Негізгі әрекеттер: О қушыларға ойынның шарты түсіндіріледі.
Әр топ жұптарға бөлініп, көркемдегіш құралдың атауын айта отырып, ойнайды. Бір оқушы бақылаушы болады. Ол қарсыластардың жауабының дұрыстығы мен қайталанбауын қадағалайды.
Әр бір қадам кезінде бір көркемдегіш құрал атауы (эпитет) оған қарсы сол көркемдегіш құралдың өлеңнен мысалын табуы керек.
Жүрісті бастаған оқушының терминіне қарсыласы оның терминінің мысалын келтіріп, жауап қайтаруға тиісті.
Мысалы: Қайталау.
Қайталау өлеңде «мен сенемін» деген жолдардың әр шумақ басында қайталанып берілуі арқылы жүзеге асқан.
Оқушылар басқаның пікірін тыңдап, оны талдауға дағдыланады.
Оқушылар терминдерді осы ойын түрімен байланыстыра естеріне сақтауларына мүмкіндік тудырады.
Жұптық бағалау
Т. «Әдеби әңгіме шеңбері» Өлеңнің ұлттық құндылықтарын талдау үшін мұғалім оқушылардан екі шеңбер жасап тұруды талап етеді (бір-бірін көретін ішкі және сыртқы шеңбер), осылайша «әдеби әңгіме шеңберін» ұйымдастырады. Оқушылар мұғалім берген тақырыптардың біреуін талқылайды, мысалы «қайсарлық пен батырлық қазаққа тән бе?», бір минут ішінде әр оқушы өз ойын айтады. Мұғалім алмасу уақытын қоңырау арқылы білдіреді. Аяқталғаннан соң, сыртқы шеңбер мұғалім «тоқта» дегенге дейін солға қарай жылжып, жаңа серіктеспен кездеседі. Осы ретпен «Қазаққа тән ерекше қасиеттер қандай?», «Өлеңнен қандай ұлттық құндылықты байқауға болады?» деген келесі сұрақты тоқсан секунд көлемінде талқылайды. Олар өлең туралы жаңа талқылауларын бастағанға дейін алдыңғы талқылауының қорытындысын жасауы қажет. Аяқталғаннан соң сыртқы шеңбер қайтадан жылжиды, жаңа талқылауын алдыңғы екі талқылаудың қорытындысын жасаумен бастайды. Мұғалім кез келген уақытта талқылаудың тақырыбын өзгерте алады.