Этиотропты ем (негізгі) барлық науқастарға міндетті түрде жүргізіледі. Таңдаулы препараттары: Пенициллин (300-500 мг ЕД(кг/тәул) 4-8 күн ішінде. Ампициллин (200/300 мг/кг тәуг) Левомицетин (50-100 мг/кг тәул);
Роцефин (50 мг/кг тәулігіне бірақ 4 таблеткадан көп емес 10 күн ішінде) және басқа антибиотиктер монотерапия түрінде.
Ерте басталған және адекватты терапия науқастың өмірін сақтауға мүмкіндік бермек. Аурудың жедел кезеңінде этиотроптық және патогенетикалық емдерді қоса отырып, комплексті терапияны жүргізеді. Этиотропты терапияның негізгі препараты -бензилпенициллин, оны тәулігіне науқастың дене массасының 1 кг-на 200-300 мың бірліктен есептеп тағайындайды. Препаратты 4 сағат аралығымен бұлшықет ішіне енгізеді. Бір мезгілде кофеин бензоат натрийді (1 реттік дозада 4-5 мг/кг), лазикс (15-20 мг/кг), натрий хлориді мен глюкозаның (15-20 мл/кг) ерітінділерін белгілеу тиімді болып саналады. Бұл препараттарды 8 сағат аралығымен күре тамырға енгізеді. Терапияның ұзақтығы 6-7 тәулік. Емдеу барысында пенициллиннің тәуліктік мөлшерін төмендету, сондай-ақ көрсетілген патогенетикалық емді қайта-қайта ауыстыру жарамайды.
Левомицетин-сукцинатты 1,0-1,5 г күре тамырға немесе бұлшықет ішіне 8 сағат сайын, рифампицинді пероральды 0,6 г-нан 8 сағат сайын қолданады. Менингококты инфекцияның жайылмалы түрлерінде таңдаулы антибиотиктерге бензилпенициллин, ампициллин, цефотаксим, цефтриаксон, цефтазидим сияқты препараттар жататын болса, ал альтернативті топқа рифампицин, левомицетин, меропенем қарастырылады.
Күре тамырдың қысымы бірден түсіп кеткен жағдайда қосымша күре тамырға 1 мл 1% мезатон ерітіндісі, 500 мл изотоникалық натрий хлорид ерітіндісі енгізіледі. Ауыр түрдегі науқастарға кең спектрлі этиотропты препараттарды (цефалоспориндер, фторхинолондар, аминогликозидтер және т.б.) тағайындайды. Пенициллинді тәулігіне 32-40 млн. бірлікте қолдану керек. Токсикалық-инфекциялық шок дамығанда немесе ми ісігінде қанда едәуір гипопротеинемия байқалса, 1-ші тәулікте күретамырға альбумин (20%, 10%, 5%) ерітіндісін енгізу керек.