Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі



бет37/84
Дата19.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#95365
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84
Лекция құрылымының түрлері:

  1. оқытушының монологінен құрылған лекция;

  2. түсініктеме беріле оқылатын лекция;

  3. әңгімеге, кеңес түріндегі лекция;

  4. ой-саяхат лекциясы;

  5. пікір-сайысқа құрылатын лекция.

Лекцияны тиімді құрудың кейбір жолдары:
Оқушы мотивациясының жоғары болуы білім алуға жетекші екендігі белгілі. Мәселен, лекция құрылымы кӛтерілген мәселеге, қойылған сұраққа нақты дәлел, жауап ретінде айтылса, тыңдаушының зейінін ӛзіне аударып, тыңдаушысын ӛзімен бірге ілестіре отырып, бірге түсінуге, түйсінуге, ойлануға, мәселені талдауға бастап отырады.
Сол себепті лекцияға дайындалғанда шешімін іздейтін мәселені кӛтеру кӛзделеді. Мысалы, С.Торайғыровтың ӛмірі мен шығармашылығын оқытуда тек ӛмірбаяны мен шығармашылығын біркелкі баяндаудан гӛрі, қалайша автор аз ғұмырында қазақ әдебиетіне кӛп мұра қалдырды, оның осындай ӛнімді жұмыс жасауына маңайындағылардың кӛмегі болды ма? Немесе С.Сейфуллин шығармашылығы туралы «С.Сейфуллин шығармашылығының маңыздылығы неге байланысты: уақыт үдесінен шығуында ма, ақындық талантына байланысты ма, шығармашылық шеберлігіне қатысты ма?» т.б. деген сияқты әр қырлы кӛзқарас тұрғысынан сұрақ кӛтере отырып оқылған лекцияға ізделетін жауап та әрқилы болып келіп, тыңдаушысын қызықтырады.
Лекцияда кӛтерілетін негізгі ойдың ӛзегі сол тақырыпқа қатысты дәйексӛзден де кӛрініп тұру керек. Әр лекция тақырыбына сол тақырыптың мазмұнын ашатындай дәйексӛз таңдалады. Ол алдын-ала тақтаға жазылып не ілініп қойылады. Мысалы: С.Торайғыровтың шығармашылығына дәйексӛз ретінде «Жалындап ӛткен бір ғұмыр» деуге болады. Сондай-ақ С.Сейфуллиннің шығармашылығына «Сылдырап ӛңкей келісім» деген сияқты қанатты сӛз лайықты. Немесе шығармашылық тұлғаға берілер замандастарының, ӛнер танушылардың бағалары да тақырыпқа дәйексӛз бала алады. Лекцияда қарастырылатын жекелеген мәселелерге қатысты да дәйексӛз лайықталып алыну керек.
Лекция оқудың тағы бір тәсілі — сӛзбен салынатын сурет. Мәселен,
И.Байзақовтың «Алтай аясында» поэмасын Алтай ӛңірінің сұлу суретін елестетуден бастаса, ақын тамсанған ғажайып кӛрініс пен сол әсем табиғат аясында болатын оқиға желісі шешіле түседі.
Ақынның «Ақбӛпе» поэмасын ӛзінің эпилогіндегі:
Кім кӛрді кӛктің жерге құлағанын?
Кім кӛрді күннің жарық сұрағанын?
Кім кӛрді Ақбӛпедей қыршын жастың
Шомылып қанды азапқа жылағанын?1 — деген риторикалық сұрағынан бастау тыңдаушысының назарын оқылатын лекция мазмұнын тануға қызықтыра түседі.
Психологтардың айтуынша оқылатын лекциядағы бірінен кейін екіншісі үстемелеп келетін кӛп мәліметтерді сіңіру мүмкін емес. Қандай да бір тың мәліметтен кейін, ойланып іштей қорытуға мүмкіндік жасалып отыру керек. Білгілі бір ойға жасалатын түйіннен кейін сол түйіннің жеке тармақтары мен қорытылу жолдарын саралаған тиімді.
Әр лекцияның мазмұны құралатын материалына байланысты болғанмен, әр тақырыптың негізгі идеялық ӛзегі болуы шарт. Оқылатын лекцияға тыңдарманды белсенді (ой белсенділігі туралы) қатыстырудың тәсілдері әралуан: бірде мұғалім лекцияда шығармашылық тұлғаның ӛз шығармасынан үзінді пайдаланса, бірде мазмұнға қатысты тарихи деректі, документті, тағы бірде тақырыпқа қатысты сұрақты, енді бірде әртүрлі кӛзқарасты салыстыра айтады. Кейде нысанға әдеттегіден тыс басқа қырынан, басқа ғасыр адамы кӛзқарасы тұрғысынан, әдеби кейіпкер кӛзімен, бала кӛзімен, бала танымымен қараған да тиімді.
Мектеп лекциясынан туындаған әдіс түрі мектептен тыс ӛмірде де жиі ұшырасатыны белгілі. Лекция білім беру саласы мен ӛндірісте, қоғам ӛмірінде де еркін қолданылады. Лекция, жалпы, барлық елде еркін қолданыстағы әдіс. Сондықтан да лекция әдісін жетілдіру, кемелдендіру үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, практикада лекцияда қарастырылатын мәселе алдынала талқылауға ұсынылатыны бар. Кейбір түсіндіруді қажет ететін мәселелер лекция алдында сараланып, лекция сол аталған мәселе тӛңірегінде жүргізіледі. Бұндай лекциялар тыңдарманның ықыласын ерекше аударады. Себебі әркім ӛзіне аса қажетті мәліметті алуға мүмкіндік туады. Жасыратыны жоқ, лекцияның тиімді болмағы сол ғылым саласындағы маманның рӛліне де қатысты болады. Әдебиеттану саласындағы ірі тұлғаларымыздың дәрістері тыңдарманның ерекше ықыласы мен зейініне ие. Себебі сол ғылым аясында тың дерек пен мәліметті, ғылыми тұжырымдарды терең білетін маманның дәрісі шын мәнісінде қызығушылықты тудырады. Лекция оқушы ғалымның тынысы неғұрлым кең болса, тыңдарманның табар олжасы да соғұрлым мол әрі жарқын болады.
Лекция әдісі басқа әдістермен тығыз байланыста жүзеге асады. Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, мұғалім мен оқушы сұхбаты, диолог т.б.
әрекеттер қатар келіп, лекция әдісінің тиімділігін асыра түседі.
Білім беру саласындағы жаңа үрдіс әдіс-тәсілдерді де қайта саралауға мүмкіндік туғызды. Жаңа оқыту технологиялары кейбір әдістерді топтастыра түсті. Лекция әдісінің де жаңа түрлері туындады. Оқытудың жаңа технологияларына орай лекцияның дәстүрден тыс түрлері қалыптасты. Атап айтқанда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет