Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары


Қайсар – негізгі кейіпкер.Өзінен басқа туысқаны жоқ жалқы жігіт. Жалғыз Күреңтөбел



бет6/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ әдебиетіндегі Тың

Қайсар – негізгі кейіпкер.Өзінен басқа туысқаны жоқ жалқы жігіт. Жалғыз Күреңтөбел деген аты, Көкдауыл атанған тайыншадай ірі, сұрғылт иті бар.
Бәден апай – Қайсардың шешесі. Балалардан барын аямайтын адам.
Кәмен – Қайсар алып қашпақ болған қыз. Келбетті, жылы жүзді, қою шашты, бұрымды қыз.
Бекберген – Кәменнің әкесі.
Кәмер – Кәменнің сіңілісі
Қадыр – Бекбергеннің немере ағасы. Елулер шамасындағы шықшытты, қоңқақ мұрын, сұрғылт түсті адам.
Асылқан – Қадырдың баласы, Кәменнің немере ағасы.
Зағипа – Қайсардың ауылындағы өсекші әйел.
Дина – баланың шешесі.
Күреңтөбел – Қайсардың тұлпары.
Көкдауыл – Қайсардың қасқыр алатын иті.
Әңгіме баланың Кәмен тығылып жатқан Қадырдың ауылына боранды түнде адасып келіп, Кәменді ауылға алып келуімен аяқталады.
Ғ. Мүсіреповтің Ана тақырыбындағы шығармаларының жиынтығы – «Ұлпан» романы тарихи ел шежіресінің мазмұнына құрылған роман. Шығарманың бас кейіпкері Ұлпан ақылдылығымен, алғырлығымен, бірбеткейлігімен, парасаттылығымен айналасы он-он бес жылда дүйім елді билеген ақылды ана атанған. Жазушы сомдаған Ұлпан_қазақ_әйелінің_жиынтық_образы,_аналардың_анасы,_ел_билеген_көсем,_сөз_бастаған_шешен,_қоғам_қайраткері'>Ұлпан қазақ әйелінің жиынтық образы, аналардың анасы, ел билеген көсем, сөз бастаған шешен, қоғам қайраткері дәрежесінде суреттелген. Романның кейіпкерлері:
Есеней – негізгі кейіпкер. Керей – Уақты билеген, атақты бай, аузы дуалы би.
Ұлпан – Арқабай батырдың он бес-он алты жастар шамасындағы өжет қызы.
Мырзаш – Түлен саудагердің Ұлпанды айттырған таз баласы.
«Түрікпен» Мүсіреп пен аңшы Мүсіреп – Есенейдің серіктері.
Шынар – Ұлпанмен мұңдас, сырлас әйел.
Біжікен – Есеней мен Ұлпанның қызы.
Торсан – Біжікеннің күйеуі.
Шоқан – Торсанның ұлы.
Ешеналы – Есенейдің немере інісі.
Жәукен – Торсанның екінші әйелі.
Ғ. Мүсіреповтің проза жанрындағы алғашқы көлемді еңбегі – қазақ әдебиетіндегі кеңес халықтарының фашистік Германия басқыншыларына қарсы ауыр, қаһармандық күресін суреттеген тұңғыш әрі тартымды туындысы «Қазақ солдаты» романының оқиғасы нақтылы өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұловтың өмір жолына негізделген. Қайырғали Смағұлов – романның бас кейіпкері Қайрош Сарталиевтің прототипі. Роман бақташы бала Қайроштың ауылы «Қайрақтыдан» қашып шығып, Атырау қаласына келуінен басталған. Романның бірінші бөлімі бас кейіпкер Қайрош өмірінің он үш жылын қамтыған. Екінші бөлімде шекара, соғыс алдындағы жағдай кең түрде баяндалған. Үшінші бөлімде қатерлі шайқас, Кавказ, Новороссийск, Ростов, Керчь түбіндегі қанқұйлы соғыс қаһармандарының ерлігі мен сезімі, етігімен су кешкен жалынды жауынгерлер қимылы, екінші дүниежүзілік соғыстың жанды панорамасы шынайылықпен суреттелген.
Романның бас кейіпкері Қайрош – Отанын шексіз сүйетін жастың типтік бейнесі. Роман кейіпкерлері:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет