Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығармада көтерілген мәселеге сүйеніп, шығармашылық
жұмыс жазады
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Роман-эссенің «Төңкеріс толқынында», «Тура биде туған жоқ» бөлімдеріне негізделе
отырып, «Тарихи оқиғаның адам тағдырына әсері» тақырыбында эссе жазыңыз.
26
Оқу мақсаты
10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын
анықтап, бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Шығарманың көркемдік, тархи құндылығына пікір
білдіреді
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Автордың жазған «Оқырманға арнау сөзіне» негізделе отырып, роман-эссенің тарихи және
көркемдік құндылығына талдау жүргізіңіз.
Оқырманға арнау сөз
Мың шақырымдық ұзақ сапардың алғашқы қадамнан басталатыны сияқты,
қолыңыздағы «Қазақтыі Қанышы» аталған роман-эссеге бұдан отыз бес жыл бұрын, 1963
жылдың жазында ұлтымыздың біртуар ғалымы Ә.Марғұланмен оңаша сұхбат үстінде
алғашқы сүрлеу салынғаны – бүгінде естелік ретінде айтар сыр.
Әрнеге еліккіш, қиял қантына мінген кезде Айға да қол сермеп жүрген жасаң кезім.
Әмбе техникалық мамандықты игеруіме Қаныш ағаның зор өнегесінің әсері болған. Әрі
Әлекеңдей үлкен кісінің өзіме сенім артып, еліктіре сөйлегені еркімді баурап, тоқ етерін
айтқанда, ойды ой қозғап әсерлендім де, төрт-бес хикаят жазған ғылыми-қиял дүниесін
жайына қалдырып, қалтарыс-қақтығысы мол, шың-құздары биік, оппа-жарлары терең ұлы
ғалым өмірінің күрделі жыңғылына сүңгідім де кеттім. Бұл істің соңында, жоғарыда
айтқандай, соншама ұзақ жүрерімді білсемші сонда?!.
Жоқ, о күнде мұны бағдарлай алмадым. Ізденістің ондаған жылдарға жалғасып,
ғалымның өткелі көп асу-белдерін зерттеп жете түсінудің қиыншылғы өз алдына, сол
жолда өзімің де сансыз мол кедергі-тосқауылдарға жолығып, жан азабына түсерімді,
кейбір пенделердің академик Қ.Сәтбаевтың іргелі де ұлы еңбектерін халық жадынан
ұмыттыруды көздеген қиянатына тап боларымды, әрине, білгенім жоқ. Сөйтсе де құдай
маған төзім берді, «Әділдік әрқашанда жеңеді, сол үшін күресумен қоса қиыншылыққа
шыдау керек!» деген Қаныштай асылдың қайраткер рухы жебеп, жақсы күндерді үмітпен
тосуыма себепші болды. Жақсылық туар деп қарап та жатпай, бір жығылып, бір тұрып
жүріп, ғасырдың соңғы ширегінде өзім құштар болып тандаған қаһарманымның ғұмыр
жолын баяндаған үлкенді-кішілі алты кітапты дүниеге келтіріппін. Нақтылы түстесем,
олар - «Жазушы» баспасы 1973 жылы шығарған «Туған жердің асылы» атты көркем
әңгімелер жинағы; төлтума нұсқасы Алматыда қиянатпен тоқтатылып, көп бейнетпен
Москвада «Молодая гвардия» баспасының «Тамаша адамдардың өмірі» (ЖЗЛ) сериясы
бойынша 1980 жылы жарық көрген «Сатпаев»; жариялылық заманы туған шақта, яғни
1988-1989 жылдары осы ғұмырнаманың қазақ және орыс тілдерінде жаңа тараулармен
толықтырылып, әсем көркемделіп әрі көп мыңдық таралыммен қайыра басылған екі
кітабы; тоқырау һәм рухани құлдырау заманында басымнан кешкен қиянаттар мен
ғалымның дүние жүзіне мәшһүр атағын жасыту мақсатымен ұйымдастырылған
әділетсіздіктер туралы бүкпесіз сыр шерткен «Қуғындалған «Сәтбаев» (А., «Шабыт»,
1994) және Павлодар облыстық әкімшілігінің тапсырмасымен арнайы жазылған «Қаныш
елі» атты үш тілде (қазақша, орысша және ағылшынша) әрі түрлі түсті көркем де тарихи
суреттермен безендірілген альбом-кітап.
Міне, енді солардың бәрінің жиынтығы есебіндегі роман-эссені - қалың оқырманға
бұрыннан танымал «Сәтбаев» атты деректі хикаяттың негізінде қайыра сомдалған,
көптеген жаңа тараулар жіне бұрынғылар арасына соны оқиға, айғақтар қосылған жетінші
туындымды қолыңызға алып отырсыз. Бұл басылымның алдыңғылардан бір өзгешелігі -
|