Аутоиммунды аурулар



бет6/7
Дата04.12.2022
өлшемі190,97 Kb.
#54786
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
иммуно 13 сем

Патогенезі АИТ – ның ағзаға патологиялық әсері ол гипотиреозды дамытушы фактор болып табылады. Эутиреоидты фаза коптеген жылдар бойы немесе ғұмыр бойы сақталуы мүмкін. Кейіннен процесстің өршуі байқалса, яғни қалқанша безінің лимфоцитарлы инфильтрациясы мен оның фолликулярлы эпителиінің декструкциясы тиреоидты гормондарды өндіретін жасушалар санын төмендетеді. Бұл жағдайларда ағзаны тиреоидты гормондардың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз ету үшін ТТГ мөлшері артады, ол қалқанша безін стимулдейді. Осы гиперстимуляциясының нәтижесінде белгілі бір уақыт мөлшерінде Т4 — тің өндірілуін қалыпты жағдайда сақтап отырады. Бұл субклиникалық гипотиреоз фазасы болып табылады. Әрі қарай қалқанша безінің функционирлеуші тироциттері критикалық деңгейден төмендесе, Т4 мөлшері азайып гипотиреоз дамиды. Гипотиреоидты фазасы. Бір жылға дейін созылуы мүмкін, одан кейін қалқанша безінің функциясының қалпына келуі байқалады, кейде гипотиреоз тұрақты болып қалады.

Клиникалық көріністері. Эутиреоидты және субклиникалық гипотиреоз фазаларында клиникалық көріністері болмайды. Жекеленген жағдайларда, эутиреоидты кезеңінде бірінші орынға қалқанша безінің ұлғаюы жатады. Созылмалы аутоиммунды тиреоидит ұзақ уақыт қандай да бір клиникалық көріністердің болуынсыз жүреді. Ерте белгілеріне қалқанша безі аймағындағы жағымсыз сезімдер, жұтыну кезіндегі бөгде затты сезіну, тамағындағы қысымды жатқызуға болады. Кейде қалқанша безі маңында ауырсыну сезімі байқалады және ол оны сипағанда болады. Кей науқастар әлсіздікке, буындағы ауырсынуларға шағымданулары мүмкін. Латентті ( тек қана иммунологиялық белгілері байқалады, ал клиникалық көріністері жоқ.) без қалыпты немесе біраз мөлшерде ұлғайған. (1-2 дәрежелері), тығыздалмаған,бездің қызметі бұзылмаған, кейде тиреотоксикоз немесе гипотиреоздың белгілері анықталуы мүмкін. Гипертрофикалық сатысы ( қалқанша безінің ұлғаюымен сипатталады, (жемсау), гипотиреоз немесе тиреотоксикоздың жиі байқалуы. Қалқанша безінің түгел көлемі бойынша ұлғаюы, (диффузды формасы), немесе түйіндер байқалады (түйіндң формасы), кейде екеуі араласыу мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет