Дескриптор Білім алушы - шығарманың замануи маңызын анықтайды;
- өз пікіріне мәтіннен мысал келтіреді.
саяси тосқауылдар қол байлап, бұрын жаза алмай жүрген ұлттық жайттар, сондай-ақ,
құдірет-күші мықты кешегі сөз тергеушілері (цензорлар) мен еріктері тежеулі әріпшіл
редакторлар зорлықпен қиып тастап, жарық дүниеге шығармай келген ғалым өмірінің
бүркеулі «ақтаңдақтары» түгел қосылып, ашық баяндалуы.
Мәңгі өлмес асылымыз, қазақтың атын әлемге танытып, мерейімізді асқақтатқан ұлы
перзентіміз, ғұлама академик (үш бірдей ғылым ордасының), көрнекті қоғам қайраткері,
қазақтың ұлттық ғылым академиясының. іргетасын қалаушы, әрі жеріміздің қазына
байлығын көптеп тауып, ел игілігіне жаратуға (әсіресе қазіргі аса ділгір заманда) дәнекер
болған ұлы геолог-барлаушы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толу
мерекесін дүние жүзі халықтарының руханият ұйымы ЮНЕСКО да салтанатты түрде атап
өтуге арнайы қарар (№ 234-10, 1997 ж., қараша) қабылдады. Бұл болса, Қазақстан
Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұтымды уәжімен айтқанда: «Қ.Сәтбаев
еңбектерімен XX ғасырда қазақ халқы меңгерген ғылым көкжиегін әлем жұртына паш
етеміз» деген сөз. Сайып келгенде, бұл - қазақ ғалымының мұрасын - ғылыми еңбектерін
күллі дүние жүзінің білімдар қауымы танып, адамзат игілігіне ортақ асыл екендігін
мойындау!..
Сөз соңында қолыңыздағы ғұмырнамалық романның ғалымның есімін әлем
кеңістігіне мәшһүр еткен даңқты мерейтойы қарсаңында туған халқына тарту ретінд
езірленгендігін ескерту парыз. Өз басым осынау аса мерейлі, шуақты мерекеге ат қосумен
бірге, аман жеткенімді шексіз бақыт деп білемін!..
Медеу Сәрсеке
Семей, тамыз, 1998 жыл
28
Дескриптор Білім алушы - сұхбаттағы маңызды көзқарастарды ажыратады;
- роман-эссенің ерекшелігіне қатысын анықтайды;
- әдеби сын жазады.