Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы



бет7/8
Дата31.05.2022
өлшемі78,88 Kb.
#36016
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Жоба антиплагиат

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, бұл шығарма – боямасыз, ашық, айқын шындыққа, психологиялық анализге бағытталған туындылардың бірі. Б. Соқпақбаевтың қай шығармасын алсақ та қарапайым тілмен оқиғаны баяндап отырып, кейіпкердің мінезін, оның кім екенін, не себепті көрермен оны жақсы көріп немесе одан жеритінін бірден ашып көрсететін суреткер жазушы екенін байқаймыз. Оның кез-келген шығармасынан оның өзіне тəн жазу стилі көрініс беріп тұрады. Автор сөзді сырлап, əсемдеп жатпайды. Табиғи


қолданыспен өткір қылыштай ащы шындықты алдыңа əкеліп береді, суреткерлігінің арқасында оқиғаны, кейіпкерді көркем образға қарапайым жолмен аудара алады.
«Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романының тақырыбы – соғыстың өзі емес, оның алыс қазақ ауылындағы жаңғырығы. Өмірдің шағын бір құбылысын, жекелеген детальды арқау еткен əңгіме, новеллаларды былай қойғанда, казақ ауылының соғыс жылдарындағы бейнесін жасаған романдар төл əдебиетімізде аз емес екендігі белгілі. Бұл шығармаларда да шынайы өмір суреттері баршылық. Солардың арасынан “Өлгендер қайтып келмейді” атты роман өзіндік ерекшелігімен дараланады». Өз өмірбаянымен өзектес тарихи кезеңнің көркем шындығын өзіне етене жақын осы бір тақырып арқылы бейнелей отырып, автор өзіндік көркем əлем ашады. Осы орайда белгілі ғалым, əдебиет зерттеушісі В.Новиковтың: «Суреткер өзінің ерекше əлемін жасайды. Ол əлем өз бойына шындықтың барлық қасиетін сиғызған, ол жарылуға əзір, буырқана қайнаған құштарлыққа, қайшылықтарға толы. Оларда қайталанбас бейнесімен сомдалған адамдар əрекет етеді. Оның үстіне, бұл əлем суреткердің жан жарығымен сəулеленген, жан сезімімен суарылған жəне де шындық туралы жай тарихи баяндаудан гөрі əлдеқайда жарқын əсер етеді», – деген ғылыми тұжырымы ойымызды дəлелдейді.
Халықтың басына түскен сол бір қиын кезеңнің шындығы бұл кезге дейін мұндай кең ауқымда көрсетілмеген еді. Соғыстың оған қатысушылар үшін ғана емес, тылдағы ел үшін де үлкен апат, дүрбелең болғанын, сол тұстағы жоқшылық, қысаңшылық өмірді жазушы кең суреттейді. Бердібек осы шығармасында нақты бейнелер арқылы соғыстың адамға, адамдыққа сынақ болғанын көрсетеді. Соғыс сияқты кеселмен бетпе-бет келе отырып, адамгершілік қасиетті сақтап қалу орасан зор рухани күш екенін айтады. Заман шындығын əр дəрежедегі кейіпкерлерге бөледі. Бұлардың басындағы ауыртпалық біреу болғанымен, кейіпкер ретіндегі тағдырлары бірбірімен қиыспайды. Əр тағдыр өз тауқыметін тартады. Жазушы шеберлігі де осы тұста өз тұғырына көтеріледі.
Құрғақ фактілер дəлдігін, сырт сурет, жадағай көрініс сəйкестігін құнттайтын натурализм мен құбылыстың диалектикалық күрделілігін ашатын реализмді шатастырмау керек. Реализм – қат-қабат өмір қайшылықтарын көрсетуді, даму бағдарын айқындауды талап етеді. Жазушы осы биіктен табылуға күш салған. Еркіннің лагерьдегі өмірінің шолақ қайырылуы, Еркін мен Нұралы арасындағы тартыстың асқынып барып, жеңіл шешілуі – кітап кемшіліктері. Тұтастай алғанда, қазақ қырының соғыс кезіндегі қайғылы аспанын, азалы жерін, күрсінген адамдарын сенімді бейнелеген «Өлгендер қайтып келмейді»шығармасының арқалаған əлеуметтік салмағы, көркемдік- эстетикалық күші бұл шығарманың əдебиетіміздің соңғы жылдардағы бір олжасы екенін айғақтайды.
Романда шиелінісіп жатқан белгілі оқиға жоқ, бұл шығарма бір адамның өмірбаяны десем қате болмас. Бозбала күннен бастап, отызында орда бұзар шаққа дейін баяндалып жазылған шығарма. Кімді де болса қызығына бөлеп, түйгізер, жеткізер ойы бар автордың мен деген шығармаларының бірегейі. Бір сөзбен айтқанда, қазақ əдебиетінің шоқтығы биік шығармалар қатарына жатады.
«Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген идеясына, образдың жан - жақты көрініп, өсу логикасына қызмет етеді. Ондаған кейіпкерлерге, сантүрлі оқиғалармен неше алуансуреттеу құралдарына тиісті орын тауып, өмірлік жағынан нанымды етіп шығаруы, сөз зергерінің шын мəніндегі шеберлігін аңғартады» [12].
Бердібек Соқпақбаев – ұрпаққа деген басты шығармаларын жазған, оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы. Сондықтан оның шығармаларында идея үшін боямаланған, қазақ өміріне қисынсыз келетін, ойдан құрастырылған оқиғалар кездеспейді. Ол бірақ болғанын болған күйде, көргенін көрген күйінде тізбелеп жаза бермейді, не əдемі əзілмен құптайтынын, не өткір кекесінмен наразылығын аңғарта отырады.
Қорыта келгенде, жазушы Бердібек Соқпақбаевтың бұл шығармасы арқылы 1.Зерттеу жобамыздың негізгі мақсатын анықтадық.
2.Романның идеялық- көркемдік ерекшеліктерін көрсеттік.
3.Жазушының көркемдік тəсілдерді қолданудағы қазақ əдебиеті үшін ерекшелігін анықтадық. Тіпті, оның осы шығармасының атауында да тілдік ерекшелік байқалып тұр. Осы тұрғыдан қарастыра келгенде шығарманың тек көркемдік тұрғысынан ғана емес, тілі жəне негізгі тақырыбы, кейіпкерлерінің портреті, психологиясы тұрғысынан зерттеуді қажет ететін шығарма екендігіне көз жеткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет