Қазақ даласының Ұстазы ыбырай Алтынсаринның



бет4/5
Дата18.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69020
1   2   3   4   5

Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған. Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, «магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар» дегендерге қарсы шықты. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды. «Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Сол себепті мен ел аралап, қоғамнан және әр түрлі қоғамдық уездерден, облыстық болыстардан ақша сұрап жүрмін. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4 екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге дидактикалық оқыту принциптері мен балаларды тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазды.

  • Ағартушылықты жақтаушы Ы.Алтынсарин білімді адамның ардақты борышы-балаларға білім беру деп санаған. Оның қазақ балаларын оқытуға деген ынтасы, олардың өз халқына пайдасы тиіп, жетістікке жетулері екінші жақтан қарсылық тудырды. Патшалық әкімшілік төменгі буыннан чиновниктер даярлануын қалады, орыс тілінде іс жүргізу, хатшы, тілмаш, аудармашы патша үкіметінің отарлау саясаты рухына бейімделіп тәрбиелегендерін қалады. Сондықтан олар Алтынсариннің қазақ балаларын орыс тілінде оқытуына қарсылық білдіре қоймайды, бірақ кең көлемде білім беруіне қолдау көрсетпеді. Бір жағынан, өңірлік дінбасылар көпшілікке Ыбырайдың қазақ балаларын орысшаландыру арқылы орыс әскеріне дайындап жатыр деді. Алтынсарин шын мәнінде надандыққа, діншілдікке, ескі салтқа ислам дінін өз мақсаттарына пайдаланған патшалық идеологияға, «магометке сүйене, ақ патшаның құлы болыңдар» дегендерге қарсы шықты. Шалғай түкпірде мектеп ашу жұмысының қиыншылықтарына қарамастан, ағартушылық идеялармен қанағаттанған Ы.Алтынсарин көздеген мақсатына кірісті. Ауыл-ауылды аралап, халыққа кәсіптік білімнің маңызы мен мақсатын түсіндірді. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салуды қолға алды. Торғайда, Елек қорғанында, Ырғызда, Ақтөбеде орыс-қазақ мектептерін ашты. Қазақ қыздары үшін Ырғызда жанында интернаты бар мектеп аштырды. «Бізге ең ауыр, жауапты кезең кез келіп отыр: бұл кезеңде біз бәрін жаңадан бастап жасауымыз керек, осы жаңалықтың бәрін қараңғы халықтың арасына енгізіп, күшіміздің келгенінше, біліміздің жеткенінше, олардың көзін ашуымыз керек. Сол себепті мен ел аралап, қоғамнан және әр түрлі қоғамдық уездерден, облыстық болыстардан ақша сұрап жүрмін. Оның ынтасының арқасында 7 бастауыш мектеп, 4 екікластық қазақ балаларына арналған училище, сонымен қатар қыздарға арналған орыс-қазақ мектебі ашылды. 1883 жылы Орскіде қазақ мұғалімдер семинариясы ашылды. Ы.Алтынсарин зиялы халық мектептерін ашып қана қойған жоқ, сонымен бірге дидактикалық оқыту принциптері мен балаларды тәрбиелеуге арналған әдістемелік нұсқаулықтар жазды.

Еңбекке баулитын әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Сәттемір хан», «Атымтай Жомарт», «Әке мен бала». Адамгершілікке баулитын әңгімелері: «Мейірімді бала», «Аурудан аяған күштірек», «Алтын шекілдеуік», «Әдеп». Тәрбиеге баулитын әңгімелері: «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Тышқанның өсиеті», «Зеректік».
«Атымтай Жомарт» әңгімесінде бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып еңбек қылған адам әрекетін әңгімелей отырып, оқырман үшін кейіпкер атымен сөйлей отырып төрт түрлі пайдалы кеңес беріп өтеді.
«Әке мен бала» шығармасында жолдан ескі тағаны тауып алған әке мен бала арасындағы диалог арқылы «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың; азға қанағат етпесең, көптен құр қаларасың» деген сөз арқылы аяқтайды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет