Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



бет26/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84
Үйге тапсырма: Шортанбай шығармашылығы мен ӛміріне байланысты ойтолғау жазып келу.
Білім беру жүйесіндегі дәстүрлі сабақ құрылымы бүгінде оқытудың жаңа технологияларына негізделген тың ізденістермен толығып келеді. Біз мысалға келтіріліп отырған сабақ жоспарлары дәстүрлі сабақ түрлеріне құрылған. Әдістеме ғылымында отандық әдіскерлердің қалыптастырған жүйесін жете білу жаңа ізденістердің дұрыс бағытта дамуына да ӛзіндік үлесін қосары анық. Олай дейтініміз жаңа технологияларға негізделген сабақ жоспарларын түзу үшін де сабақтың тұтас құрылымдық жүйесін терең таныған орынды.
Әдетте әдебиет пәні бойынша сабаққа дайындықты оқу материалын талдаудан бастаған орынды. Оқу материалы бойынша сыныпта жүргізетін жұмыс барысы да мұғалімнің мәтін мазмұны бойынша ұйымдастыратын оқутанымдық жұмыстарының бірізділігі мен жан-жақтылығына қатысты. Оқу материалына кіріспе сұрақтар даярлау, мәтін мазмұнын оқушылардың меңгеру дәрежесін білу мақсатындағы анықтау сұрақтары, мәтін талдауға бағытталған сұрақ-тапсырмалар, мәтіннің идеялық қырларын талқылай отырып, тануға арналған проблемалық сұрақтар, оқу материалына қатысты, сабақты бекіту, пысықтау кезеңдерінде оқушыларға қойылатын сұрақтарды ойластыру – барлығы мұғалімнің сабақ алдындағы даярлық жұмыстарына жатады. Одан ӛзге сабақты жоспарлау барысында сабаққа қойылатын негізгі талаптарды ескерген орынды. Олар:

  1. Сыныпты ұйымдастыра білу.

  2. Берілген білімнің оқушыға түсінікті болуы.

  3. Мұғалімнің оқушы ұғымына лайықты сӛйлеуі.

  4. Мұғалімнің сабақта басты мәселеге кӛңіл аударуы, негізгі мәселені ерекше даралай, кӛрсете білуі.

  5. Сабақта психологиялық хал-ахуал туғызуы (оқу материалын меңгертуде оқушының қиялы, зейіні, таным деңгейі, түйсінуі, терең ойлануы т.б.)

  6. Сабақтың темпі мен ырғағы.

  7. Сабақ кезеңдерінің ӛзара байланысы.

  8. Сабақтың тәрбиелік салмағы.

  9. Мұғалім сауалдарының дидактикалық талапқа сай қойылуы.

  10. Сабақтың ғылымилығы, танымдық құндылығы.

  11. Сабақтағы пәнаралық байланыстың, интеграциялық байланыстың жүзеге асуы.

  12. Сабақта мұғалімнің бақылауды ұйымдастыруы.

  13. Оқушылармен жеке дара жұмысы.

  14. Сабақ мақсатының дұрыс орындалуы.

  15. Мұғалімнің оқушыны үнемі дамытуға талаптануы.

  16. Сабақ үдерісінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын орнату.

  17. Сабақты пысықтау, оқушы білімін бағалауы, (оқушы білімін сараптай отырып бағалау).

  18. Үй тапсырмасының педагогикалық талапқа сай берілуі.

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі саласына елеулі үлес қосқан әдіскерғалым Қ.Бітібаева «Әдебиетті оқыту әдістемесі»1 оқулығында сабақтың бірнеше түрін атайды. Сабақтың түрлерін қолданылатын әдіс-тәсілдері мен тақырыптарына қарай саралай отырып, қай сабақ типтерінде белсенді қолданылатынын нұсқайды. Әдіскердің кӛп жылдық тәжірибесінде қолданған интеграциялы «Қос үштік сабағы», ойын элементтері бар «Сот сабағы», «Жәрмеңке сабағы», «Кӛкпар, жарыс сабақтарын» қандай тақырыптарда ӛтуге болатынын атап айтады.
Бүгінгі оқу үдерісінде сабақ форма жағынан да ішкі құрылымы жағынан да ӛзгеріп, түрленіп отыр. Сабақ түрін анықтауда оқу үдерісінің тұтас құрылымын ескерген орынды. Себебі кейбір сабақ үдерісіндегі шағын ойын элементімен аталатын сабақ түрлері де тәжірибеде кездеседі. Оқытудың жаңа технологияларына негізделген сабақ жобалары. Жаңа оқыту технологияларына негізделген сабақ құрылымдары әралуан. Мәселен, «оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасынан жүргізілетін оқу үдерісінде сабақты үш кезеңге бӛледі. Олар:
1.Қызығушылықты ояту кезеңі;
2.Мағынаны тану кезеңі;
3.Шығармашылық кезең. Сонымен қатар, ойсергектер мен рефлексияға да ерекше назар аударылады.
Сондай-ақ модульдік оқыту сабақтарында оқу-таным үдерісін іштей үш кезеңге жіктейді. Олар:
1.Кіріспе бӛлім;
2.Сӛйлесу бӛлімі;
3.Қорытынды бӛлім.
Сабақтың кіріспе кезеңінде оқу материалы бойынша ақпарат беріледі.
Сӛйлесу бӛлімінде түрлі әдіс-тәсілдер арқылы, рӛлдік ойындар, дидактикалық ойындар т.б. арқылы оқу мазмұны оқушылардың белсенді әрекетінде игеріледі. Ал қорытынды бӛлім шығармашылық жұмыстарға арналады.
Жаңа оқыту технологиялары бойынша сабақ түрі оқушының білімді меңгеру үдерісінің құрылымына қарай ұйымдастырылады1. Олар:
1.Қабылдау
2.Мәнін түсіну
3.Есте сақтау
4.Қолдану
5.Қорыту
Әрбір сабақ түрі ӛзіне тән белгілі логикасына қарай құрылады. Оларды саралар болсақ, бірінші сабақ типі: «Бастапқы жаңа білімді оқып үйрену және есте сақтау іс-әрекеттерінің тәсілдері» делінеді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың қабылдау, мәнін түсіну және бастапқы білімді оқып үйрену, есте сақтау әрекетінің әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация
2.Оқушылардың оқу-таным түсініктерін ӛзектілеу кезеңі
3.Оқушы түсінігін алғаш тексеру кезеңі
4.Алғашқы қайталауды ұйымдастыру кезеңі 5.Талдау кезеңі
6.Рефлексия.
Бұл сабақты кӛбіне дәріс, кино сабақ, саяхат сабақ, әңгімелесу т.б.
сабақтары түрінде ұйымдастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет