Lego mindstorms ev3 конструкторы



Дата19.09.2023
өлшемі4,11 Mb.
#108463
Байланысты:
12-дәріс

LEGO Mindstorms EV3 конструкторы

Ермекова Н.С.

Жоспар:


Әлемге ең танымал ойыншық Lego конструкторы Данияның Биллунд аймағында пайда болған. Бір қызығы Дания мемлекеті әлемге аты әйгілі балалар ертегісінің патшасы Христиан Андерсеннің туған жері. Биллунд қалашығында 1932 жылы шебер Оле Кирк Кристиансен алғаш рет ағаштан ойыншық жасап, Lego конструкторын ойлап тапты. Ойыншық авторы өз зауытында үй шаруасына қажетті үтіктеуге арналған тақта, орындық, үстел жасаған. 
1934 жылы зауытқа ең үздік атау табу үшін сайыс ұйымдастырып, соңында өзі ойлап тапқан «LEg Godt» (ойнаған жақсы) атауы таңдалады. Кристиансен кішкентай зауытын дамытып компанияға айналдырды. Өнертапқыш иесінің ұлы Готфрид шеберханада қарапайым жұмысшы болып, ағаш ойыншықтарын өндіру мен модельдеуге бар өмірін арнаған.
1949 жылы Lego төрт және сегіз шаршы ойыншықты байланыстыратын «тетігі» арқылы автоматты түрде қосылатын «кесек» құралын жасады.
1954 жылы мұндай шаршы ойыншықтар «Lego кубиктері» деп атала бастады.
Сұранысқа түскен Lego құрастырмалы ойыншықтар 1958 жылы кәсіби өндіріс орындарынан шығарылып, паттенттелді.
Ойлауды дамытатын құралдарды 1960 жылы мектепте түрлі пәнді оқытуға қолданған.
Кейін Lego компаниясы аймақтың білім беру мамандарымен бірігіп, 1989 жылы «LEGO Dacta» атауымен білім реформасына енді. Сол уақыттан бастап компания жыл сайын құрылысы күрделі, көп бөлшектен тұратын конструктор элементтерін жасап шығара бастады
Жыл сайын сатылымға шығатын «Lego» белгісі 1998 жылы тұрақты әрі қарапайым логотип түрінде жарияланды.
2011 жылы компания әлемнің маңызды 15 аймағындағы 48 000 адам қатысқан сауалнама нәтижесінде сенім артуға болатын компаниялар ішінде 5-орынды иеленген.
Бренд бүгінде тек ойыншық қана емес, фильмдер, сайыстар, ойыншық элементтері бар көңіл көтеретін саябақтар салумен айналысады.
Жақында ғана Лондонда ашылған әлемдегі ең үлкен Lego дүкені жыл сайын компанияның жанданып келе жатқанының көрсеткіші.
Lego штатында 18,5 мың қызметкер жұмыспен қамтамасыз етілген.

Lego-ның шығарылым түрлері


LEGO Mindstorms
LEGO Education WeDo
LEGO Education Early Learning 
«Lego System» 

LEGO Mindstorms


LEGO Mindstorms бағдарламаланатын роботтарға қолданатын құрастырғыш құрылғы. Ол алғаш рет 1998 жылы көрсетілімге шықты.
LEGO Mindstorms-тың тек үш түрі бар. 1998 жылы LEGO Mindstorms RCX0, 2006 жылы NXT 2.0 және 2013 жылы EV3 түрі шығарылған.
Бұл роботтар орта мектепте физика, информатика, математика сабақтарында пайдаланылады. Баланың ойлау қабілеті тез даму үшін LEGO NXT Кембридждің зертханасында қолданылады.

LEGO Education WeDo

  • LEGO Education WeDo конструкторы 7 жастан асқан баланың ой-өрісін жетілдіруге арналған құрастырғыш құрылғы. Сауда нарығына 2011 жылы шықты. Қарапайым робот механизмінің жұмыс жасау процесін үйрету үшін қолданылады.

LEGO Education Early Learning

  • LEGO Education Early Learning конструкторы 1,5 жасар балаларға арналған. Негізгі құрастырмалы құрылғылар «Отбасы және жанұя», «Жануарлар», «Құрылыс», «Көлік» тақырыптарын қамтыған.

«Lego System»

  • Танымал серияның бірі «Lego System» деген атпен «Қала», «Сарай», «Ғарыш», «Қарақшылар», «Гарри Поттер» және «Жұлдыздар шайқасы» түрлері аса танымал. Сондай-ақ, кішкентай балалар арасында «Дупло», ал бүлдіршіндер үшін «Примо» деп аталатын сериялары үлкен сұранысқа ие. «Знэп», «Technic» түрлері роботсүйер жандарға арналған.

Lego Education оқытудың негізгі 4 бағдарын ұстанады:


«Шынайы өмірмен байланыс»,
«Жоба жасау»,
«Бірге талқылау»,
«Тұрақты даму».

LEGO Mindstorms конструкторлары

Цветосортировщик

Щенок

Гиробой

Роборука

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет