Аяқ сүйектері (ossa membri inferioris)


Қасаға сүйек (os pubis) –



бет3/6
Дата11.02.2022
өлшемі19,15 Kb.
#25277
1   2   3   4   5   6
Қасаға сүйек (os pubis) – ұршық ойысының алдыңғы бөлігі түзетін денесіне және бір-бірімен бұрыштасып қосылатын, үстінде латералды бағытта қырға жалғасатын қасаға төмпешігі (tuberculum pubicum), ал астында жапқыш жүлгесі бар жоғарғы және жапқыш тесікті тұйықтайтын төменгі тармақтарын ажыратады. Қасаға және мықын сүйектері денелерінің бітіскен орнында мықын-қасаға томпағы (emenentia iliopubica) түзіледі. Қасаға сүйек медиалды жағынан симфиздік беті арқылы қарама-қарсы аттас сүйекпен қосылады.

Шонданай сүйек (os ischii) – ұршық ойысының басты бөлігін құрайтын денесінен жәнеалдынан қасаға сүйекпен қосылатын тармағынан тұрады. Шонданай сүйектің артқы жиегінен жоғарғы үлкен шонданай тілігін (incisura ischiadica major) төменгі кіші шонданай тілігінен (incisura ischiadica minor) бөліп тұрған шонданай қылқанын (spina ischiadica) көруге болады. Шонданай сүйек тармағының артқы төменгі бөлігінде бұдырмалы жуан шонданай төмпесі (tuber ischiadicum) орналасады.


Ортан жілік (femor)  түтікті сүйектердің ең жуаны және үлкені. Ортан жіліктің екі ұшы (эпифиз) мен денесін ажыратады. Проксималды ұшы ортасына таман ортан жілік басы байламы бекитін кішкене шұңқыршасы бар (fovea capitis femoris) дөңгелек жұмырланған басымен (caput femoris) бітеді. Жілік басы сүйектің қалған бөлігінен мойны (collum femoris) арқылы қосылады. Мойынның ортан жіліктің денесіне ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын төмпелерді көруге болады. Үлкен ұршық (trochanter major) ортан жіліктің жоғарыда аяқталған жері, ал мойынның төменгі жиегінің медиалды жағынан шамалап артқа қарай бұрылған кіші ұршық (trochanter minor) анықталады. Үлкен ұршықтың мойынға қараған медиалды бетінде бұлшықеттер мен байламдар бекитін ұршықтық шұңқыр (fossa trochanterica) орналасқан. Ортан жіліктің денесі алға қарай шамалы иілген дұрыс емес цилиндр тәрізді. Дененің артқы бетінде екі сызықша леатералды және медиалды ернеуден (labium laterale et mediale) тұратын, сан бұлшықеттері бекитін бұдырлы сызық (linea aspera) орналасқан. Ол жоғарында бір-бірінен ажырап, латералды ернеу бөкселік бұдырмақпен (tuberositas glutea), ал медиалды ернеу қырлы сызықпен (linea pectinea) аяқталады, төмендегі айырығы жіліктің артқы бетінде тегіс үшбұрышты тақымдық алаңды (facies poplitea) шектейді.

Ортан жіліктің төменгі ұшы (дисталды эпифиз) осындай буын беттері бар асықты жілікпен буындасатын медиалды және латералды айдаршықтардын (condulus medialis et lateralis) түзілген. Әр айдаршықтың бүйір беттерінде, жоғарылау, бұдырлы медиалды және латералды айдаршықүстілер (epicondulus medialis et lateralis) орналасқан. Айдаршықтардың буын беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып, тізені бүккенде тізе тобығымен (patella) жанасатын тізе тобықтық бетке (facies patellaris) айналады, ал айдаршықтардың екі аралығын айдаршықаралық шұңқыр (fossa intercondularis) деп атайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет