Инфекцияның кіру қақпасы – мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары. 10-15% жағдайларда менингококктың мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабықтарына түсуі қабынуға алып келген (назофарингит, катаралдық тонзиллит). Шырышты қабықтардың жергілікті қорғаныс барьерінен өткен жағдайда қоздырғыш қанға түседі. Бактериемия транзиторлы немесе ұзақ болуы мүмкін. Қанның бактрицидтік әсерінен менингококтар көптеп жойылады да, эндотоксиндер шығып, эндотоксинемия дамиды. Кейде ішкі ағзалар, қан тамырларының қабырғалары, ми қабықшалары зақымдалып, септикопиемия түрінде өтеді.
Организмде қоздырғыштың негізгі таралу жолы – гематогенді, сирек – торлы сүйек арқылы. Менингококтардың субарахноидальды кеңістікке өтуі мен қоздырғыштардың көбеюі нәтижесінде жұмсақ ми қабықшаларында алғашында серозды-іріңді, сосын іріңді қабыну дамиды. Қабыну үрдісі көбінесе үлкен жарты шар беткейінде және бас миы негізінде орналасады, кейде жұлынға да таралады. Патологиялық процесс ми қарыншаларының эпендимасына да таралса, іріңді эпендиматит дамиды. Ауыр жағдайларда қабыну үрдісі ми затын қамтиды, тамырлардың инъекциясы мен кеңеюі, ұсақ қан құйылулар, қабыну фокустары, жұп нервтердің қабынулары байқалады.

Клиникасы
Инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады. Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін ажыратады: