Аяқ сүйектері (ossa membri inferioris)



бет4/6
Дата11.02.2022
өлшемі19,15 Kb.
#25277
1   2   3   4   5   6
Тізе тобығы (patella) тізе буынының алдынан өтетін төртбасты сан бұлшықеті сіңірінің қабатында дамитын, жалпақ, қалың дән тәрізді сүйектерге жатады.

Оның жоғарғы кең ұшы негізі (basis patellae) және төменгі сүйріленген ұшы (apex patellae). Артқы бетінде ортан жіліктің тобықтық бетімен жанасатын (facies patellaeris)  тегіс буындық беті (facies articularis) бар, алдыңғы беті бұдырлы.




Асықты жілік (tibia)  – денесі мен екі эпифиздерден тұрады. Денесі үшқырлы, оның үш бетін: медиалды, латералды, артқы және оларды бөліп тұрған үш жиегін: алдыңғы, медиалды, сүйекаралық жиектерін ажыратады. Асықты жіліктің тікелей терінің астында орналасқан, сондықтан жиі жарақаттанатын ішкі беті мен алдыңғы жиегінен басқа бөліктері бұлшықеттер астында жатады.

Асықты жіліктің алдыңғы жиегі жоғарғы эпифиз астында көлемі ауқымды бұдырмаққа (tuberositas tibia) айналады. Ол тізе тобығы байламының бекитін орны. Асықты жіліктің проксималды ұшы жуандап, үстінде буындық беттері бар медиалды және латералды айдаршықтарға (condulus medialis et lateralis) бөлінеді. Ол сәйкес ортанжілік айдаршықтарымен буындасады. Буын беттері арасының алды мен артында айдаршықаралық алаң (area), ал оның ортасына таман латералды және медиалды айдаршықаралық төмпешіктерден тұратын айдаршықаралық томпақты (eminentia intercondularis) көруге болады. Бұлар өте жақсы жетілген буынішілік менискілер мен байламдардың бекитін орны. Латералды айдаршықтың сыртқы бетінде шыбық сүйек басымен буындасатын кішігірім буындық алаң бар. Асықты жіліктің дисталды эпифизі, медиалды, тікелеій төменгі буын бетіне жалғасатын латералды буын беті бар медиалды толарсақпен (malleolus medialis) аяқталады. Екі буын беті де төменінде аяқ басы сүйектерімен қосылуға бейімделген. Дисталды эпифиздің бүйір бетінде төменгі буын бетінің нақты төменгі жиегінде шыбық сүйепен қосылатын шықыб сүйектік тілік (incisura fibularis) анықталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет