Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



бет27/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84
Екінші сабақ типі: «Оқушы білімін және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру» сабақтары.
Сабақтың мақсаты білімнің беріктігін орнықтыруды қамтамасыз ету және іс-әрекет тәсілдерін жетілдіру.
Сабақ құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Жетекші білімді қалыпты және ӛзгерген жағдайда ӛзектілеу, білімді ӛз бетінше қолдану.
3.Бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
4.Түзету.
5.Рефлексия.
Бұл сабақ практикум, семинар сабақ, «ашық ойлар» сабағы, «Брейнринг» ойыны, тренинг-сабақ, ӛзіндік жұмыс т.б. сабақ түрінде жүзеге асады.
Үшінші сабақ типі: «Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану».
Мұндай сабақтардың мақсаты – оқушылардың кешенді білім және ісәрекет түрлерін ӛз бетімен қолдану үшін мазмұндық және ұйымдастыру жағдайларын жасау.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Кешенді білім мен іс-әрекет әдістерін ӛзектілеу.
3.Ұқсас және жаңа жағдайларда білімді ӛз бетімен қолдану, бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау.
4.Түзету.
5.Рефлексия.
Аталған сабақ типін әңгімелесу және практикалық сабақ, дәріс және тренинг түрінде жүргізу тиімді.
Төртінші сабақ типі: «Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау» деп аталады.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың білімін және іс-әрекет әдістерін қорытындылау жұмыстарын ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Оқу материалының мазмұнын талдау.
3.Оқу материалындағы басты мәселені ерекшелеу.
4.Жүйелеу және қорытындылау.
5.Пән аралық және пәнішілік байланыс орнату.
6.Рефлексия.
Бірінші және екінші сабақ типтеріндегі сабақ түрлерін белсенді қолдануға болады.
Бесінші сабақ типі: «Білімді және іс-әрекет әдістерін тексеру, бақылау, түзету сабағы» делінеді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың ӛз білімдерін және іс-әрекет тәсілдерін түзетуді ұйымдастыру.
Сабақтың құрылымы (кезеңдері):
1.Мотивация.
2.Тапсырманы ӛз бетімен орындау.
3.Ӛзін-ӛзі бақылау.
4.Бақылау.
5.Талдау.
6.Бағалау.
7.Түзету.
8.Рефлексия.
Әдебиет пәні бойынша бұл сабақ типін кӛбіне бақылау жұмыстарында, мазмұндама, шығарма, кейс-стади, эссе, тестілеу т.б. сабақ түрлерінде қолдануға болады.
Әр сабақ типіндегі сабақ кезеңдері іштей кіріктіріле жүргізіледі. Әр кезең құрылымына қойылатын талаптар, дидактикалық мақсат, міндеттерге сайкес анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет