Факультет: Жалпы медицина
Топ: 202-А
Орындаған: Құралбаева Д.
Тексерген: Ермекбаева Ф.Н
Жоспар
І. Кіріспе
Менингококкты инфекция ауруы.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Аурудың эпидемиологиясы, этиологиясы, клиникалық көрінісі мен патогенезі.
б) Инфекцияның диагностикасы, профилактикасы және емі.
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізім
1. Менингококты инфекция -
менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен (менингококкемиямен) сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды – бактериятасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел жұқпалы ауру. Ми менингитінің алғашқы клиникалық көрінісі XVII ғасырда жазылған болатын
Эпидемиялық ми менингитін дербес ауру тәрізді 1887 жылы Weichselbaum анықтап, қоздырғышты сипаттап жазған. 1899 жылы В.Ослер ауру қоздырғышын қанда да тапқандықтан, бұл аурудың патогенезіне қатысты көп сұрақтар айқындалды. Ең маңыздысы – менингококты инфекцияның жалғыз көрінісі менингит қана емес екендігі белгілі болды. 1962 жылдан бастап кейбір елдерде, соның ішінде ССРО-да аурудың едәуір өрістеуі тіркелген. Содан кейін (1975-1979 ж.) бұл аурудың кейбір төмендеуі байқалған, көбінесе бұрынғы одақтық республикаларда (Украина, Белоруссия, Ресей, Молдавия, Прибалтика). 1965 жылы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының 8-ші қайта қарауында аурудың Халықаралық жіктелуіне «менингококкты инфекция» атты жаңа ауру атауы енгізілді.