№13 (870) қараша 2011 жыл
Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да - кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі.
Нұрсұлтан Назарбаев
Ұлттық қасиетіміз бен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап,
намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік,
намысы берік халық ретінде танытқан Тәуелсіздік күні құтты
болсын!
Қазақстандықтар а лмағайып өтпелі кезеңнің барлық
қиындықтарын жеңіп, жиырма жылдың ішінде әлемдік сахнаға
көтерілді.
Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған
зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды бол-
сын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, жаңарған еліміздің
тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Ұрпақтарының ырысы ортаймасын, намысы тапталмасын
деп көксеген ата-бабамыздың арманы орындалған осы шақта
баршаңызға бақыт, байлық, береке тілеймін. Еліміздің ертеңі
жолындағы еңбегіміз жана берсін!
Ұлттық мерекеміз - Тәуелсіздігіміздің мерейлі жиырма
жылдығы құтты болсын!
Құрметпен, М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, академик
Асхат Сәлімұлы ИмАНғАлИев
Құрметті
ардагер-ұстаздар, оқытушылар,
ардақты студенттер қауымы!
Студент жастардың жан-жақты, саналы, терең білімді, бәсекеге қабілетті болуы – қоғам сұранысы, заман талабы. Осы
мақсатта өр рухты ақын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті де өз студенттерінің терең білім алып,
шығармашылығын шыңдап, қоғамдық белсенділігін танытып, еліміздің саналы азаматы болып қалыптасуына мол мүмкіндіктер
ашып отыр. 17 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да
халықаралық студенттер күніне орай салтанатты мерекелік кеш өтті.
Мерекелік кеште университетіміздің І проректоры, тарих
ғылымдарының докторы Тасмағамбетов Әсет Сембайұлы сөз
сөйлеп, дарынды да жігерлі студенттерге жылы лебізін білдірді.
Ел тәуелсіздігімен тұспа-тұс келген бұл мерекеде облыстық,
Қ
Р Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары
оқу орнынан кейінгі білім департаменті Тәуелсіздігіміздің
20 жылдығына байланысты 20 жұлдызды күн аясында
«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы!» атты мерекелік жоспарға
сәйкес ағымдағы жылдың 5 желтоқсан Ғылым күні, 11
желтоқсан Білім күні деп белгіледі. Осыған орай 25 қараша
мен 16 желтоқсан аралығында университетімізде жиырма
жұлдызды күндер деп белгіленген ел тәуелсіздігінің 20
жылдығына арналған іс-шаралар басталып та кетті.
25 қараша - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20
жылдығына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар әр фа-
культетте өткізілді.
25 қараша - Жаратылыстану-математика факультетінде био-
логия пәнінен пәндік олимпиада оздырылды. Сайыста студенттер
өз бақтарын сынап, білімдерін шыңдады.
25 қараша - «Патриоттық тәрбие арқылы сенімді қорғаныс
негізінде қол жеткізген Тәуелсіздік!» тақырыбында педагогикалық
факультетінің ұйымдастыруымен ерлік сабағы оздырылды.
26 қараша - «Ел болам десең, бесігіңді түзе» тақырыбында
барлық мамандықтар бойынша ашық кураторлық сағаттар өтті.
Онда кітап, газет-журналдар көрмесі ұйымдастырылды.
26 қараша - Педагогикалық факультеттің ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздік тағылымы!» атты дөңгелек үстел болды.
26 қараша - Қазақстан Республикасының Әнұранын бір
уақытта орындау мақсатында мемлекеттік Әнұран айтылды. Оған
профессорлық-оқытушы қауым, студент жастар мен қызметкерлер
белсене қатысты.
27 қараша - «Мақтанышым, мәртебем – Атамекен!» атты
студент жастар арасындағы университетішілік жас ақындар
мүшайрасы оздырылды. Кешке поэзияға жанықұмар студенттер
тартылып, әдемі туындыларын жастар назарына ұсынды.
28 қараша - «Ата заңым - тірегім!» тақырыбымен ҚР
Конституциясын, заңын таныстыру мақсатында заңгер мамандар
университет студенттерімен кездесті.
28 қараша - «Ата Заң: тарих пен тағылым» тақырыбымен әр
факультетте кураторлық сағаттар өтті.
29 қараша - «Бейбітшілік кіндігі» ҚР Халқы Ассамблеясы БҚО
өкілдері мен түрлі диаспораларының қатысуымен «Бейбітшілік -
тәуелсіздік өміршеңдігінің кепілі» атты достық фестивалі болды.
29 қараша - «Тәуелсіздік ел тұғыры» атты интеллектуалдық
сайыс өтті.
30 қараша - Экономика және басқару факультетінде
«Қазақстан - діни экстремизм мен терроризмге қарсы сарабдал
саясат жүргізіп отырған Азиядағы бірден бір мемлекет» атты
ақапараттық-танымдық кеш өтті.
30 қараша - Мәдениет және өнер факультеті дайындаған
ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Жасай бер, Қазақстан!»
мерекелік концерті өтті.
Жиырма
жұлдызды күн
Студенттер мерекесінде
республикалық деңгейде өткізіліп жүрген білім мен ғылым до-
даларында, спорттық сайыстар мен шығармашылық бағытта
университетіміздің намысын қорғап, биік белестерді бағындырған сту-
денттер арнайы тағайындалған номинациялармен марапатталды.
«Білімде озат» номинациясы-
мен құқықтану мамандығының 4 курс
студенті, Н.Ә.Назарбаев атындағы
атаулы шәкіртақы иегері
Ерғалиева
Гүлнара марапатталды.
«Ғылымда
үздік» номинациясымен ғылыми химия
мамандығының 3 курс студенті, оқу
озаты, Н.Ә.Назарбаев атындағы атау-
лы шәкіртақы иегері
Тілепбергенова
Айзада,
«Ең үздік спортшы» номи-
нациясымен дене шынықтыру және
спорт мамандығының 4 курс студенті,
ҚР Президентінің жүлдесі үшін өткен
Әлем кубогінің алтын медаль иегері,
самбодан халықаралық дәрежедегі
спорт шебері
Бағдат Жарылғасов,
«
Үздік шығармашылық жетістігі үшін»
номинациясымен дәстүрлі музыкалық
өнер мамандығының 4 курс студенті,
оқу озаты, Н.Ә.Назарбаев атындағы
атаулы шәкіртақы иегері
Таудаева
Эльмира,
«Үздік студенттік құрылыс
жасағының жауынгері» номинация-
сымен физика мамандығының 4 курс
студенті
, «Жаңа күш» еңбек жасағының
командирі
Кисамеденов Батыржан,
«Үздік «Жасыл ел» жауынгері» номинациясымен биология
мамандығының 4 курс студенті, 2009, 2010, 2011 жылдары «Жасыл
ел» жастар еңбек жасақтарының тұрақты жауынгері
Даулетбаева
Азиза, «Үздік ұйымдастырушы» номинациясымен экология
мамандығының 4 курс студенті, Қазақстан Студенттер Альянсы
студенттік қозғалысының БҚМУ көшбасшысы, студенттік омбудсмен
Ешимова Жанбота марапатталды.
Университетіміздің қарыштап дамуына, оқу, ғылым, тәрбие
жұмыстары бойынша өтетін мерекелік шараларды ұйымдастыруда өз
үлестерін қосып, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық
деңгейлердегі шараларда жоғарғы сатыда көрініп жүрген
белсенді студенттер Н.Тажкенов, А.Меңдіғалиев, Ж.Мұрсалова,
Е.Асылханова, Ж.Ешимова университет ректорының құрмет гра-
мотасымен
марапатталды.
Облыстық, республикалық деңгейде өткізіліп жүрген білім мен
ғылым додаларында, спорттық сайыстар мен шығармашылық
бағытта университетіміздің мерейін үстем етіп жүрген бірқатар сту-
денттер ақшалай сыйлықпен және университет ректорының алғыс
хатымен марапатталды. Сонымен қатар, белсенді студенттердің
есімдері ерекше аталып, алғыс жарияланды.
Салтантты шара барысында мереке иелері студенттерге арнап
«Қыз Жібек», республикалық, халықаралық би байқауларының
жеңімпазы «Арна» би ансамбльдері, университетіміздің 2010 жылғы
түлегі Сұлтан Даутовтың «Step up» би студиясының өнерпаздары
биден тарту етсе, республикалық, халықаралық ән байқауының
лауреаты И.Джантуллин, Г. Құсайынова, А.Қабиев, А.Байғалиева,
«Жас Нұр» тобы кешті әнмен әрледі. Мәдениет және өнер факультеті
жанындағы «Excluzive Fashion» сән театры «Студенттер күні»
мерекесіне арналған «Moon Ra» коллекциясын ұсынды.
Өз тілшіміз
Ґ
№ 13 (870)
қараша
2011 жыл
2
Университет тынысы
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, Бонн университеті
(Германия), Й. Гутенбург университеті (Германия), Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария), Ресей халықтар
достығы университетінің бірлесуімен 2011 жылдың 4 қарашасында «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы
академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған
шара мемлекет үшін аса маңызды оқиға – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және БҚМУ-дың 80 жылдық ме-
рейтойы қарсаңында өткізіліп отыр.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде 2011
жылдың 10 қарашасында «Қоғамдағы қауіпті дерт - жемқорлық» атты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы форум өткізілді. Университеттің сыбайлас жемқорлықпен
күрес комиссия жұмысының жемқорлықпен күрестегі негізгі міндеті –
профилактикалық жұмыс жүргізу, жастардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты
мәдениетін қалыптастырып дамыту.
Университетімізде ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында бірқатар айтулы
шаралар өтуде. Соның бірі көрнекті ақын Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерей-
тойына арналған «Боламын ақын Қасым әлі де мен!» атты әдеби-сазды кеші бол-
ды. Елдің мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келген ақын тойы республика көлемінде
тойланып өтті және әлі де жалғасуда.
АкАдемиялық ұтқырлық –
білім беру үрдісіндегі зор мүмкіндік
Конференцияның мақсаты – білім берудің
еуропалық кеңістігіне шығуды қамтамасыз
етудің негізгі бағыты ретінде академиялық
ұтқырлықты дамыту мәселелерін талқылау,
академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру
тәжірибелеріне талдау жасау және сарап-
тау, академиялық ұтқырлық шеңберінде
қазақстандық, ресейлік және шетелдік
жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықтың
даму мүмкіндіктері мен проблемаларын
талқылау, қос дипломдық бағдарламасын
жүзеге асыру және ұйымдастыру, жоғары
оқу орындарындағы академиялық алма-
суды басқару бойынша жалпы ұсыныстар
дайындау болып табылады.
Халықаралық конференция шеңберінде
академиялық ұтқырлық және білім са-
пасы, халықаралық білім кеңістігінде
тұлғаның кәсіби бейімделуі, академиялық
ұтқырлықты енгізу бойынша мектеп, кол-
ледж және жоғары оқу орындарының
өзара сабақтастығы, мектептегі оқытуды
ұйымдастырудың жаңа технологиялары
арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу
сынды мәселелер талқыланды.
«2011 жылдың наурыз айында Будапешт
және Венада еуропалық елдердің білім
министрлерінің ІІ форумында Қазақстанның
Болон декларациясына кіруге түбегейлі
шешім қабылданған болатын. Қазақстан
Республикасының Болон ж үйесіне
кіруі қазақстандық жоғары оқу орында-
ры мен студенттер үшін отандық білім
бағдарламалары мен оқу жоспарларының
еуропалық стандарттарға сай жүзеге
асуы, жоғары білім туралы қазақстандық
дипломның еуроаймаққа шығу мүмкіндігі,
Болон жүйесіне кірген 47 мүше елде
түлектердің жұмысқа орналасу құқығына
ие болу, студенттер мен оқытушылардың
академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету-
де үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.
Академиялық ұтқырлық арқылы студент-
тер мен оқытушылар өз территориясынан
тыс орналасқан елдердегі жоғары оқу орын-
дарында оқу, оқыту, тәжірибе алмасу,
ғылыми зерттеу жүргізу және басқа мем-
лекетте білімнің толық курсын алуға зор
мүмкіндікке қол жеткізеді. Сондықтан
білім беру жүйесіндегі бұл мәселенің жан-
жақты, халықаралық деңгейде талқылануы
академиялық ұтқырлық мәселесінде жаңа
қадамдарға бастайтыны сөзсіз», - деді уни-
верситет ректоры, академик Асхат Сәлімұлы
Иманғалиев алғысөзінде.
Бұл конференция қатысушылардың
географиялық ауқымының кеңдігімен
ерекшеленді. БҚМУ-дың шетелдік
әріптестерінің өкілдері Германия, Болгария,
Ресейдің және Қазақстанның жоғары
оқу орындарының ғалымдары қатысып,
академиялық ұтқырлықтың жоғары оқу
орындарындағы жүзеге асырылу жолдары-
мен бөлісті. Осы мәселелер шеңберінде про-
блемалар мен оны шешудің тиімді жолдары
талқыланды.
БҚМУ бүгінде халықаралық байланы-
старды берік нығайтуда. Батыс Еуропа
мен ТМД елдерінің 50-ден аса жоғары оқу
орнымен ынтымақтастық жөнінде келісім
жасалды.
Конференцияны өткізудің маңыздылығы,
алдымен жақын және алыс шетелдің
жоғары оқу орындарымен әріптестік орна-
ту, академиялық ұтқырлық аясын кеңейту,
студенттерді халықаралық жазғы білім беру
мектептеріне қатыстыру, БҚМУ студенттері
мен магистранттарын еуропалық универси-
теттерде әр түрлі бағыт пен мамандықтар бой-
ынша оқытуға мүмкіндік алу, оқытушылармен
тәжірибе алмасу болып табылады.
Конференция бағдарламасында
«Академиялық ұтқырлықты жүзеге асырудағы
шетелдік және отандық тәжірибе» атты
дөңгелек үстел өткізілді. Конференцияға ар-
найы шақыртылған Гутенберг атындағы уни-
верситеттен филология ғылымдарының док-
торы Карл Кайнер (Майнц қ., Германия), Бонн
университетінен филология ғылымдарының
докторы Бернхард Динсберг (Германия),
Ресей халықтар достығы университеті,
лингвистика және аударма орталығының
директоры, филология ғылымдарының
докторы, профессор Бахтыгереева Ұлданай
Мақсотқызы (Мәскеу қ., Ресей), Иванов
мемлекеттік университетінен психология
ғылымдарының кандидаты, доцент Турчин
Анатолий (Иванов қ., Ресей), жоғары және
орта арнаулы оқу орындарының профес-
сорлары мен оқытушылары және облыс
пен қаламыздың жалпы білім беретін орта
мектептерінің мұғалімдері қатысты. Дөңгелек
үстелде академиялық ұтқырлықтың жүзеге
асырылу жолдары жан-жақты талданып,
талқыланды және конференцияға қатысушы
ғалымдармен осы тақырып аясында шеберлік
кластар өткізіліп, отандық тәжірибе бой-
ынша ұсыныстар жасалды. Халықаралық
ғылыми-тәжірибелік конференция аясында
Климент Охридский атындағы София
университетімен (Болгария) «Академиялық
ұтқырлықты жүзеге асырудағы шетелдік
және отандық тәжірибе» тақырыбында
on-line конференция ұйымдастырылды
және БҚМУ-дың Гутенберг атындағы
университетімен (Германия) ынтымақтастық
жөніндегі Меморандумға қол қойылды.
«Қазақстан Республикасы жоғары оқу
орындарындағы академиялық ұтқырлық:
тәжірибе және даму мүмкіндіктері»
атты ғылыми-тәжірибелік конференция
академиялық ұтқырлықтың білім сапасын,
халықаралық білім кеңістігінде тұлғаның
кәсіби бейімделуін, болашақ мамандарды
құзыреттілік тұрғыдан даярлаудың негізін
айқындайтын, жоғары оқу орындарының
бәсекеге қабілеттілігін арттыратын
қажеттілік білім беру жүйесіндегі негізгі
фактор және халықаралық білім кеңістігіне
ену арқылы сапалы білім беруге қол жеткізу
екендігін тағы бір айқындады.
БҚмУ-дың баспасөз қызметі
Жемқорлыққа жол жоқ!
Ф о р у м д ы а ш қ а н с ы б а й л а с
жемқорлықпен күрес комиссиясының
төрағасы Ә.Қ.Мұқтар келген қонақтармен
таныс тырып, шараның мақс атына
тоқталды.
Форумға қатысқан БҚО мемлекеттік
қызметшілерін қайта даярлау және
олардың біліктілігін арттыру жөніндегі
аймақтық орталық МҚК-ның директоры
Сәтбаев Әлібек Байжанұлы «Нұр Отан»
ХДП атынан сту-
д е н т ж а с т а р ғ а
сапалы білім, са-
налы тәрбие беру
жолындағы адал
еңбегі және оқу
орнында сыбай-
лас жемқорлықпен
күрес жұмысын
насихаттау мен
ұйымдастырудағы
белсенділігі үшін
университет тің
с ы б а й л а с
ж е м қ о р л ы қ п е н
к
ү
р
е
с
комиссиясының
б е л с е н д і
мүшелері педа-
гогика және пси-
хология кафедрасының аға оқытушысы
М.С.Хусайнов, жалпы тіл білімі және аудар-
ма кафедрасының доценті Н.С.Жигалин,
п с и х о л о г Ә. Ж а қ с ы ғ а л и е в а л а р д ы
алғыс хатпен және «Жас Отан» жастар
қанатының БҚО филиалының белсенді
мүшесі Нүркешов Қанат Мақсатұлы
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
тақырыбында өткізілген қабырға газеттері
байқауына белсене қатысқаны үшін ди-
зайн мамандығының 10105-топ студенті
К.Бегалиева мен бейнелеу өнері және
сызу мамандығының 10101-топ студенті
Н.Сүндетоваларды «Жас Отан» жастар
қанатының БҚО филиалы атынан алғыс
хатпен марапаттады.
Ко м и с с и я м ү ш е с і А .С.Ни ето в а
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің сыбайлас
жемқорлықпен күрес комиссиясының
ж ұмысы т уралы, мониторинг және
әлеуметтік зерттеулер бөлімінің жетекшісі
П.А.Добряев университеттегі жемқорлыққа
қарсы күрес мәселелерін тану мақсатында
жүргізілетін әлеуметтік зерттеулердің
нәтижесі т ура лы мәлімет тер бер -
се, студенттік ректор Е.А.Асылханова
студент жастар арасындағы сыбайлас
жемқорлықтың алдын алу жұмыстары
жөнінде сөз қозғады.
Сыбайлас жемқорлық белсенділігінің
а л д ы н а л у, о н ы б е й т а р а п т а н д ы -
ру, адалдықтың сатылмайтындығын
көтермелеу арқылы жоғары оқу орны
тіршілік әрекетінің барлық саласында
сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
мақсатында университет ректорының
бұйрығымен бекітілген комиссия мүшелері
жемісті жұмыс атқаруда және алдағы
уақытта да өз қызметін жалғастырады
деп сенеміз.
Өз тілшіміз
«Боламын ақын
Қасым әлі де мен»
Қасым ақынға арналған жыр кеші
Дауылпаз ақын, кемел жырдың иесі
Қасым Аманжоловтың 100 жылдық ме-
рейтойын атап өту, ақын өлеңдерінің
халқымыздың рухани дамуында алар орны
зор екендігін өлеңімен өмірін өрнектей от-
ырып, артына өшпес мол мұра қалдырған
талант иесінің өмірі мен шығармашылығын
жастардың бойына сіңіру мақсатында
БҚМУ Ғылыми кітапханасы мен «Қазақ
филологиясы» кафедрасының бірлесуімен
ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште
ақын туралы естеліктер айтылып, төл ту-
ындыларынан үзінділер оқылды.
Өзге емес, өзім айтам өз жайымды,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп тулатып бір қозғайын да...
Аманжол Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын, - деп
жырлаған ақиық ақын алғашқы өлеңдерін
Семей қаласында жазған. Олар қабырға
газетіне ғана басылып жүрген. Сондықтан
1930 жылдарға дейін жазылған өлеңдерінің
көбі сақталмаған. Отызыншы жылдары
жазылған өлеңдері өзі қызмет еткен
«Лениншіл жас», «Қызыл әскер» және
«Пионер» газеттерінде жарияланған.
Қасым Аманжоловтың ақын, азамат болып
қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер
етті. Осы қалада ол махаббат, жастық жыр-
ларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен
босағасын, Оралдың театр группасын
ұйымдастырып, өзі көркем басқарушы
болады. Бұл группа тез өсіп, аз уақыт
ішінде театр болып құрылды. Осы кездері
Қасымның ақындық, әншілік, әртістік та-
ланты жұртшылыққа танылды. Қасымның
ақындық құдіретін танытатын қуатты
жыр шумақтарынан бөлім студенттері
нақышына келтіріп үзінділер оқып, бірінші
курс студенттері Азамат Базарбаев пен
Әділет Орынбасаров ақынға арналған
арнау өлеңдерін оқып, әдеби кештің
сәнін келтірді. Қасым ақынның өмірі мен
шығармашылығы, Оралда өткен күндері,
осы қалада туған өлеңдері жайлы қазақ
филологиясы кафедрасының профес-
соры Серікқали Шарабасов пен фило-
логия ғылымдарының кандидаты, доцент
Зейнолла Мүтиев сынды ғалымдарымыз
ақын туралы естелік әңгімелерімен
тыңдаушыларды тәнті қылды.
Ақын ағамыздың әндеріне жазылған
әуезді өлеңдері тыңдаушы құлағының
құрышын қандыратыны анық. Бірнеше
жыл өтсе де көркемдік қуатын жоғалтпаған
ақынның сырлы әндерін қазақ филоло-
гиясы кафедрасының оқытушы-ғалымдары
С е р і к қ а л и Ш а р а б а с о в п е н А ғ з и я
Ниязғалиева екі дауыста шырқап, тыңдаушы
студенттер қауымын тағы бір қуанышқа
бөледі. Ғылыми кітапхана директоры Тоты-
құс Еркінқызы «Қазақтың біртуар Қасымы»
атты көрмемен таныстырып, ғылыми
кітапхана қорындағы Қасым Аманжоловтың
өмірі мен шығармашылығына арналған
з е р т т е у е ң б е к т е р і , т а ң д а м а л ы
шығармаларыларымен толықтай танысуға,
оқуға шақырса, кітапхана директорының
о р ы н б а с а р ы На з г үл Ас ы л б е к қ ы з ы
«Қасым Аманжолов» сайтындағы барлық
ақпараттармен қалай танысуға болатыны-
на және он-лайн түрде портал жұмысына
тоқ та л ды. Ж ыр кеші өмірден ерте
кеткенімен, Қасым Аманжоловтың мәңгі
жасайтын асыл жырлары қалғанын, сол
жырлары арқылы ақынның аты өшпейтінін,
халықтың сүйікті ақынының жарқын бейнесі
ел жүрегінде мәңгі сақталатындығының
тағы бір дәлеліндей болды.
Рита СұлтАНғАлИевА,
БҚМУ баспасөз хатшысы