Қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Әлия Жолдасқалиқызы Ұлықпанованың


Фольклор мен профессионалдық музыка



бет2/3
Дата17.09.2022
өлшемі57 Kb.
#39335
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
drs-sabay-folklor-zhne-aza-haly-auyz-debiet.

Фольклор мен профессионалдық музыка. Бұл сала бойынша республикамызда біраз жұмыс істелгенін айту керек. Мәселен, халық әндерін өңдеу, солардың негізінде өзіндік музыкалық шығарма жазу, халық әндерін симфониялық музыкада пайдалану т.б.

  • Фольклор және театр. Қазақстан театры өзінің алғашқы қадамын фольклордан бастағаны белгілі.Сондықтан бұл салада біздің жетістіктеріміз мол. Бірақ театрымыздың тарихына көз салсаң, фольклордан тек эпос жанрын ғана пайдаланыпты. Театр сахнасынан жас өспірімдер үшін қойылған ертегі – спектакльдерді көрмейміз, балет жағынан келсек, «Қалқаман – Мамыр» мен «Қамбар – Назымнан» басқа спектакль жоқ. Cатиралық пьесалар жазуға болады!

  • Фольклор және кино. Шынын айту керек, осы уақытқа дейін біздің кино өнері халық мұрасын пайдалануға өте аз көңіл бөліп келеді. Мысал үшін, тіпті батырлық жырды былай қойғанда, «Ер Төстік» ертегісін алайықшы. Оны экранға түсіруге болмай ма?

  • Фольклор және әдебиет. Халық поэзиясын, ертегілері мен жырларын әдеби түрде өңдеу, солар негізінде әдеби шығармалар жазу бізде кең қолданылады және көбісі балаларға арналады. Алайда, солардың бәрі бірдей жақсы болып жүрген жоқ. Тіпті кейбірінің көркемдігі фольклорлық түпнұсқасынан да төмен. Осы ретте В.Жуковский мен А.Пушкиннің ертегілері еске түседі. Халық творчествосы негізінде жазылған бұл шығармалар шын мәнінде халық ертегілеріне айналып кетті. Біздің ақын – жазушыларымыз осыны ескерсе...

    Нағыз халықтық мұра, егер оны дұрыстап ел арасына кеңінен тарата білсек, адамды көркемдікке тәрбиелеуде, өнерімізді озық дәстүрлермен байытуда, қазіргі дәуіріміз бен ұлтымыздың өткендегісін рухани дәнекерлеудесөз жоқ үлкен рөл атқарады. Тек мұны жүзеге асыру керек.
    «Кеңестік солақай саясат» тұсында да, әрине, жоғарғы оқу орындарында фольклортану пәні оқылды. Әйтсе де, оқыту жүйесінде біржақты теріс көзқарас та орын алмай тұрмады. Р.Бердібаевтың айтуында «схоластикалық көзқарас зардабы фольклортану пәнін де айналып өткен жоқ. Қайта ауыз әдебиеті де, оны тексеретін ғылым да көбірек қырсыққа ұшырады. Соның салдарынан фольклортанудың міндеті, өзіндік орны мен мәні, ерекшелігі туралы ғылыми жұртшылық ұғымы тым бұлдыр болып келеді... Фольклор – ауыз әдебиеті әлі де меңгеріліп болмаған тұңғиық терең байлығымыз». Р.Бердібаевтың ой-пікірі келтірілген «Фольклортану пәніне мән берсек» мақаласында санамалап берілген бұрмалаушылықтарға тоқтала кетсек, 1. фольклортанудың құлашын жаздырмаған қырсықтың бірі – мәдени мұраны таптық көзқарас тұрғысынан қараушылық. 2....тағы бір тосқауыл – фольклортануды жалаң саясаттың қанжығасына байлап жіберушілік. Мәселен, 15 ғасырдың бас кезінде орыс княздарына кектесіп, Мәскеуді шапқан Едіге батыр да, 19 ғ.орта тұсында орыс басқыншыларына қарсы шыққан Кенесары Қасымұлы да Ресей жаулары, «орыс халқының, халықтар достығының дұшпаны» атанды. Қазақ халқының классикалық әндерінің біршамасына орындауға тыйым салынды. Ауыз әдебиетін, фольклорды, қазақ тарихын зерттеген Е.Бекмахан, Қ.Жұмалиевтер, Е.Ысмаиловтар қара тізімге ілікті. Сондықтан да, ауыз әдебиеті туралы еңбектерінде жаттандылық орын алды. Фольклортанудың көне жанрларын тексеруге ешкімнің де жүрегі дауаламады.
    Р.Бердібаевтың айтуынша, фольклортанудың баяу дамуының бір сыры, зерттелудің толыққандылық сипатқа ие болмағандығында. Ұзақ жылдар бойы фольклор – сөз өнері деп қана қарастырылды. Дегенмен де, фольклор тарих, этнография, музыка, ескі салт, наным-сенімдермен де тығыз байланысты. Ғылыми шындыққа жанаспайтын, ауыз әдебиеті - жазба әдебиеттің көнерген түрі деген қарадүрсін қағида қалыптасты. Халық мұрасының аса үздік үлгілерін ғана қарастырып, ауыз әдебиетінің басым көпшілігін назардан тыс қалдыру да болды. Автор өз зерттеуінде бұдан әрі фольклор мұраларының коллективтік сипатқа ие болып, көп нұсқалы түрде тарайтындығына тоқталады. Р.Бердібаев: Фольклор туындылары көп вариантты болып келеді. Олардың таралуы мен сақталу заңдылықтары да қилы-қилы. Әр заманның дүниетанымдық сүзгісінен өткен шығармаға тосын сипаттар қосылып отыруынан фольклордың көпқабаттылығы (полистадиялығы) келіп шығады. Адамдардың жадында ғана сақталып, ұрпақтан ұрпаққа тарап отыратындығы фольклордың дәстүрлілік келбетін белгілейді. Фольклор жаратындыларын толық мәнінде тану үшін зерттеудің салыстырмалы - тарихи, жүйелілік (системный), тұтастық әдістерін қолдану керек болады. (Р. Бердібаев. IIтом. А., 2005. 460-461 б.)
    Ғалымның айтуынша, қазақтың лирикалық өлеңдерінен эпостық шығармаларына дейінгі жанрлары музыка сазымен көркемделіп айтылған. Әйтсе де, қазірде зерттеушілер бірде-бір эпос мәтінін оның музыкасымен қатар тексеріп көрген жоқ. Ауыз әдебиетінің мұраларын толық танып білу үшін, фольклордың этнография, тарих ғылымдарымен байланысын тексерген жөн. Фольклордың синкреттік болмысы айқындалуы тиіс. Фольклорды тек қана сөз өнері деп қарау ауыз әдебиетінің сыры мен тереңіне бойлатпайды. Осы жағдайды ескеріп қазақ фольклоршылары соңғы жылдары ауыз әдебиетінің өзіне тән өзгешеліктерін тиімді ғылыми тәсілдермен зерттеуге бұрылғанын айтуымыз керек. Соның нәтижесінде фольклор құбылыстарының табиғатын тереңдеп ашатын «Қазақ тарихи жырларының мәселелері», «Қазақ фольклорының типологиясы», «Фольклор шындығы», «Қазақ фольклорының тарихылығы», «Қазақ фольклорының поэтикасы» деген ұжымдық еңбектер жасалды. Бұл еңбектер өзінің методологилық таяныштары, ғылыми принциптері жағынан фольклортану ғылымының жетістіктері деңгейінде орындалған. «Қазақ фольклористикасының тарихы» атты монография зерттеушілердің елеулі табысы деп бағаланды. «Қазақтың архаикалық фольклоры» деген жаңа жұмыс та фольклортанудың аса қажетті мәселелерін сөз етеді. «Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Е.Исмаилов, т.б. ғалымдар эпосты тақырыптық белгілеріне қарап жүйелеген жіктеудің өз кезінде танымдық маңызы аса зор болды», дейді Р.Бердібаев. Әйтсе де, қазіргі эпостануда күллі этикалық мұраны басқаша өлшеммен қарайтын тұжырым қалыптасып келеді. Ол – жанрларды жанрлық-стадиялық сипаты бойынша төрт топқа бөліп, архаикалық, қаһармандық, ғашықтық және нақтылы тарихи жырлар деп жүйелеу.
    Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Ол – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әртүрлі қоғамның жемісі, сондықтан көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені, олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әртүрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет