Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету пәні бойынша тест сұрақтары. Аккумулятор батареясы түрлендіреді


Амортизатордың атқаратын қызметі қандай?



бет8/11
Дата25.12.2022
өлшемі24,09 Kb.
#59470
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
68. Амортизатордың атқаратын қызметі қандай?
а) қаңқаның беріктігін төмендету; в) қаңқаның беріктігін жоғарылату;
с) тербелістерді басу; д) жүріс бөлігін бекіту; е) қаңқаға күштің әсерін жеткізу.
69. Газ тарату механизмінің атқаратын қызметі қандай?
а) жылу энергиясын механикалық энергияға айналдырады;
в) ауа немесе жанғыш қоспаны керек мезетте цилиндрлерге енгізіп, пайдаланылған газдарды
шығарады;
с) цилиндрлердегі тактілердің өту тәртібін қамтамасыз етеді;
д) клапандарды уақытында ашып тұру;
е) цилиндрлердегі жұмыс циклының өту тәртібін қамтамасыз етеді.
70. Күн сайынғы техникалық қызмет көрсетудің жүргізілуі?
а) техникалық қызмет көрсету №2- ден кейін;
в) жұмыс уақыты басталар алдында;
с) техникалық қызмет көрсету №3- ден кейін;
д) жұмыстың аяғында;
е) жұмыс уақыты басталар алдында және жұмыс уақытында.
71. ГАЗ- 53А автомобильінде қозғалтқыштың қай түрі орнатылады?
а) ЯМЗ- 240 в) Д- 240 с) ЗМЗ-53 д) А- 41 е) Д- 144
72. Автомобильдер қолданылуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
а) жүк, жолаушы және арнаулы;
в) жүк, жеңіл және арнаулы;
с) жеңіл;
д) жүк және арнаулы;
е) арнаулы.
73. Автомобильдің ток көзі?
а) катушка;
в) контактылы реле- реттеуіш;
с) шоғырлағыш батареяда;
д) генератор және аккумулятор;
е) аккумуляторда.


74. Автомобильдің электр жабдықтары жүйесінде аккумулятор батареясының қай түрі
қолданылады?
а) сілтілі; в) қышқылды- қорғасынды; с) күкірт қышқылды; д) темір, никельді;
е) қорғасынды сілтілі.
75. Автомобиль аспасында серіппегіштің рамаға соғылмауы үшін қандай жабдық болады?
а) резеңке; в) басқарушы тартпа; с) синхронизатор; д) резеңкелі буфер;
е) амортизаторлар - бәсеңдеткіштер.
76. Автомобильдер қандай уақытта жарамды деп саналады?
а) жөндеу талап етілмесе; в) отын шығысы нормаларға сәйкес келсе;
с) майдың төменгі шығысы болса;
д) нормативтік- техникалық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келсе;
е) пайдалануға жарамды болса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет