Қазақ әдебиетіндегі Тың, экология тақырыбы С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Ғ. Мүсіреповтің прозалық шығармалары



бет4/9
Дата22.10.2022
өлшемі34,31 Kb.
#44959
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ әдебиетіндегі Тың

Байтүменов Бекберді – Керей елінің болысы. Орыс тіліне жетік адам.
Ұлпа – Бекбердінің қызы.
Мұратбек – Ұлпаға ғашық жігіт, кедей табынан шыққан.
«Есіл тасып барады» әнін Мұратбекке арнап Ұлпа шығарған.
«Саятшы Ораз» әңгімесі мерген, саятшы Ораз туралы. Кейіпкерлері:
Ораз – саятшы, негізгі кейіпкер. Орта бойлы, кең жауырынды, төстік кеуделі, ұзындығы кіндігіне түсетін қалың ақ сақалды, кішірек келген дөңестеу мұрынды, ойнақылау келген дөңгелек қара көзді, желкілдеген ұзын ақ қасты, кең маңдайлы, әжімсіз қызыл күрең кескінді, қайырымды адам.
Мұқан – Ораздың көршісі. Науқасқа ұшыраған адам.
Зәуре – Мұқанның қызы.
Сүлеймен – Зәуренің күйеуі. Орта дәулетті, сараң адам.
Бағила, Ұлтуған – Мұқанның қыздары.
Мағаз, Жанкүміс – Ораздың балалары.
С. Мұқановтың өмірді кең бейнелейтін көлемді шығармасының бірі – «Сырдария» романы. 1930 жылдары драматургия жанрына келген С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов», «Сәкен Сейфуллин», «Қашқар қызы» атты тарихи тұлғаларға арнаған үш пьесасы бар.
С. Мұқанов – қазақ әдебиеттану ғылымына, фольклористикаға, этнографияға көп үлес қосқан ғалым. Сәбиттің «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихының очерктері», «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» және Абай мен Шоқан өмірі туралы зерттеулері бойынша жазған «Жарқын жұлдыздар» деген ғылыми-зерттеу еңбектері – қазақ әдебиеті ғылымына қосылған құнды еңбектер.
Ұлттық мәдениет тарихындағы ірі тұлға, ана тілдің тұнып тұрған тұнығын шығармаларында кеңінен қолданған, туған халқының асқақ рухын әспеттеген, сөз зергері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов 1902 жылы Солтүстік Қазақстан өңірінде Жаңажол ауылында орта дәулетті отбасында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныған болашақ қаламгер 1917 жылы Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты орыс мектебіне оқуға түскен. Болашақ жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығын оятуға осы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген ақын әрі көрнекті педагог Бекет Өтетілеуовтің ықпалы ерекше болған. Ғ. Мүсірепов Б. Өтетілеуовтің көмегімен Пресногорьковтегі жоғары бастауыш училищеге қабылданып, 1921 жылы тамамдаған соң, 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшылар факультетіне оқуға алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет