Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Әлия Жолдасқалиқызы Ұлықпанованың



бет1/3
Дата17.09.2022
өлшемі57 Kb.
#39335
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
drs-sabay-folklor-zhne-aza-haly-auyz-debiet.


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универсиеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Әлия Жолдасқалиқызы Ұлықпанованың
«Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәнінен өткізген дәріс сабағының жоспары
Дәріс №1. Фольклор және қазақ халық ауыз әдебиеті.


1. Тұсаукесер-лекцияның мақсаты: қазақ халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін ұғындыру; Халық әдебиетінің – мол мұра, асыл қазына екендігін түсіндіру; Фольклордың синкреттілік сипаты туралы түсінік беру; Халық тағылымын жастардың бойына сіңіру; Көркемдік ерекше белгілерін талдау арқылы әдеби, тілдік қорларын байыту.
2. Тұсаукесер-лекцияның жоспары:
2.1. Фольклордың синкреттілік сипаты.
2.2. Қазақ халық ауыз әдебиеті туралы түсінік.
2.3. Фольклордың ерекшеліктері.
2.4. Өзге ғылым салаларымен байланысы.
3. Тұсаукесер-лекцияның құрылымы: ситуация
Қазақ әдебиеті арнасының бастауы – халықтың асыл қазынасы ауыз әдебиетінде жатыр. Әдебиет әлімінің ел әдебиеті және жазба әдебиет болып екіге бөлінетіндігін ескере отырып, қазақ халық ауыз әдебиеті туралы білім мен ғылымды толық меңгеру өте маңызды. Осы орайда Фольклор – синкретті өнер, халық ауыз әдебиетінің бай мұрасы, әрі, өшпес қазына екендігі назарда ұсталынады. Фольклордың пайда болуы туралы зерттеулерге шолу жасалынады және халық әдебиетінің түрлері мен жанрлық жіктелімі жайында білім беріледі. Ауыз әдебиетінің көп қырлы табиғаты мен туу, таралу, сақталу ерекшеліктері оқытылады.
Дәріс мәтіні:
Қазақ фольклоры – әдебиеттің бастауы бола тұра, өзіндік қасиеттерге де бай. Фольклорәрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Фольклор – адам тіршілігінің өн бойында қолданылып, әр саласында пайдаланылатын дүние. Фольклор – әрі әдебиет, әрі театр рөлін атқарды, оның шығарушылары әрі орындаушылары – жыршы мен ақындар, сондай-ақ тыңдаушылары мен көрермендері болды. «Жалпы халық мұрасын қазіргі мәдениетіміздің кәдесіне жаратуға болатын бізде бірнеше тәсіл мен бағыт бар» - деп, С.Қасқабасов ағамыз оларды саралап атап шықты. Олардың ең бастылары:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет