Информатика сабағында smart технологияларды тиімді пайдалану



Дата28.11.2023
өлшемі0,74 Mb.
#131002

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА SMART ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

  • БҚОӘ ББ «Орал политехникалық колледжі» МКҚК
  • Жумагалиева Н.К., информатика пәнінің оқытушысы, педагог-модератор
  • Орал-2023
  • Smart-білім беру – оқытудың жаңа түрі, кейінгі кезде қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Smart-білім беру әлеуметтік желілер арқылы білім алу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту қызметі, білім алушыға бағытталған, бағдарланған, орталықтандырылған оқыту ортасы.
  • Оқу үдерісі кезеңдерінде информатика пәнін оқытуда Smart технологияларын қолдану қажеттілігіне негізделеді. Кәсіби қызметтің мазмұнына өзгеріс енгізіп, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында информатика пәнін оқытуда сандық білімдік қорларын, интернет сервистерді қолдану қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
  • Қазіргі кезде SMART-құрылғылардың көп тараған түрлеріне интерактивті тақталар, интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, интерактивті экрандар, сымсыз «грифельді» тақталар т.б. түрлері көп тараған.
  • Елімізде білім беруге бағытталған бірнеше электронды білім беру платформалары («Bilimland», «Google Classroom», «MOODLE», «Univer», «Platonus», «Canvas», «Daryn.online») бар.
  • Оқытушылар мен білім алушылар үшін бұл платформалар ұсынатын бейнесабақтар білімді шыңдау үшін өте қажетті және пайдалы болып есептеледі.
  • Қазіргі кезде «Информатика» пәнін оқытуда оқытушылар Smart технологияларын:
  • интернет желісінен ақпарат алу;
  • қажетті ақпаратты табу;
  • қолданбалы бағдарламалардағы жұмыс;
  • ақпаратты визуализациялау;
  • бейне дәрістерді көру, тестілеу немесе онлайн сауалнамалар;
  • әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындау барысында, бағалауды ұйымдастыру үшін қолданады.
  • «Информатика» пәнінің оқу мазмұны білім алушылардың кейбір SMART технологияларын әзірлеуді оқыту қамтылған. Мысалы, web-жобалау (HTML, CSS), жасанды интеллект; нейрондық желілерді жобалау, 3D–модельдеу, мобильді қосымшалар әзірлеу, ақылды үй, ақылды үй құрылғысымен басқару үшін программаларды әзірлеу.
  • Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа енуі өте маңызды рөл атқарады. Жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ал смарт оқытуға келетін болсақ, оқытушы өз білімін білім алушыларға түгелдей жеткізе алады. Білім беру шекарасы кеңейіп білім алушылар саны көбейіп қана қоймай, уақыт және орынға байланысты шектеулер болмайды. Білім беруді кез-келген жерде кез-келген уақытта ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады.
  • Қорытынды

Ұсыныстар

  • SMART технологияларын сабақтың кез-келген кезеңінде қолдануға болады. Әртүрлі оқу пәндерін оқу кезінде интерактивті және коммуникативтік сипаттағы SMART-тақталар, SMART-оқулықтар, SMART-проекторлар, білім беру контентін жасауға және таратуға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету пайдаланылады. Facebook әлеуметтік қызметі, Google қызметтері мен құралдары, Wiki веб-сайты, интернетте аудио файлдарды немесе бейнелерді таратуға арналған подкасттар, блогтар, Youtube видео хостинг, бұлтты технологиялар – осының бәрін оқытуда қолдануға болады және қолдануға ұсыныс білдеремін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет