Этиотропты терапия тоқтаған соң, 3 тәуліктен кейін бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Бөлмеге дымқыл тазарту жұмысы жүргізіліп, дезинфекциялаушы ерітінділер пайдаланылады, ыдыстар мен ойыншықтарды қайнату керек. Ошақта науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар 10 күнге бақылауға алынады. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрімен ауырып, жазылғандар невропатолог-дәрігерде 2-3 жылдай диспансерлік бақылауда болады.
Қорытынды
Менингококк инфекциясы – мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабығының зақымдануы түріндегі типтік клиникалық көрінісі бар жұқпалы ауру. Бұл ауру спецификалық септицемияға және іріңді лептоменингитке әкелетін процестің таралуымен сипатталады. Менингококк инфекциясы жер шарының барлық елдеріне тарады, онда спорадикалық жағдайлар да, эпидемиялық ошақтар да байқалады, эпидемиялар да бар.