Көптеген жүрек-қан тамырларының аурулары жүректің қалыпты ырғағының бұзылыстарымен қабаттасады. Әсіресе бұл бұзылыстар коронарлық қанайналым жеткіліксіздігінде, миокардтың инфарктында жиі кездеседі. Жүрек аритмиялары адамның кенеттен өлуінің себептері болуы мүмкін.
Жүрек аритмиялары жүректің автоматизмдік, қозғыштық және өткізгіштік қасиеттерінің бұзылыстарынан дамиды.
Тітіркену оң жақ жүрекшеден синустық жүрекше түйінінен жүрекше-қарынша түйініне, ал одан жүекше-қарынша будасы арқылы екі қарыншаға беріледі.
Синустық-жүрекшелік торапта пайда болатын ырғақты номотоптық ырғақ, ал өткізгіш жүйесінің төменгі бөліктерінде пайда болған ырғақты гетеротоптық ырғақ деп атайды.
Синустық-жүрекшелік торапта серпін пайда болуы жиілеуінен дамитын жүрек соғуының жиілеуі. Бұл кезде жүрек соғуы минутына 100—140 шамасында болады.
Синустық тахикардия мына жағдайларда байқалады:
1. Жүректе симпатикалық-адреналиндік әсерлердің көтері- луінен болады. Бұндай жағдай эмоциялық күйзелу, физикалық күштену, гипертиреоз, феохромоцитома кездерінде болуы мүмкін.
2. Парасимпатикалық нервтердің жүрекке әсері әлсіреуінен болады.
3. Әртүрлі физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың синустық-жүрекшелік тораптың жасушаларына тікелей әсерлерінен болады.