Қызығушылық ояту
7 минут
Мағынаны тану кезеңі
|
-Балалар, сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
Ертегі-бұл ерекше жанр. Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық зұлымдықты жеңеді. Ертегіде жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам үшін түрлі нәрселер істей алуы мүмкін. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан.
Кіріспе. Сабақ мақсатымен таныстыру
М.Әуезов қазақ ертегілерін мазмұны жағынан үшке бөледі:
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді:
Қиял - ғажайып;
Хайуанаттар туралы;
Шыншыл ертегі;
Қиял - ғажайып ертегілерінің оқиғасы қиялға, фантазияға құралған, өмірде болмайтын нәрселер туралы баяндалады баяндалады. Олар жеті басты жыланмен, жалғыз көзді дәумен, жалмауыз кемпір, мыстан кемпір, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол қиын - қыстау оқиғаларда ақыл, айла - тәсілін асырып, жеңіп шығады. Бұл ертегілерді оқи отырып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тырысады. Мысалы: «Алтын сақа», «Ер Төстік», «Алтын балық» т. б. Кейіпкерлері: жалмауыз, жезтырнақ, мыстан кемпір.
Ата - бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан. Балаларға ең жақын ертегілер хайуанаттар туралы ертегілер. Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм - қиянатшыл, арамза, қу мінез қылықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.
Шыншыл ертегілер халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан бейнелейді. Атқа мінерлердің іс - әрекеттерін әшкерелейді. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл келеді. Сендер құрметті жас достар, ертегінің осылай тілі арқылы халықтың өз өмірлерін жақсарту жолындағы арман - тілектерін, тамаша қиялдарын біліммен қоса өздерінде солай қиялдауға, армандауға үйренесіңдер. Ертегінің көркем де, жеңіл тіл сендердің қиялдарыңа қанат бітіріп, арманды ақиқататады, қайратты істерге құлшындырады. Шешен сөйлеуге, өз ойларыңда әдемі баяндауға үйретеді. Тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар!
Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады.
|
|
Ақ қағаз
https://bilimland.kz/kk/courses/audiochrestomathy/5-synyp/ertegiler/lesson/3-kerqula-atty-kendebai-ertegisi
(Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
https://kk.wikipedia.org/wiki/%
D0%95%D1%80%D1%82%D0%B5%D0%B3%D1%96
|