Туған халқына қалай пайдамды тигізсем деген зор ынтамен шабыттанған Ы.Алтынсарин өзінің қабілетін байқап, педагогикалық жұмыспен айналысуды армандайды. 1860 жылы ұзақ машақат пен қиындықтан кейін оған Орынборды тастап Торғай қаласына ауысудың сәті түседі. Бірақ бұл жерде жергілікті патша үкіметі ұзақ уақыт бойы Ыбырай Алтынсаринге өзінің сүйікті мұғалімдік ісімен айналысуға мүмкіншілік бермейді. Соттың көмекшісі, біресе судья, уезд басқармасының көмекшісі, басқарманың міндетін атқарушы қызметіне тағайындайды. 1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті.1865 жылы ғана педагогикалық жұмысқа ауысудың сәті түседі. 20 жылға жуық халық ағарту саласында басшылық қызметтер атқарады. Торғай уезіндегі халыққа білім беру бойынша инспектор қызметінде ол өзін көрнекті ұйымдастырушы, талантты педагог, белгілі ағартушы-жазушы және ірі қоғам қайраткері ретінде көрсетті. «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы, - деп жазды Ыбырай Алтынсарин, - барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі – осы, тек осы мектептерде».