Аутоиммунды аурулар


Аутоиммундық аурулардың бір себебіне вирустарды да жатқызуға болады. Вирустар әсерінде



бет5/7
Дата04.12.2022
өлшемі190,97 Kb.
#54786
1   2   3   4   5   6   7

Аутоиммундық аурулардың бір себебіне вирустарды да жатқызуға болады. Вирустар әсерінде:

1. жасушалардың антигендік құрамы өзгеріп, оларға қарсы иммундық жауап (реакция) дамиды;

2. вирустар Т-супрессорлар қызметін басып тастап В-лимфоциттердің өз антигендеріне қарсы антидене қалыптастыруына ықпал жасайды;

3. вирустар В-лимфоциттер қызметін өзгертіп "тыйым салынған" клондар пайда болады

Аутоиммунды тиреоидит

Бұл аутоиммунды бұзылыстардың әсерінен қалқанша тінінің бұзылып, тиреоидты гормондарды синтездеуге қабілетінің төмендеуімен сипатталатын ауру болып табылады. Аутоиммунды тиреоидитке алып келетін маңызды клиникалық мәселе – ол гипотиреоз ( яғни, қалқанша безінің функциясының төмендеуі) . Егер қалқанша безінің функциясы бұзылмаса, қалқанша безіндегі аутоиммунды процесс клиникалық көріністер бермейді. АИТ — аутоиммунды этиологиялы қалқанша безінің қабыну ауруларының гетерогенді тобы. Оның негізінде қалқанша безінің фолликулалары мен фолликулярлы жасушаларының әр түрлі дәрежедегі декструкциялары. Ең алғаш рет бұл ауруды жапондық хирург Н.Hashimoto 1912 жылы сипаттаған. Ол бірнеше жағдайларда қалқанша безінің көлемінің үлкейгенін анықтаған, ол лимфоидты инфильтрацияның негізінде жүрген, сондықтан оны АИТ-ның гипертрофиялық нұсқауы ретінде таниды.

Эпидемиология. АИТ – ның аймақ бойынша жайылуын анықтау өте қиын, себебі оның эутиреоидты фазасында нақты диагностикалық критерилері жоқ. АИТ – мен ер адамдарға қарағанда әйел адамдар 10 есе жиі ауырады. АИТ – 70-80 % да біріншілік гипотиреоздың дамуын шақырады. 40-60 жас аралығында дамиды

Этиологиясы. Ауру иммунды жауаптың генетикалық детерминирленген ақауының фонында жүреді, бұл кезде өзінің тиреоциттеріне Т-лимфацитарлы агрессияның болуы байқалады, соның әсерінен олардың бұзылуы орын алады. Гистологиясында тиреоциттердің лимфоцитарлы, плазмоцитарлы инфильтрациясы ,онкоцитарлы трансформациясы, фолликулалардың бұзылуы жүреді. Анамнезіндегі жедел респираторлы вирусты аурулары ; Созылмалы инфекция ошақтары ( таңдай бадамшаларында, мұрын қойнауларында, кариесті тістерде); Экологиялық жағдай , қоршаған ортада йод, хлор, фтор қосылыстарының артық болуы ( лимфоциттердің белсенділігіне әсер етеді); Ұзақ уақыт бақылаусыз дәрілер қабылдау ( құрамында йоды бар, гормональды препараттар); Радиационды сәулелену, күн астында ұзақ уақыт болу; Психожарақаттық жағдайлар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет