1.5. Операторлар
Бағдарламадағы барлық математикалық функциялар опера-
торлар деп аталатын арнайы символдар арқылы суреттеледі.
Операторлардың толық тізімі кестеде беріледі.
Оператор
Функция
Мысал
Арифметикалық операторлар
+
қосу =A1+1
-
азайту =
4-C4
*
көбейту =
A3*X123
/
бөлу =
D3/Q6
%
пайыз
= 10 %
Байланыс операторлары
:
аумақ =
СУММ(А1:С10)
;
біріктіру
=СУММ(А1;А2;А6)
Мәтінді біріктіру операторы
&
Мәтінді біріктіру
14
Мәтінді біріктіру операторы құжаттың ‰лгісін жасаған кез-
де, қайта-қайта к‰нді қоя беруден арылады да, бағдарлама к‰н
қойылған ұяшықты өзі қолдана отырып жұмыс жасайды.
Excel-дің функциясы
Функциялар электрондық кестелерді құру және олармен жұ-
мыс істеуді жеңілдетуді мақсат етеді. Санаудың ең қарапайым
т‰рі болып қосу операциясы саналады. Функциялар ж‰йесін
қолданбай-ақ, формулаға әрбір ұяшықтың адресін қосу және
алу белгілері арқылы бірінен кейін бірін жеке-жеке енгізуге
болады. Нәтижесінде формула мынадай т‰рде болады:
=B1+B2+B3+C4+C5+D2
Excel-де нәтижені тез және жеңіл шығару ‰шін, ең алдымен
нәтиже функциясын іске қосу қажет. Және теңдік белгісінен
кейін функцияның атын қолмен де жазуға болады. Функцияның
атынан кейін жақшаны ашып, адрестерді енгізіп, жақшаны жабу
керек. Нәтижесінде формула келесі т‰рде беріледі:
=СУММ(B1:B3;C4:C5;D2)
Егер де екі формуланы салыстыратын болсақ, онда қос н‰к-
темен ұяшықтың блогы, ал ‰тірмен функцияның аргументтері
берілген. Функциялар ‰шін ұяшықтардың блогын аргумент ре-
тінде пайдалану өте тиімді, себебі, біріншіден ол көрнекті, ал
екіншіден мұндай жазуда бағдарламаға жұмыс бетіндегі өзгеріс-
терді ескеру жеңілірек. Мысалы, А1 ден бастап А4-ке дейінгі
ұяшықтардағы сандардың қосындысын шығару керек. Оны
былай жазуға болады :
=СУММ(А1;А2;А3;А4)
немесе басқа тәсілмен:
=СУММ(А1:А4)
Диаграмма құру
Excel-де диаграмманы сақтаудың сандық көрсеткіштер арқы-
лы құрастырылған екі тәсілі бар: біріншісі «енгізілген диаграм-
малар», екіншісі «диаграммалық парақтар».
15
Енгізілген диаграммалар осы файлда сақталатын жұмыс беті-
не қойылған графика т‰рінде беріледі. Диаграммалық парақтар-
да жаңа графикалық файлдар құрылады. Енгізілген диаграм-
маны Excel 1 пакетінің бір бөлігін құрайтын диаграмма шебері
арқылы құру тиімді.
Диаграмманың саймандар тақтасы. Диаграмманы диаграмма
шебері арқылы құрудан гөрі, диаграмма саймандар тақтасының
көмегімен құру неғұрлым тезірек болады. Экранға диаграмма
саймандар тақтасын Вид-саймандар тақтасы менюінің көмегі-
мен шығаруға болады. Мысалы кестеге кез келген мәлімет
енгіземіз, осы мәліметтің негізінде диаграмма құру керек бол-
сын. Диаграмманың типін таңдау ‰шін мәліметтерді белгілеп
алып, саймандар тақтасында төмен бағытталған бағыттауышы
бар суретті тышқанның сол жақ батырмасымен шерту керек.
Диаграмманың типін таңдап, жұмыс бетінде қажетті көлемдегі
тік төртбұрышпен белгілесе, диаграмма шебері іске қосылады.
Егер диаграмманы жеке парақта құру керек болса, құру өрісінде
диаграмма жолын таңдап алу керек.
Диаграмма шеберімен қолданушының арасындағы диалогтан
кейін жеке жұмыс парағы ашылады.
1.6. Автоподстановка және сілтеме функциялары
Кестедегі есептеулерді ж‰ргізу ‰шін формулалар қажет. Ex-
cel бағдарламасы функциялар деп аталатын 200-ден астам алдын
ала бағдарламасы жасалып қойған формулаларды ұсынады.
Функцияларға тез бейімделу ‰шін олар категорияларға бөлінген.
Функциялар конструкторы жұмыстың әр кезеңдерінде фун-
кцияны дұрыс қолдануға көмектеседі. Оның көмегімен көптеген
функцияларды бір-екі қадамнан кейін шешуге болады.
Бағдарламада алфавиттік тәртіппен барлық функциялардың
тізімі берілген. Ол қажетті функцияны тез тауып алуға м‰м-
кіндік береді. Егер функцияның аты белгілі болса, онда оны ка-
тегория бойынша іздеуге м‰мкіншілік бар.
Көптеген функциялар өте ұқсас, сол себептен қажетті фун-
кцияны категория бойынша іздеу барысында функция кон-
структоры ұсынатын функциялардың қысқаша суреттемесін
қолданған жөн.
16
Функцияның аргументтері бір ғана ұяшықты немесе бір топ
ұяшықтарды алып жатуы м‰мкін. Функция конструкторы кез
келген типтегі аргументке берілген тапсырмаға көмек береді.
Функция конструкторы
Есептеудің нәтижесі орналасатын ұяшықты таңдап алу керек.
Функция конструкторының 14-пиктограммасын шерту арқылы
конструктордың сұхбат терезесі ашылады.
Терезенің сол жақ өрісінде функцияның категорияларының
атаулары беріледі, ал өрістің оң жағында таңдап алынған фун-
кцияға сәйкес келетін функциялар көрсетіледі. Барлық функция-
ның тізімін көру ‰шін категориялар орналасқан өрістегі All
опциясын таңдап алу керек. Функцияның атын тышқанның
меңзерімен шертсе, жеке жолда функцияның аты мен қысқаша
суреттемесі беріледі. Сонымен қатар, функцияның аргумент-
терінің аты мен саны көрсетіледі. Аргументтер конструктормен
жұмыстың келесі қадамында беріледі. Оған көшу ‰шін Next
командалық пернесін басу керек.
Екінші қадамда конструктордың сұхбат терезесінде фун-
кцияның аргументтері көрсетіледі. Конструктор міндетті т‰рде
ескерілетін және ескерілмейтін функцияларды таниды.
Функцияның аргументін енгізу ‰шін оның не адресін, не
кестеде орналасқан аумағын белгілеп алу керек. Осыдан кейін
функция аргументінің адресі конструктордың сұхбат терезесінің
сәйкес өрісінде пайда болады.
Конструктормен жұмыс істеу барысында «Back» пернесін
басу арқылы кері қайтып, басқа функцияны алу м‰мкіншілігі
бар. Егер функцияның аргументтерінің барлығы дұрыс берілген
болса, онда Value өрісінің оң жағының жоғарғы жағында осы
функцияның есептелуінің нәтижесі көрсетіліп тұрады. Ол
нәтиже кестеге орналастырылады. Функция конструкторының
терезесін жабу ‰шін Finish пернесін басу жеткілікті.
Функцияны өңдеу
Функция орналасқан ұяшықты таңдау керек. Содан кейін
«Функция конструкторы» пиктограммасын шертсе, Editing
Function сұхбат терезесі ашылады.
Бұл сұхбат терезеде функцияның аты, қысқаша суреттемесі
және оның аргументтері аталып өтеді. Аргументтер орналасқан
өрістің мазмұнын өзгерту ‰шін тікелей жаңа адрестерді енгізу
17
керек немесе қажетті ұяшықтар тобын белгілеп алу керек.
Құжатты өңдеу аяқталғаннан кейін «Finish» командасын шерту
қажет.
Функция орналасқан ұяшықты шерткеннен кейін, теру жо-
лында аргументтердің мәнінің мазмұны бар мәтін пайда болады.
Сол себептен, өңдеуді «Функция конструкторына» хабарласпай-
ақ теру жолында орындауға болады. Ол ‰шін қатені т‰зейтін
ұяшыққа тышқанның меңзерін орналастыру керек. Жолдың сол
жағында ‰ш перне пайда болады. ( x, V және fx).
Теру жолына пернетақтаның көмегімен жаңа символдарды
енгізуге болады. X пиктограммасы енгізілген өзгерістерді жоя-
ды, яғни ұяшықтың мазмұнын өзгеріссіз қалдырады. V пикто-
граммасы енгізілген өзгерістерді растайды, яғни ұяшықта жаңа
белгі пайда болады.
1.7. К‰н және уақыт функциясымен жұмыс жасау
5-тапсырма. Берілген мерзімнен 2006 жылдың 31 желтоқ-
санына дейін қанша к‰н қалғанын анықтау
• меңзерді А1 ұяшығына орналастыру;
• пернетақтаны орыс қарпіне ауыстыру;
• «Б‰гін» сөзін теріп, сонымен қатар енгізу және өңдеу жо-
лының өзгерісін бақылау;
• Enter батырмасына басу;
• меңзердің В1 ұяшығына орналастыру;
• тышқанның меңзерін енгізу жолына әкеліп, тышқанның
сол жақ батырмасын бір рет шерту;
• енгізу жолында пайда болған f батырмасын басып,
«Функция шеберін» іске қосу;
• пайда болған Функция категориясы терезесінде «К‰н мен
уақыт» пішімін тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту
арқылы таңдау;
• тышқанның меңзерін Функцияның аты терезесіне ауыс-
тыру;
• тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шерту арқылы
«Б‰гін» функциясының атын таңдау;
18
• жаңа ашылған терезеден тышқанның сол жақ батырмасын
шерту арқылы «Аяқтау» батырмасын шерту;
• меңзерді С1 ұяшығына орналастырып, «дейін» сөзін теру;
• меңзерді 01 ұяшығына орналастырып, 31.12.06 уақытын
теру;
• меңзерді Е1 ұяшығына орналастырып, «қалғаны» сөзін
теру;
• меңзерді F1 ұяшығына орналастыру;
• тышқанның меңзерін енгізу және өңдеу қатарына орна-
ластырып, тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
• жоғарыда айтылып кеткендей, Функцияның аты терезе-
сінде Функция шеберін іске қосып, «360 к‰н» жолында тыш-
қанның сол жақ батырмасын екі рет шерту; Пернетақтаның тілін
латын қарпіне ауыстыру;
• ашылған терезеде бастапқы уақыт ретінде В1 ұяшығын,
соңғы уақыт ретінде D1 ұяшығын көрсету;
• «Аяқтау» батырмасын шерту;
• пернетақтаның тілін орыс қарпіне ауыстыру;
• меңзерді G1 ұяшығына орналастырып, «к‰ндер» сөзін теру;
• Enter пернесін басу.
Сурет
Осы әрекеттерді орындағаннан кейін электрондық кестенің
суреттегідей фрагменті пайда болады.
Результаты выполнения Задания 5
19
1-ескерту. Ұяшыққа жаңадан енгізілген немесе өңделген
мәліметті қабылдамауға да болады. Ол ‰шін енгізу мен өңдеу
қатарының ортаңғы бөлігінде пайда болған «x» батырмасын
шерту керек.
2-ескерту. Ұяшыққа мәліметті енгізу мен оны өңдеуді ‰ш тә-
сілмен ж‰зеге асыруға болады:
1. Пернетақтадағы Enter пернесін басу арқылы;
2. Меңзерді басқа ұяшыққа енгізу арқылы;
3. Енгізу мен өңдеу қатарының ортаңғы бөлігінде пайда бо-
латын (V) батырмасын тышқанның сол жақ батырмасымен шер-
ту арқылы.
6-тапсырма. D 1 ұяшығындағы 31.12.05 к‰нін 31.12.06 к‰ніне
ауыстыру
1-тәсіл
• меңзерді D 1ұяшығына орналастыру: Е11;
• F2 көмек беру пернесін шерту;
• өңдеуді ұяшықта меңзерді экрандағы басқару пернелері
арқылы орындау: Backspace, Delete;
• жоғарыда келтірілген ‰ш тәсілдің бірін қолданып, өңдеуді
аяқтау.
2- тәсіл
• меңзерді D1 ұяшығына орналастыру;
• меңзерді енгізу мен өңдеу қатарына әкеліп, тышқанның
сол жақ батырмасына шерту;
• өңдеуді енгізу және өңдеу қатарында ж‰зеге асыру;
• өңдеуді жоғарыда келтірілген ‰ш тәсілдің біреуі арқылы
аяқтау.
1.8. Логикалық функциялар
Сандық электроника мен есептеу техникасының матема-
тикалық негізі логикалық алгебра және Булева алгебрасы болып
табылады (ағылшын математигі Джон Буле).
Булева алгебрасында тәуелсіз айнымалылар мен аргументтер
(X) екі ғана мәнді қабылдайды: 0 және 1. Тәуелді айнымалылар
мен функцияларда (Y) екі мәннің біреуін ғана қабылдай алады:
0 немесе 1.
20
Алгебралық логиканың функциясы (АЛФ):
Y=F(x1, x2, x3, …xn)
т‰рінде беріледі. Келтірілген АЛФ тапсырмасының т‰рі
алгебралық деп аталады.
Негізгі логикалық функциялар:
— логикалық терістеу (инверсия):
Y = X
— логикалық қосынды (дизъюнкция):
Y = X1+X2 немесе Y = X1V X2
— логикалық көбейтінді (коньюнкция):
Y = X1*X2 немесе Y = X1 Λ X2
Алгебра логикасының к‰рделірек функцияларына:
— ұқсастық функциясы (эквивалент):
Y = X1*X2+X1*X2 Y = X1~X2
— ұқсас емес функциясы:
Y = X1*X2+X1X2 Y = X1+X2
— Пирс функциясы (терістелген логикалық қосынды):
Y = X1+X2
— Шеффер функциясы (терістелген логикалық көбейтінді):
Y = X1*X2
21
Булева алгебрасына келесі заңдылықтар мен ережелер тән:
— бөлу заңы:
X1(X2+X3) = X1*X2 + X1*X3
X1+X2*X3 = (X1 + X2)(X1 + X3)
— қайталану заңы:
X*X = X, X+X = X
— терістеу заңы:
X*X = 0, X+X = 1
— де Морган теоремасы:
X+X = X*X, X*X = X1+X2
— тепе-теңдік:
X*1 = X, X+0 = X, X*0 = 0, X+1 = 1.
1.9. Электрондық кестелерді біріктіру және байланыстыру
‡ш өлшемді құжаттар (блокноттар, бумалар) — Excel бағдар-
ламасының ең ‰лкен жаңалығы, өйткені олар арқылы кестенің жұ-
мысын жылдамдатуға және жұмыс беттерін басқаруға болады.
Жаңа Excel-де бір файлда: жұмыс құжаттары 255 кестеден,
диаграммалардан және VBA бағдарламаларынан тұрады. Бір
жұмыс блокнотында барлық іскер ақпараттарды орналастыруға
болады. Бұл, әсіресе кестедегі мәліметтерді байланыстырған
кезде көрінеді. Бір құжаттағы кестелердегі ақпараттарды байла-
ныстырғанда басқа құжат ашылмайды, өйткені олар бір файлда
тұрады. Жаңа технология мәліметтерді талдауды жеңілдетеді.
Бірнеше кестеде орналасқан мәліметтерді талдау ‰шін Excel-де
тек бір файлды ғана ашу керек.
22
1.10. Электрондық кестеде мәліметтерді нығайту
Мәліметтермен алмасу Excel-ді пайдаланушыға өзінің кесте-
лерін, объектілерін басқа қолданбалы бағдарламалардан им-
порттауға және басқа объектілерге құру ‰шін кестелерді экспорт-
тауға м‰мкіндік береді.
Мəліметтермен алмасу концепциясы, Windows ортасында
негізгі концепциялардың бірі болып табылады. Әрт‰рлі қол-
данбалы бағдарламалармен өңделетін объектілердің арасында
ақпараттық байланыс туады, кестелер мен тақырыптар арасын
мысал ретінде алуға болады. Бұл ақпараттық байланыстар
динамикалық т‰рде ж‰зеге асырылған, мысалы мәтінге құрыл-
ған кестенің т‰пнұсқасына өзгерістер енгізілсе, көшірмесі әр-
дайым жаңарып отырады.
Мəліметтермен алмасу механизмін қолданбалы бағдарлама-
лардың барлығы қолдамайды, бірақ Excel бағдарламасы озуда.
Excel бағдарламасы
мəліметтермен алмасу ішіндегі OLE 2.0
(Object Linking and Embedding) деп аталатын жаңа стандартты
ұстанады.
Excel-де суреттерді импорттау
Ұяшықтың нұсқағышын жұмыс бетінің сол жағындағы жоғарғы
бос орынға орналастырып, Insert менюіндегі Object диалогты те-
резесін шақыру керек. Excel бағдарламасы кестеге қосуға бола-
тын және ж‰йедегі тиісті бағдарламалық өңдеулері бар объект
тізімін береді. Бұл тізімнің мазмұны Windows ж‰йесінде орна-
тылған бағдарламалардың жинағына тәуелді. Тізімнен Paint-
brush Picture объектісін таңдап, ОК командалық батырмасына
шерту керек.
Одан соң, Edit менюінің ішіндегі Paste from нұсқауының кө-
мегімен сурет салуға немесе дайын сурет алуға болатын Paint-
brush графикалық редакторы ашылады. Осы нұсқаудың диалог-
ты терезесінен керекті суреті бар файлды таңдап, редактордың
терезесіне ж‰ктеу керек. Содан соң, графикалық редактордан
Excel бағдарламасына оралу ‰шін File менюіндегі Exit & Return
нұсқауын шақыру керек.
Шығар алдында редактор осы суретпен динамикалық бай-
ланысты құруға болатындығын сұрайды. Бұл жерде Yes батыр-
масын басу керек. Сол кезде жұмыс бетіндегі сурет пен графи-
23
калық редактордың арасында динамикалық байланыс (OLE
стандартында) пайда болады. Сурет жұмыс бетінде көрсетілген
орында кестенің жанында пайда болады.
Жұмыс бетінде суреттерді өңдеу
Сурет орналасқан жақтаудың ішінде тышқанның сол жақ
батырмасын екі рет шерту. Содан соң, бұл суретпен ақпараттық
байланыс орнатылғандықтан автоматты т‰рде Paintbrush графи-
калық редакторы іске қосылады.
Енді графикалық редактордан берілетін құралдарды пайда-
ланып, суретке өзгерістерді енгізуге болады. Соңында графи-
калық редактордан шығып, Excel бағдарламасына оралу ‰шін
File менюіндегі Exit & Return нұсқауын шақыру қажет. Шығу
алдында редактор тағы да ақпаратты сақтауды ұсынады. Бұл
жерде де Yes деген жауапты таңдау қажет. Содан кейін, басқару
Excel бағдарламасына оралады және өзгертілген сурет өзінің
орнында пайда болады.
Мәтінге кестені қосу
Excel бағдарламасын іске қосып, керек мәліметтер орна-
ласқан кестені маркілеу. Содан соң, негізгі тақтадағы 5-ші пик-
тограмманы шерту. Excel бағдарламасы кестені Windows орта-
сындағы аралық сақтау буферіне көшіреді.
Excel бағдарламасындағы жұмысты аяқтап, құжаттармен
бірге WinWord мәтіндік редакторын шақыру. Мәтіннің кесте
қоятын орнына тышқанды шерту. Содан соң, редактордың не-
гізгі пиктографикалық тақтасында буферден қою пиктограмма-
сының ‰стінен шерту (Word редакторында — 6-шы пиктограм-
ма, Excel-де — 9-шы). Содан соң, кесте мәтіндік құжатқа
қойылады.
1.11. Мəліметтерді сұрыптау, тізімдерді с‰згілеу: автос‰згі
Data менюінен filter ішкі менюін ашып, Autofilter опциясын
қосу. Кестеде өрістердің атының жанына сызығы бар кішкентай
пиктограммалар пайда болады. Осы сызықшалардың біреуін
сырт еткізсек, экран бетінде берілген өрістің мағыналық тізімі
бар меню пайда болады.
Осы тізімнен бір мәнін таңдау керек. Тізімде берілген өрістің
мәні мен таңдап алынған мәнмен сәйкес келетін элементтер
24
қалады. Бұдан басқа, сызықшасы бар пиктограмма мен тізім
элементтері басқа т‰спен белгіленіп тұрады. Осы белгіге қарап,
тізімнің көрсетілген өріс бойынша с‰згіленгенін анықтауға
болады. Сол жақта жолдың нөмірі бар бағанда бастапқы тізімде
болған элемент нөмірлері көрінеді.
Егер бастапқы толық тізімге оралу керек болса, с‰згі өткен
өрістің мәндік тізімінен ALL опциясын таңдау керек.
Тізімдерді сұрыптау
Data менюінен Sort нұсқауын шақыру. Осы нұсқаудың
диалогты терезесі ашылады. Осы терезенің Sort by өрісінің
тобында сұрыптау белгісін көрсету қажет. Бағдарлама ‰нсіз ке-
лісім бойынша бірінші өрістен белгі ретінде бір мәнін ұсынады.
Келесі өрістерде өткен өрістегі бірдей мағынасы бар элементтері
сұрыпталатын мәндерді қосымша ретінде нұсқауға болады.
Әр өрістің жанында орналасқан Ascending және Descending
екі селектор батырмалары не арту, не кему тізбегі бойынша
сұрыптау ж‰ргізуге рұқсат береді. ОК командалық батырмасын
басса, Excel бағдарламасы көрсетілген нұсқауларға сәйкес ті-
зімнің сұрыптауын ж‰ргізеді.
1.12. К‰рделі с‰згілеу, кеңейтілген с‰згі
Тізімнің с‰згісі ж‰ргізілетін өрісін (бағанды) таңдау керек.
Таңдалған бағанда автос‰згінің ‰стінен сырт еткізсе, экранда
берілген өрістің мәндік тізімі бар менюі пайда болады. Осы
менюдан Custom нұсқауын шақырып, содан соң екі белгі
бойынша с‰згіні ж‰ргізуге болатын, Custom AutoFilter диалогты
терезесі пайда болады. Бірінші енгізу өрісінің сол жағында
орналасқан сызықшасы бар пиктограмманың ‰стінен сырт еткіз-
се, өзіне алты логикалық операторларды («тең», «кіші», «‰лкен»
және т.б.) қосатын меню ашылады. Осы менюден керекті
логикалық операцияны таңдау керек, мысалы «‰лкен немесе
тең» (>=). Бірінші енгізу өрісінен кейбір санды көрсетіп немесе
оң жақта орналасқан менюден таңдау қажет. Мысалы, 20 саны
енгізілсе, онда оң жақ өрісте с‰згілеудің бірінші шарты жа-
зылуы >= 20 болады.
Екінші енгізу өрісі ‰шін осы шартты қайталау. Мысалы, <=50
шарты берілген болсын. Егер екі шарт орындалсын, And селек-
25
тор батырмасын немесе бір ғана шартты орындау жеткілікті, Or
батырмасын қосу қажет. ‡нсіз келісім бойынша бірінші ба-
тырма қосылады. ОК командалық батырмасын басса, кестеде
тек құрастырылған логикалық шартты қанағаттандыратын эле-
менттер пайда болады. Берілген мысалда, егер And батырмасын
қосылған к‰йде қалдырса, экранда көрсетілген өрістің мәні 20-
50 диапазонында орналасқан тізім элементі ғана қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |