Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бұл зерттеу жұмысының негізгі мағынасын ашып, «Өлгендер қайтып келмейді» романының ерекшеліктеріне, оның ішінде идеялық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктерін қарастыра отырып, оны анықтау мақсатында төмендегі сұрақтарға тоқталдым:
Романның негізгі тақырыбы қандай? Автор бұл шығарма арқылы қандай ойды жеткізгісі келді?
«Өлгендер қайтып келмейді» шығармасындағы оқиғаның атауы нені білдіреді?
Кейіпкерлер психологиясындағы жазушы ойының көрінісі қандай?
Шығарма тіліндегі көркемдік ерекшеліктерді автор қаншалықты ұтымды қолданған?
Қазақ тілін байытудағы романның рөлі қандай?
Зерттеу нысаны:Жазушы Б. Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы
Зерттеу пәні:қазақ әдебиеті
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының мақсаты – Жазушы Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романын идеялық-көркемдік тұрғысынан зерттеу, тілдік көркемдегіш құралдардың ерекшелігін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер орындалады:
Тілдік тұрғыдан көркемдегіш тәсілдердің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
Көркемдегіш құралдардың романның жанры мен тақырыбына үндестігін айқындау.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері:Зерттеу жұмысында «Өлгендер қайтып келмейді» романыны туралы отандық ғалымдардың баяндауларымен тұжырымдары келтірілді. Сондай-ақ романның идеялық-көркемдік ерекшеліктерін анықтау мақсатында саралау әдісі қолданылды. Сондай-ақ мәліметтерді жинақтау, салыстыру, сипаттау және түсіндіру сынды жалпы ғылыми әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: