Иммундық реттелудің гендік кемістігінен дамитын, өз тіндеріне қарсы антиденелердің тоқтаусыз түзілуі арқылы аутоиммунды және иммунокомплексті қабынумен жүретін созылмалы полисиндромды ауру.
Әр түрлі дәрі-дәрмектер (гидролизин,антибиотиктер, сульфаниламидтер, вакциналар, сарысулар), инфекциялық факторлар (стрептококк, вирусты инфекция) және сыртқы тітіркендіргіш әсерлерінен (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, радиация, суық тию) пайда болады. Ауру тұқым қуалайды. Организмге түскен ошақты созылмалы инфекциялар орталығы және шеткі жүйке мен эндокриндік жүйелердің жұмысының бұзылуына, аурудың асқынуына жол ашады.
Жедел
Жедел эритематоз
Созылмалы
Созылмалы тыртықталған эритематоз
Алғашқысында тері ғана емес, сонымен қатар ішкі органдар да зақымданады. Қызыл жегі адам денесінің кез келген жерінде (ауыз қуысында, ерінде, кеудеде, шаш арасында, т.б.) пайда болуы мүмкін. Ең жиі кездесетін жері беттің шығыңқы бөлігі.
Клиникалық көрінісі
Ауру үдемелі ағыммен жүреді. Жедел ағымды ауруда дене қызуы бірнеше күн ішінде жоғары көтеріліп, гектикалық түрмен сипатталады. Сонымен бірге тоңу, қалтырау, ағып терлеу шығады. Бала арықтап кетеді, тіпті кахексия дамиды, қанда едәуір өзгерістер табылады, ағзалар мен жүйелер жұмысының сан-алуан және ретсіз бұзылыстары басталады. Аурулардың көбінде тері бұзылыстары айқын: теріде ісіну, инфильтрация, гиперкератозбен білінетін эритема. Күлдіреуікке, некротикалық жараға ауысып, кейін орнында беткейлік атрофиялық із немесе ұялы пигментация қалдыруы мүмкін. Теріде аллергиялық көріністер байқалады: мәрмәр тәріздес түс, бөртпе, қан тамырларының бұзылыстары, саусақтар мен алақанда капилляриттер.