Оқу үдерісі-өте күрделі құбылыс. Мектепте білім берумен қатар оқыта отырып тәрбиелеу,оқушы санасының күнбе-күн жаңа біліммен жетіліп жаһандану үдерісіне еркін араласатындай дамып отыруына күш салу, оқыта отырып өзіндік көзқарасын қалыптастыру, жан дүниесінің толығып, баюына, адамгершілік қасиеттер мен игі ұстанымдарға жол басшы болатын негіздердің қалыптасуына, сезімі мен мәдениетін көтеріп, адамгершілік ұғымдарын кеңейтуге, бәсекеге қабілетті жан-жақты, толық адам етуге күш салу, сол арқылы жеке тұлға қалыптастыру көзделеді.Оқыту әдісін тәсілмен шатастыруға болмайды. Оқыту тәсілдері оқу әдістерінің кейбір элементтері, нәтижеге жетудің жолдары ғана болып табылады. Мысалы сөздік әдіспен жанама толып жатқан тәсілдер жүзеге асырылады. Әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін тудыра- тын тәсіл түрлеріне жатады.
Адам қоғамының даму тарихында оқу әдістері үнемі өзгеріп, жаңарып, дамып отырған. Орта ғасырдағы мектептерден бері қарай әдіс үнемі жетілу үстінде болды. Орта ғасырдағы мектептерде оқыту догмалық сипатта болды да, негізгі әдіс жаттауға бағытталды.Ауызша оқыту әдісінің түрлеріне қысқаша сипаттама жасап көрейік. Әңгіме әдісі сұрақ-жауап түрінде жүргізіледі. Ол жаңа материалды меңгертуде, өткен сабақты қайталау, сыныптан тыс жұмыс түрлерінде кең қолданылады. Әңгіме әдісі сабақта басқа оқыту әдістерімен қатар келіп те отырады. Әңгіме әдісі оқушыларды материалдың мазмұнын нақтылы білуге және тиісті сұрақтарға дәлме-дәл жауап беруге жаттықтырады. Бұл әдіс өте ертеден келе жатқан әдіс болып есептеледі.