Пациенттерді орнынан қозғалтуға арналған екі жақты сырғанайтын төсенішті қолдану.
Easy Slide (макси-слайд)- екі жақты сырғанайтын төсеніш Easy Slide – жеңіл қозғалуға арналған сырғанайтын төсеніш.
Easy Slide пациентті басынан аяғына дейін қамтып алу үшін айтарлықтай үлкен. Екі жақты сырғанайтын ақжайма – өлшемі 180х60 см, берік матадан тігілген медициналық қосалқы зат. Ол төмен үйкеліске ие, әр түрлі құрғақ және ылғалды беткейлерде жеңіл сырғанайды. Ақжайма бір немесе екі жағынан 6 бекіткіш тұтқалармен жабдықталған.
Пациенттерді орнынан қозғалтуға арналған EasySlide төсенішін қолдану Қолдану мақсаты: пациенттердің орнын ауыстырғанда қауіпсіздікпен және жайлылықпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің еңбегін жеңілдету.
Көрсетілімдері: төсек тартып жатқан пациенттерді горизонталды кеңістікте кереуетте жылжыту, дене қалпын өзгерту.
Ескерту: пациент жатқан бет тегіс және қатты болуы керек.
Іс-әрекеттер алгоритмі: Пациентке емшара барысын түсіндіріңіз, жүргізуге келісімін алыңыз.
Қолығызды жуып құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.
Пациенттің жағдайын және айналадағы жағдайды бағалаңыз.
Кереуеттің тежеуін (тормызын) бекітіңіз. Кереуеттің екі қыр жағындағы поручендерді (тұтқаларын) түсіріңіз (егер де ол болса).
а) пациентті кереуеттің шетіне қарай жылжыту:
- сырғанайтын ақжайманы кереуеттің үстіне төсеңіз, оның тұтқалары
кереуеттің ортасына келуі керек;
- пациентті ақжайма үстіне жайғастырыңыз;
- қолыңызды пациенттің мойын және бел аймағы астына жіберіп
ақжайманың тұтқаларын мықтап ұстаңыз;
- абайлап пациентті кереуеттің бір шеіне қарай жылжытыңыз.
б) пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжыту: - пациентті бір қырымен жатқызыңыз;
- сырғанайтын ақжайманы астына төсеңіз;
- пациентті арқасына аударып, содан кейін екінші қырына аударыңыз,
сырғанайтын ақжаманы тегістеп жіберіңіз;
- пациенттің екі жағынан сырғанайтын ақжайманың тұтқаларынан
ұстап пациентті кереуеттің бас жағына қарай жылжытыңыз.
Кереуеттің қыр жағындағы тұтқаларын көтеріңіз.