19 — 20 ғасырлар тоғысында Еділ бойы, Кавказ, Түркістан, Қазақстанда ашылған мектептер. 1884 жылы Гаспралы Исмаил би өзінің әріптестерімен бірге діни оқуды халыққа терең білім беру ісімен ұластыра отырып, жаңа оқу жүйесін жасады. Бұл жаңа әдіс бойынша мұсылмандық мектептерде оқушылар ұлттық тәлім-тәрбиеге негізделген дін пәндерімен қатар жазу, есеп, география, тарих, орыс тілі, т.б. өмірге қажетті пәндерді оқитын болды. Жәдид Мектептері “Ібтидай” (бастауыш) немесе “рушти” (5 — 6 жылдық) болып, жергілікті халықтың қаражатымен ашылды. Мектептерде балаларға бұрынғы “иман шартының” орнына “Муаллим эввел” (Бірінші мұғалім) және “Муаллим сани” (Екінші мұғалім) ұсынылды.
Медреселік
Медресе арабтарда VII-VIII ғғ. пайда болып, Таяу және Орта Шығыс елдерінде IX-X ғғ. тарады. Ресей мемлекет құрамында өмір сүрген мұсылман халықтары үшін кей Орта Азиялық медресе білім беру дәстүрінің маңызы зор болды. Олар: Самарқандағы (848), Бұхарадағы («Медресе фарджек», Юг. 1 жартысы; «Масудия», «Хания», 1250). М. Поволжие мен Орал татарлары мен башқұрттарында, Кавказ бен Закавказье мұсылман халықтарында да болды. Медресе мақсаттары мен мазмұны және оқыту әдісі бірдей болды. Дәрісханаларда ислами ілімдер мен бағыттар тарихы, Құран Кәрімнің тарихы, астрономия, шығыс әдебиеттері, трактаттар оқытылған. Негізінде медресе ғимараттарын бай адамдар өзі қаржысына салдырған немесе халықтан жиналған қаражатқа салынған. Шолақ қорғандағы Бабата медресесі XIX ғасыр күйдірілген кірпіштен салынып, әк балшық материалынан қаланған. Бұл медресенің дәрісханасы үйдің бұрыш жағына салынып, қос күмбезделіп жабылған.[2] Медресе оқушыларды дайындау деңгейі бойынша 3-ке бөлінген:
Ыбырай мектебі 1864 жылы Торғай қаласында ашылды. Жәңгір хан секілді Ыбырай Алтынсарин де мектеп ашу үшін көп тер төкті. Қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашу үшін Орынбор облыстық басқармасының рұқсатын 1860 жылы алғанымен шағын ғана білім ошағының жұмысы оңайға түспеді. Алғашында мектеп ғимараты және оқу құралдарына қаржы болмайды. Кейін қаржы жиналғанымен шәкірт іздеу жұмысы одан да қиын болып шығады. Жұрт көпке дейін «шоқынып кетеді» балаларын бермеді. Ыбырай Алтынсарин сабақты орыс графикасына негізделген қазақ әліп-биімен оқытты. Ыбырай мектебінде Торғай өңірінен жас шамалары 9 бен 13 аралығындағы он төрт бала оқыған. Олар – ағайынды Қорғанбек пен Әбдібек Бірімжановтар, Қоңырқұлжа Бикеев, Нұрғали Әбділпейізов, Нұрмұхамбет Төкин, Биқабыл Тәшенов, Ысмайыл Серкебаев, Ержан Тұлтанов, Баймұхамбет Салқынбаев, Жармұхамбет Жанғожин, Омар Бектемісов, Ибрахим Тәшепов, Қылышбай Сүйіповтер еді.
Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,С.Мұқанов.С.Сейфуллин,Ғ.Мүсірепов
Қазақ әдебиеті әдістемесінің іргетасын қалаушылар А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,М.Әуезов,С.Мұқанов.С.Сейфуллин,Ғ.Мүсірепов