Қазақ әдебиеті пәнінен бірінші бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Бөлім атауы: «Таза мінсіз асыл сөз»



Дата23.09.2022
өлшемі38,15 Kb.
#39979

Сыныбы: 5 « ---» Оқушының аты-жөні:------------------------------------------------------------------------


Қазақ әдебиеті пәнінен бірінші бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Бөлім атауы: «Таза мінсіз асыл сөз»
Оқылатын шығарма: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі
Оқу мақсаты: 5.2.3.1.Шығармадағы тілдік бейнелеу,суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) мағынасын анықтау.

Бағалау критерийі.


Білім алушы
Шығарманың жанрын,фабуласын,сюжетін ажыратады.
Көркемдік ерекшелігін анықтайды
Кейіпкерлер бейнесін ашады
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 мин.

1-тапсырма. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің сюжеттік дамуын реттеу


1. Кендебай және қойшы бала
2. Хан мен балалары
3. Керқұла ат пен Кендебай
4. Кендебайдың өмірге келуі
5. Малшы Кендебай
6. Қазанғап кедей.
7. Кендебайдың ерлігі


2-тапсырма. Шығарма үзінділерінен көркемдегіш құралдарды табу.
1. Торсық шеке, аппақ ұл туыпты.
2. Кендебай ай сайын емес, күн сайын өседі. Алты күнде күліпті, алпыс күнде жүріпті. Алты айда алып жігіт болыпты.
3. Құралайды көзге атқан мерген болыпты.
4. Той үстінде түк таба алмай, мойындары ырғайдай, сирақтары шидей болып, азып-тозып ханның екі баласы келеді.
5. Таң алдында биеңіз алтын құйрықты, құндыз жүнді құлын туды.
6. Алмас қылыш арыстанды екі бөліп, Кендебайды ар жағынан бірақ түсіреді.
7. Керқұла ат құстай ұшып құйғытып барады. Айлық жерді алты-ақ аттайды.
8. Аздым, тоздым, ернім жалақ, басым таз.

Эпитет – ----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------


Теңеу – ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Гипербола – -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



3-тапсыриа. Кейіпкер сөздерін сәйкестендіру

Кейіпкерлер

Кейіпкер сөзі

1. Кендебай

 А) Арыдым, тоздым, ернім жалақ, басым таз

 2. Қойшы бала

Ә) Досым, Кендебай ,іздеген жоғың алыста емес, осы арадан табылады.

3. Керқұла

Б) Мен әке-шешеңді іздеп тауып берейін

4. Хан

В) Бие құлындаған жоқ,еш нәрсе болған да жоқ

5. Хан балалары

Г) Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды

6. Ханның қызы

Ғ) Бүгін қара бие құлындайды


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Ұпай

Білім алушы

Шығарманың жанрын,фабуласын, сюжетін ажыратады.

1

«Керқұла атты Кендебай» ертегісінің сюжеттік дамуын реттейді

3

Көркемдік ерекшелігін анықтайды

1

Шығарма үзінділерінен көркемдегіш құралдарды табады

3

Кейіпкерлер бейнесін ашады

1

Кейіпкер сөздерін сәйкестендіреді

3

Барлығы



9


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет