5-тапсырма. Берілген үзінділерге сай келетін мақал-мәтелдер жазыңыз. Дескриптор: - берілген үзінділерге сай келетін мақал-мәтелдер жазады.
Уа, шырақтарым! Біз қашанғы қастарыңда қақсап отырар дейсіңдер... Бір аяғымыз жерде, бір аяғымыз көрде тұрған шағымызда, «Алдымыздағы аға еді!» деп ақыл салған соң, амалсыз келіп қалдық орталарыңа! Ендігі бір ауыз бұзылмас бәтуәмыз осы бола ма, жоқ па?! – деп дауыстады би.
Ал, онда...бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қатар қимылдайық, ағайын! Алла жар болсын! – дегенде, үй тола ақсақал-қарасақал бір кісідей «Әумин» десіп, гу ете қалған.
Бұл елдің тізгінін жиырмаға жетер-жетпесінде сол кісінің қолынан алған Сырым, бүгінде жұрт «Екі мың үйлі Байбақты!» деп дабырайтып жүрген елді осындай дәрежеге жеткізгенге дейін, қаншама ұйқысыз күндер мен түндерді басынан кешірмеді дейсің?!
Өзіңді тексер: Уа, шырақтарым! Біз қашанғы қастарыңда қақсап отырар дейсіңдер... Бір аяғымыз жерде, бір аяғымыз көрде тұрған шағымызда, «Алдымыздағы аға еді!» деп ақыл салған соң, амалсыз келіп қалдық орталарыңа! Ендігі бір ауыз бұзылмас бәтуәмыз осы бола ма, жоқ па?! –деп дауыстады би. Осы болсын, осы... Ал, онда...бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қатар қимылдайық, ағайын! Алла жар болсын! – дегенде, үй тола ақсақал-қарасақал бір кісідей «Әумин» десіп, гу ете қалған.
Бұл елдің тізгінін жиырмаға жетер-жетпесінде сол кісінің қолынан алған Сырым, бүгінде жұрт «Екі мың үйлі Байбақты!» деп дабырайтып жүрген елді осындай дәрежеге жеткізгенге дейін, қаншама ұйқысыз күндер мен түндерді басынан кешірмеді дейсің?!
Бірлік болмай – тірлік болмас.
Кеңеспен шешкен шешімнің кемісі болмас.
Ұйымдасқан ұтады.
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар.
Ер мойынында қыл арқан шірімес.
Қорытынды
Көркем шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдандыңыз.
Қосымша тапсырма:
«Ата-бабадан қалған құйқалы қоныс, қара жұртты тастай қашқанда, қайда барып ұшпаққа шықпақпыз?!» деген жолдардағы кейіпкердің ішкі жан күйзелісіне ортақтасып, кейіпкерге жұбату хатын жазыңыздар.