Аяқ сүйектері (ossa membri inferioris)



бет2/6
Дата11.02.2022
өлшемі19,15 Kb.
#25277
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аяқ сүйектері

Мықын сүйек (os ilium)  ашылған желпуіш тәрізді, оның ішкі беті доға тәрізді сызықпен ұршық ойысына жанасып жатқан кішілеу, қалың денесіне және жоғарғы кең бөлігі қанатына бөлінеді. Мықын сүйек қанаты (ala ossis ilii) алдында сәйкес бұлшықет жататын мықындық шұңқыры (fossa iliaca) бар ішкі бетінен және өне бойында бөкселік бұлшықеттер жататын сыртқы бөкселік бетінен тұрады. Бөкселік бұлшықеттер бекитін алдыңғы, артқы және төменгі сызықтарды ажыратады. Қанаттың жоғарғы жиегі қалыңдап мықын сүйектің қырымен (crista iliaca) аяқталады. Қыры сыртқы, ішкі аралық ернеулерден түзілген. Қанат қыры алдынан – алдыңғы жоғарғы, алдыңғы төменгі қалқандармен (spina iliaca anterior superior et inferior), ал артынан – артқы жоғарғы, артқы төменгі қылқандармен  (spina iliaca posterior superior et inferior) тұйықталады.

Артқы төменгі қалқанның астында шонданай сүйегінде шонданайдың үлкен тілігі (incisura ischiadica major) орналасады. Қанаттың ішкі бетінде мықын шұңқырынан төмен және артында құлақ тәрізді бет (facies auricularis) жатады, ал оның артында және жоғары сегізкөһздің сәйкес түзілісімен қосылатын мықын бұдырмағы (tuberositas iliaca) орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет