас жағына қарай қозғалту
Іс-әрекеттер алгоритмі:

  1. Пациентке манипуляция мақсатын түсіндіріңіз, ақпаратты түсінгеніне көзіңізді жеткізіңіз, орындауға келісімін алыңыз.

  2. Пациенттің жағдайын, айналасындағы жағдайды (еденнің ылғалдылығы, бөтен заттардың болуы т.б.) бағалаңыз.

  3. Кереуеттің тежеуін бекітіңіз (егер бар болса). Пациентке отыруға көмектесіңіз: бір медбике оны сүйемелдейді, ал екінші медбике жастығын алып тастайды.

  4. Екі медбике пациентке қарама-қарсы кереуеттің екі жағынан тұрады.

  5. Кереует шетіне протектор (жаялық, жастықша ) салыңыз.

  6. Салынған протектор үстіне екі медбике бір тізесін кереуетке параллель етіп қояды, балтырын мүмкіндігінше пациентке жақындатады (1-ші сурет). Еденде тұрған аяқ пациентті көтергенде тірек, таяныш болады.

  7. «австралиялық көтеруді» қолдану (2-ші сурет).

  8. Абайлап пациентті кереуеттің бас жағына қарап жәймен жылжыту (3-ші сурет).

  9. Пациенттің басына жастықты қойыңыз, ыңғайлы жатқанына көзіңізді жеткізіңіз (4-ші сурет).




1 2


34. Медициналық құрал – саймандарды залалсыздандыруға дейін тазарту кезеңдері.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет