«Қазақ әдебиеті» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып



бет2/6
Дата16.05.2023
өлшемі86,55 Kb.
#93826
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10-сынып ҚГБ қазақ әдебиеті ТЖБ

Ойлау дағдыларының деңгейі





Дағдылар тобы

Ойлау дағдыларын ың деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырма лар түрі

Түсіну және
жауап беру

Білу және
түсіну

- шығарманың тақырыбын, түрі мен жанрын, идеясын, автордың

Көп таңдауы
бар сұрақтар







көзқарасын, суреттеулерді, астарлы










мағыналарды түсінеді;









Қолдану

- әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш және стилистикалық










құралдардың ерекшеліктерін










анықтайды және оларды сипаттай










алады;










- әртүрлі әдеби шығармалардың мазмұнын зерттейді және өз түсінігін










ұсынады;










- әдеби шығармалардың мазмұнын баяндайды;










- поэзиядан немесе қара сөзден дауыстап үзінді оқиды;










- әдеби шығармалардың мазмұны туралы пікірлермен келіседі және










қарсыболады;










- әртүрлі медиаматериалдарды пайдаланады.




Анализ және
интерпретац




- әдеби шығармалардың
сипаттаутәсілдерін анықтайды;

Қысқа жауапты
қажет ететін

ия



Жоғары деңгей
дағдылары

  • берілген әдеби шығармалардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайды және талдайды;

  • әдеби шығармалардың тілі мен құрылымын талдайды;

ашық сұрақтар







- әдеби шығармадағы дәлелдемелерді пайдаланып, өз көзқарастарын










ұсынады;










- жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты










байланыстырады.




Бағалау
және




- авторлардың жұмыстары мен
стильдерін бағалайды;

Жазбаша толық
жауапты қажет

салыстыру




- өз жазбаларында, соның ішінде шығармашылық жазуларда әдеби

ететін сұрақтар







құралдар пайдаланады;










  • жоспарлау әдістерін пайдаланады;

  • қазақ және әлемдік әдебиеттегі шығармалардыңмазмұнын










салыстырады.



  1. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.


  1. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.


1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы - 45 минут
Түсіну және жауап беру – 10 минут
Анализ және интерпретация – 15 минут
Бағалау және салыстыру – 20 минут
Балл саны - 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар



*Сипаттама



*Орындау уақыты, минут



Балл



1-5

10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;
10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;
10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;
10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;
10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу.

Жауап
нұсқаларынан
бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар

10

5

6-8

10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау;
10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау.

Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар



15

15

9

10.3.1.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.



Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар



20

10

Барлығы

45 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Бөлім: Өлең – сөздің патшасы
Шығармалар: Абай шығармашылығы«Сегіз аяқ», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Болыс болдым, мінеки», «Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңдері, он жетінші қарасөз, отыз екінші қарасөз, отыз үшінші қарасөз, «Ескендір» поэмасы


1-БӨЛІМ
1.«Ескендір» поэмасының құрылымдық ерекшелігін анықтаңыз, үзінділерді ретімен орналастырыңыз. [1]






Шығарма жолдары

Реттілігі

1

Қақпадан лақтырды бір орамал,
-Сыйым- осы, падиша мынаны ал!
Ішінде бір нәрсе бар ақыл берер,
Апар дағы, ойланып көзіңді сал

А) оқиғаның басталуы



2

Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды- солды.

В) оқиғаның байланысуы



3

Жолдасы –Аристотель ақылы мол,
Лақтырған сүйекті алады сол.
Ханға айтты: «Қасиет бар бұл сүйекте,
Көзіңе көрсетейін, хабардар бол»

С) оқиғаның шиеленісуі



4

Ойлап- ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.

D) оқиғаның шарықтау шегі



5

Жүре- жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Адам, хайуан- бәрі де бірдей шөлдеп,
Басына құдай салған қиын істі...

Е) оқиғаның шешімі



2. . «Сабырсыз, арсыз,еріншек» өлеңінің қай жолдарында мәселе ұлттық мүдде


тұрғысынан айтылған?
А) Алыстан дәм татады
Қызмет қылып мал таппай,
Ғылым оқып ой таппай,
Құр үйінде жатады.
В) Сабырсыз, арсыз,еріншек,
Көрсе қызар, жалмауыз, 
Сорлы қазақ сол үшін,
Алты бақан алауыз.
С) Пысық деген ант шықты.
Бір сөз үшін жау болып,
Бір күн үшін дос болып,
Жүз құбылған салт шықты
Д)Ұрлықпен мал табам деп 
Егессе ауыл шабам деп, 
Сүйтіп құдай атады. [1]
3. «Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай,бойды таза сақтатұғын, күнәкірліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? - деген үзінді қай кейіпкерге тән екенін табыңыз?
А) Қайрат
В) Ақыл
С) Жүрек
Д) Ғылым [1]
4. Өлең жолдарындағы асты сызылған тармақтарда қоғамдағы қандай мәселе көтерілген?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын.
Таласып босқа,
Жау болып досқа,
Қор болып, құрып барасың.
Өтірік шағым толды ғой,
Өкінер уақытың болды ғой
А)көрінгенгекөзін сүзіп, тамақ асырайтындар туралы
В) ел билеген зорлықшыл жуандардың әрекеті туралы
С) жалқаулық,арызқойлыққа айналғандар туралы
Д) берекесі, бірлігі жоқ елдің іс-әрекеті туралы [1]

5."Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да" өлеңінің идеясындағы ұлттық құндылықтың әлемдік тақырыптармен үндестігі бар нұсқаны белгілеңіз.


А) болыстың сайлау үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстарын баяндау
В) ел қамын ойлап, табанынан тозып, жүгіріп жүрген болыстың портретін сипаттау
С) қазақ қоғамындағы әділетсіздік, зұлымдық іс-әрекеттерді сипаттау
D) алуан түрлі адамдардың психологиясын суреттеу [1]
2-БӨЛІМ
6. Абайдың отыз үшінші қарасөзін еске түсіре отырып, автор идеясына қатысты ойыңыз бен өз көзқарасыңызды жеткізіңіз. Бүгінгі күнде өзекті ме? Пікіріңізді 3-4 сөйлеммен білдіріңіз. [5]

7. Абайдың он жетінші қарасөзіндегі адам бойындағы қай қасиет басымдылық бергенде «Толық адамға» айналады. Өз көзқарасыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз. [5]


8. « Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінен алынған үзіндідегі асты сызылған көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтап, ойыңызды жеткізіңіз.
Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы? [5]


3-БӨЛІМ
9. « Болыс болдым, мінеки» өлеңінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалай отырып, «Абай – дәуіріндегі қазақтың рухани ахуалы» тақырыбында 200-250 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз. [10]




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет