Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Көр­кем мә­тін теориясы­ның қа­зір­гі ке­зең­де­гі жағ­дайы



бет13/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71
Байланысты:
жауаптары

Көр­кем мә­тін теориясы­ның қа­зір­гі ке­зең­де­гі жағ­дайы
«Мә­тін» ка­те­го­риясы­ның бар­лық фи­ло­ло­гия­лық ғы­лым са­ла­ ла­ры­на ор­тақ еке­ні дау ту­дыр­ма­са, он­да гу­ма­ни­тар­лық ғы­лым­ дар­дың де­ні­нің мә­тін­ді не­гіз­гі зерт­теу ны­са­ны ете­ті­ні сөз­сіз. Со­ны­мен қа­тар әр­бір мә­тін­ді са­рап­тау ба­ры­сын­да линг­вис­ти­ка­ лық бі­лік пен әде­биет­ші­нің өре­сі бір­дей ке­рек бо­ла­тын сәт­тер аз бол­майды. Ен­де­ше бо­ла­шақ ау­дар­ма­шы-фи­ло­лог бұл ғы­лым­дар ара­сын­да­ғы қа­рым-қа­ты­нас­тан, әсі­ре­се олар­дың мә­тін­та­ну­да­ғы ор­тақ мүд­де­ле­рі мен өзін­дік мақ­сат­та­ры­нан жақ­сы ха­бар­дар бол­ ға­ны жөн.
ХХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да «мә­тін теориясы» ат­ты жа­ңа фи­ло­ло­гия­лық пән пай­да бол­ды. Мә­тін­де­гі жал­пы жүйе мен жал­қы ере­же ара­сын­да­ғы түйт­кіл­дер­ді пәр­мен­ді зерт­теу үшін атал-­ ­мыш ба­ғыт ор­тақ фи­ло­ло­гия­лық заң­ды­лық­тар­ға, әм­бе­бап қа­ғи­дат­ тар­ға сүйене­ді. Со­ны­мен қа­тар не­гіз­гі мақ­са­ты адам­дар ара­сын­ да­ғы ара­лас-құ­ра­лас­тық­ты тиім­ді ұйым­дас­ты­ру­дың ал­ғы­шарт­-­ та­рын жә­не оны да­мы­ту­дың жағ­дайла­рын анық­тау бол­ған­дық­ тан, «мә­тін теориясы» са­ла­ара­лық ти­по­ло­гияны көп қол­да­на­ды.
Ау­дар­ма­та­ну­да түп­нұс­қа мен ау­дар­ма мә­тін­ді са­лыс­ты­ра қа­ рас­ты­ру ба­ры­сын­да олар­дың ара­сын­да­ғы сәй­кес­тік, эк­ви­ва­ле­нт­-­ ті­лік дең­гейле­рін дәйек­ті ба­ға­лау үшін линг­вис­ти­ка мен әде­биет­ та­ну­дың кө­ме­гі­не сүйен­ген тиім­ді. Бұл зерт­теу­дің са­па­сын арт­ ты­ра тү­се­ді. Ең ал­ды­мен, мә­тін­де­гі бас­ты жүйелі­лік­ке – оның тіл заң­ды­лық­та­ры­на сәй­кес құ­ры­лу­ына ба­ға бе­рі­ле­ді. Әрі қа­рай тіл­дік құ­рам­ның қа­рас­ты­ры­лып отыр­ған мә­тін­де­гі жал­қы қол­да­ ныс­та­ры­на на­зар ауда­ры­ла­ды. Ал оның ва­ри­ант­та­ры­ның әр­қай­ сы­сы­ның мә­тін­нің тұ­тас­ты­ғы мен іш­кі бай­ла­ныс­ты­ғы­на не ке­рі, не оң әсер ете­ті­нін анық­тау оңай емес, сон­дық­тан мә­тін тал­дау­да мо­ду­ля­ция, ва­риация, ма­невр де­ген сөз қол­да­ныс­та­ры­на қа­тыс­ты ұғым­дар­ға үр­ке қа­ра­мау ке­рек. Та­ғы бір на­зар ауда­ра­тын мә­се­ле бар: ол – мә­тін­нің сырт­қы тұ­тас­ты­ғы мен іш­кі бай­ла­ныс­та­ры­ның ара­сын­да­ғы аса күр­де­лі қа­ты­нас­тар. Оған қо­са мә­тін жал­пы мен жал­қы­ның, жүйелі­лік пен да­ра­лық­тың ерек­ше бір­лі­гі деп са­найт­ын­дар­дың пі­кі­рі­мен есеп­те­су­дің де айыбы жоқ.
Мә­тін ұғы­мы, ал­ды­мен, линг­вис­ти­ка­ның ар­найы зерт­теу ны­ са­ны бол­ған. Линг­вист үшін әр­бір мә­тін­нің кең жә­не тар ма­ғы­на­ ла­ры бар. Кең ма­ғы­на­да мә­тін – аяқ­тал­ған ойды біл­ді­ре­тін рет­ті құ­ры­лым, ал тар шең­бер­де ол тіл ар­қы­лы ма­ғы­на­лық қа­бат­тар мен қа­тар­лар­ды өр­нек­теу ре­ті деп тү­сін­ді­рі­ліп жүр. Осы­ған бай­ ла­ныс­ты «сөз­дік шы­ғар­ма» жә­не «айтылым» де­ген ұғым­дар пай­ да бол­ған, ал­ғаш­қы­сы – аяқ­тал­ған ойды біл­ді­ре­тін сөз қа­та­ры, соң­ғы­сы тіл­дік қа­рым-қа­ты­нас тү­рі де­лі­ніп отыр, осы­ның бә­рі мә­тін линг­вис­ти­ка­сы ат­ты ар­найы ғы­лым­ның ен­ші­сін­де.
Ком­по­не­нт­тер­дің іш­тей ты­ғыз бай­ла­ны­сы, бі­різ­ді­лік, ком­му­ ни­ка­тив­тік іл­кім­ді­лік сияқ­ты мә­тін­нің тұ­рақ­ты қа­сиет­те­рі – қа­ зір­гі фи­ло­ло­гия­лық ғы­лым­дар­дың ор­тақ зерт­теу мә­се­ле­сі. Мә­тін бө­лік­те­рі­нің ше­ка­ра­ла­ры әдейі ажы­ра­ты­ла­ты­ны – бө­лу ар­қы­лы тұ­тас­тық құ­рау де­ген пі­кір­ге не­гіз­дел­ген­дей. Мы­сал кел­ті­рейік: Кі­тап бе­тін­де мы­на­дай мә­тін бар. А.С. Пуш­кин. Ка­пи­тан қы­зы. Әрі қа­рай эпиг­раф бе­ріл­ген: «Арың­ды жас­тай сақ­та». Ем­ле ар­қы­ лы бө­лін­ген, өз ал­ды­на үш түр­лі же­ке ма­ғы­на бе­ре ала­тын бө­лік­ тер­ді тұ­тас мә­тін­ге ай­нал­ды­ру­ды ав­тор осы­лай шеш­кен. Екін­ші мы­сал: Ғ. Мү­сі­ре­пов Кез­дес­пей кет­кен бір бей­не. Ро­ман­ти­ка­лық поэма. Көз­ге кө­рі­ніп тұр­ған ше­ка­ра­сы анық­тал­ған үш же­ке мә­тін­ ді тұ­тас­ты­ру үшін жа­зу­шы ұсын­ған ой­лау жүйесі қан­дай? Мұн­ дай ст­рук­ту­ра­лық түр­де бө­лі­ніп тұр­ған ком­по­не­нт­тер­ді ра­ма­лық деп атай­ды, бұ­лар­ды «мә­тін­нің күш­ті по­зи­циясы» ре­тін­де ба­ға­лау да бар, мұн­дай күш­ті по­зи­цияға мә­тін­нің аума­ғын анық­тап тұ­ра­ тын ра­ма­лар­ға жа­қын тұс­тар­дың бә­рін жат­қы­зу­ға бо­ла­ды. Әде­би мә­тін­де­гі ерек­ше ма­ғы­на мен эс­те­ти­ка­лық мән­дер де осы­лар­ға қа­тыс­ты. Тал­дау ба­ры­сын­да осын­дай «күш­ті по­зи­циялар­ға» же­те на­зар ауда­ру қа­жет. Не­гіз­гі та­қы­рып­тың жүйелі бей­не­ле­нуі үшін фра­за­ара­лық, мә­ті­на­ра­лық сөз­дер, тір­кес­тер, сөй­лем­дер мә­тін­ге аса қа­жет, олар­дың се­ман­ти­ка­лық ма­ғы­на­ла­ры дәл осы жер­де өте анық бол­мауы да мүм­кін, бі­рақ мә­тін­ді тұ­тас қа­ра­ған­нан кейін бә­рі не­ме­се көп нәр­се бел­гі­лі бо­ла­ды. Мә­тін­нің тұ­тас­ты­ғын оның фа­бу­ла­сы­ның шек­те­луімен, оқи­ға­сы­ның аяқ­та­луы­мен ға­на өл­ше­ меу ке­рек. Ро­ман­ның бір та­рауы­ның аяқ­та­луы шы­ғар­ма­ның жал­ пы тұ­тас­ты­ғын бұ­за ал­май­ды, ке­ле­сі та­раулар да со­лай. Не­гіз­гі та­қы­рып пен мик­ро­та­қы­рып­тар қа­ты­на­сы­на да осы­лай қа­рау ке­ рек. Эпи­лог, про­лог сияқ­ты функ­цио­нал­дық сал­мақ көп тү­се­тін бө­лік­тер­дің де мә­тін ст­рук­ту­ра­сын­да­ғы ор­ны мен ма­ңы­зы­на мән бер­ген ұтым­ды. Об­раз­дың тұ­тас эс­те­ти­ка­лық қа­ры­мын көр­се­ту үшін ав­тор мә­тін­нің бел­гі­лі бір ком­по­не­нт­те­рі­не ерек­ше сал­мақ ар­та­ды, тіп­ті мә­тін­де олар­ды бө­ліп көр­се­ту, ем­ле бел­гі­ле­рі ар­ қы­лы дә­ріп­теу де осы үшін ке­рек. Қо­ры­та кел­ген­де, мә­тін­нің тұ­ тас­ты­ғы да, шек­теу­лі­лі­гі де – жал­пы ал­ған­да, шарт­ты. Мә­тін­де­гі диск­рет­ті­лік кө­рі­ніс­те­рі­не на­зар ауда­ра оты­рып, оның бас-ая­ғын бү­тін­деп тұ­ра­тын ра­ма­лар­дың көр­кем мә­тін­ді ұлт­тық әде­биет­тің тұ­тас бір бө­лі­гі етіп тұ­ра­ты­ны да шын­дық, сон­дық­тан ра­ма­лық ком­по­не­нт­тер­ді мә­тін­нің тұ­тас бө­лі­гі не­ме­се бө­лік­тер­дің тұ­та­суы деп қа­рауға бо­ла­ды.
ХХ ға­сыр­дың екін­ші жар­ты­сын­да «мә­тін теориясы­ның» қа­ғи­ дат­та­ры әде­биет­та­ну­да бас­қа­ша ба­ға­ла­на бас­та­ды. Көр­кем шы­ ғар­ма­ның пред­мет­тік-об­раз­дық ас­пек­ті­сі (шы­ғар­ма­ның көр­кем әле­мі) жә­не идея­лық-ма­ғы­на­лық аума­ғы (көр­кем маз­мұн) оның тіл­дік қо­рын қо­са оты­рып, көр­кем мә­тін құ­рай­ды екен. М. Лот­ ман «Ана­лиз поэти­чес­ко­го текс­та» (Л., 1972) де­ген ең­бе­гін­де көр­кем мә­тін мен әде­би шы­ғар­ма бір емес де­ген өз көз­қа­ра­сын айта ке­ліп, мә­тін­нің көр­кем шы­ғар­ма­ның бір ком­по­нен­ті ға­на екен­ді­ гін өзін­ше дәйек­те­ген. Әде­би мә­тін­нен ав­тор­дың ой-­ние­тін, кон­ цеп­циясын, яғ­ни көр­кем маз­мұн­ды із­дейт­ін ға­лым­дар «мә­тін» мен «шы­ғар­ма» си­но­ним­дер деп есеп­тейді. Де­ген­мен бү­гін­гі кү­ні көр­кем мә­тін­ді ерек­ше ұйым­дас­ты­рыл­ған, са­бақ­тас бө­лік­тер­ден тұ­ра­тын тіл­дік құ­ры­лым­дар жүйесі деп ба­ға­лау ба­сым. Әде­би мә­ тін­ді не­гіз­гі жә­не қо­сал­қы мә­тін (атауы, ес­кер­ту­лер, эпиг­раф­тар, т.б.) деп бө­лу осы­ған бай­ла­ныс­ты. Зерт­теу­ші­лер­дің көр­кем мә­тін­нің осын­дай бо­лып ажы­ра­ты­лып жүр­ге­ні­нің се­бе­бін біл­ге­ні дұ­рыс.
Мә­тін тал­дау­да кез­де­се­тін та­ғы бір қиын­дық – оның кей­бір бө­лік­те­рі­нің ав­тор­дың ықы­ла­сы мен сти­лі­не ке­ре­ғар бо­луы, яғ­ ни ой­лауы мен сө­зі бір-бі­рі­не бө­тен адам­дар­дың сөз­де­рі­нің бір мә­тін­де қа­тар қол­да­ны­луы. Бұ­лар­дың қа­та­рын­да бөг­де сөз­дер, ауызе­кі сөй­леу кө­рі­ніс­те­рі, ас­тар­лы па­ро­дия, сти­ли­за­ция, сөз ойна­ту, елік­теу, ре­ми­нис­цен­ция бар, олар­ды зерт­теу үшін ғы­лым са­ла­ла­ры «мә­тін» ұғы­мы­нан туын­дайт­ын ма­ғы­на­сы әр­түр­лі тер­ мин­дер ен­гі­зе бас­та­ды. Ас­тар­лы мә­тін (под­текст), үс­тің­гі мә­тін (над­текст), мән­мә­тін (кон­текст), ин­тер­мә­тін, т.б. ұғым­дар­мен қа­тар ме­та­мә­тін, про­то­мә­тін тер­мин­де­рі де ғы­лы­ми айна­лым­ға ден­деп еніп кет­кен. Үс­тің­гі мә­тін­нің мә­ні уа­қыт, за­ман, ор­та­ға бай­ла­ныс­ ты ақ­па­рат­тар ар­қы­лы ашы­ла­ды, ал мән­мә­тін – мә­тін­де­гі әде­би тү­сі­нік­тер мен құ­бы­лыс­тар­дың ара­сын­да­ғы сан алуан бай­ла­ныс­ тар­ды зерт­тей­ді. Ин­тер­мә­тін – өте күр­де­лі ұғым. Р. Барт өзі­нің «Изб­ран­ные ра­бо­ты. Се­ми­оти­ка. Поэти­ка» (М., 1989) ең­бе­гін­де кез кел­ген мә­тін­де бас­қа мә­тін­дер­дің бө­лік­те­рі­мен омо­ним­дік си­ пат­та, яғ­ни тыр­нақ­ша­сыз не­ме­се бей­са­на қа­лып­та ырық­сыз алы­на­тын бө­лік­тер­мен ара­ла­сып жү­ре бе­ре­ті­нін айт­ып, ав­тор ең­бе­гі­ не кү­мән­мен қа­ра­ған, бі­рақ сөйте тұ­ра өзі жа­ңа мә­тін­нің бұ­рын­ғы мә­тін­дер­мен ара­сын­да­ғы әр­қи­лы диа­лог­тар мен реп­ли­ка­лар­ды са­рап­та­ған.
Соң­ғы жыл­да­ры «мә­тін» тер­ми­ні му­зы­ка­да, театр мен ки­но­да жиі қол­да­ны­лу­да, бұл өнер түр­ле­рі мә­тін­ді «бай­ла­ныс­қан бел­гі­ лер жүйесі» ұғы­мы ре­тін­де қа­рас­ты­ру­ды қол­дайды, мұн­дай із­ де­ніс­тер жүйелі жүр­гі­зіл­се, нә­ти­же­лі бо­лар еді. Мә­де­ниет­та­ну мен ак­си­оло­гия мә­тін­ді бел­гі­лі бір жағ­дай­дан тыс тұр­ған­да ға­на есеп­ке ала­ды. Линг­во­мә­де­ниет­та­ну ба­ғы­ты мә­тін­ді әде­би-мә­де­ни маз­мұн тұр­ғы­сы­нан зерт­тей­ді.
Мә­тін­мен та­ны­сып бол­ған­нан кейін оның ав­то­ры жө­нін­де­ гі мә­лі­мет­ті қай­дан із­деу ке­рек де­ген сұ­рақ­қа жауап көп. Ав­тор мә­тін ішін­де, сыр­тын­да, мә­тін­нен тыс әр­түр­лі кейіп­те өмір сү­ре бе­ре­ді дей­ді көп­ші­лік (Бю­лер, Бах­тин, т.б.), ал бі­реулер (Дер­ри­да, Барт) ав­тор жоқ, ол мә­ті­ні үшін өл­ген адам деп айт­ып кет­кен. Мә­ тін­нің ав­то­ры тек қа­на оқыр­ман­ның өзі де­ген пі­кір­ді қуат­таушы­ лар­дың (Гум­боль­дт, Горн­фелд, По­теб­ня) да өз уәжі бар. Мә­тін­ді тал­дау мен тал­қы­лау ба­ры­сын­да ав­тор об­ра­зы­на ерек­ ше на­зар ауда­ру ма­ңыз­ды. Бұл, әсі­ре­се көр­кем мә­тін­мен жүйелі түр­де жұ­мыс іс­теу ке­зін­де анық бай­қа­ла­ды. Со­ны­мен қа­тар «жа­ ға­лауы жоқ мә­тін теориясы» бой­ын­ша: «Ск­рип­тор жа­за­ды, ал оқыр­ман ол мә­тін­де ер­кін се­руен­деп жү­ре­ді, бі­рақ еш­те­ңе ойла­ май­ды жә­не одан еш­те­ңе ал­май­ды, се­бе­бі ол – мә­тін­нің иесі»­ (Р. Барт) де­ген көз­қа­рас не­гі­зі­нен қа­зір­гі мо­дер­нис­тік мә­тін­дер­ге ар­нал­ған­дай. Әр­түр­лі ғы­лым са­ла­ла­ры­ның «мә­тін» ка­те­го­риясы­ на де­ген көз­қа­рас­та­ры­на шо­лу жа­сау ба­ры­сын­да олар­да­ғы ав­тор ұғы­мы­ның әм­бе­бап функ­цияла­ры­на, ор­тақ қа­сиет­те­рі­не ба­са на­ зар ауда­рыл­ды.
Көр­кем мә­тін­ді зерт­теу­де әде­биет­та­ну мен линг­вис­ти­ка­лық көз­қа­рас­тар­дың көп жә­не жиі түйісе­тін ны­са­ны жә­не екеуі­нің нә­ ти­же­ле­рі бір-бі­рі­не бай­ла­ны­са сеп­те­се­тін ор­тақ фи­ло­ло­гия­лық пән – сти­лис­ти­ка. Линг­вис­тер «көр­кем әде­биет ті­лі», ал әде­биет­ та­ну­шы­лар «әде­би тіл» деп атап кет­кен ор­тақ зерт­теу ны­са­нын линг­вис­тер тіл­дің ерек­ше қол­да­ны­луының бір тү­рі де­се, әде­биет­ ші­лер бұл ұғым­ды мә­тін­нің маз­мұн­ды пі­ші­ні деп тү­сі­не­ді. Көр­кем сөз­дің теория­сын зерт­теу­де фор­ма­лис­тер мек­те­бі деп атал­ған теория­лық көз­қа­рас­тың өкіл­де­рі (Р. Якоб­сон, Б. Эй­хен­баум, В. Жир­мунс­кий) әде­би нор­ма мен жал­пы ха­лық­тық тіл­дің ара­сын­да­ғы қа­ты­нас­тар­ға ерек­ше на­зар ау­дар­ды. Олар тіл­дің аса бел­сен­ді лек­си­ка-фра­зе­оло­гиялық құ­ра­мын жік­теп, әде­би қол­да­ ныс­қа қа­жет­те­рін анық­та­ды. Со­ны­мен қа­тар сөй­леу се­ман­ти­ка­ сы­на, ас­со­циация түр­ле­рі­не ас­тар­лы ма­ғы­на бе­ре­тін тіл­дік құ­бы­ лыс­тар­ды атап көр­сет­ті. Бұл ба­ғыт­тың өкіл­де­рі оған қо­са «ес­ту фи­ло­ло­гиясы­ның» қа­ғи­да­ла­рын да­мыт­ты, оно­ма­то­пея жә­не бас­қа да ма­ғы­на­лы ды­быс құ­бы­лыс­та­ры­на, ин­то­на­цияның ма­ғы­на­ лық қыр­ла­ры­на кө­ңіл бө­лін­ді. Осын­дай әде­би тіл­ді жал­пы ха­лық­ тық тіл­ден бө­ліп алу­ға ты­ры­су не­ме­се оған қар­сы қоюға та­лай мәр­те қа­дам жа­сал­ған. Бұл қа­тар­да­ғы зерт­теу­лер­ден Ц. То­до­ров­-­ тың «Се­ми­оти­ка» (М., 1983) ат­ты кі­та­бын бө­ліп атау­ға бо­ла­ды. Ға­ лым дис­курс­ты ғы­лы­ми, тә­жі­ри­бе­лік, рес­ми, көр­кем-әде­би деп жік­теп, олар­дың әр­қай­сы­сы­ның өз нор­ма­ла­ры, ере­же­ле­рі, пай­да бо­лу жол­да­ры бар­лы­ғын діт­тейді, бұл дис­курс­тар­дың ара­сын­да­ ғы ше­ка­ра­лар­дың жыл­жы­ма­лы, кей­де шарт­ты, бір-бі­рі­не ауысу мүм­кін­дік­те­рі мол еке­нін көп мы­сал­дар­мен дә­лел­де­ген. Ол әде­ би тіл­ді жал­пы ха­лық­тық тіл­ге қар­сы қоюды қол­да­ма­ған. Ға­лым көр­кем мә­тін­де­гі экс­пли­цит­тік, имп­ли­цит­тік ма­ғы­на­лар­дың, сим­ вол­дар­дың не­гі­зін әде­биет­тің өзі­нен із­деуді ұсын­ды.
Көр­кем мә­тін­нің сти­лис­ти­ка­лық ерек­ше­лік­те­рін тал­дау­ға әде­биет­та­ну мен линг­вис­ти­ка­ның жұ­мы­ла кі­рі­суінің қа­жет­ті­лі­гі бар екен­ді­гін көп ел­дің ға­лым­да­ры қайталап айтуда. Тіл­дік-об­раз­дық жүйе­нің шы­ғар­ма­ның эс­те­ти­ка­лық пі­ші­ні еке­ні­не ден қой­ған зерт­теу­ші­лер же­ке ав­тор­лық стиль мә­се­ле­сін тұ­рақ­ты об­раз­дық жүйе­мен, ажар­лау­шы-ай­қын­дау­шы амал­дар­мен бай­ла­ныс­ты­ра­ ды, сю­жет­ті­лік­тің, су­рет­ті­лік­тің жә­не пси­хо­ло­гизм­нің де мә­тін­ нің ма­ңыз­ды стиль­дік бел­гі­ле­рі сы­ңай­лы де­ген олар­дың пі­кір­ле­рі ой­лан­ды­ра­ды. Зерт­теу­ші­лер­дің көр­кем ком­по­зи­ция стиль­дік до­ ми­нан­та бо­ла ала­ды де­ген көз­қа­ра­сы да на­зар ауда­рар­лық.
Осын­дай үде­ріс­тер­дің бә­рі көр­кем мә­тін­ді жүйелі та­ну­ға ба­ ғыт­тал­ған әде­би, линг­вис­ти­ка­лық, сти­лис­ти­ка­лық тал­дау­лар­ды бі­рік­ті­ре­тін «Көр­кем мә­тін­ді фи­ло­ло­гия­лық тал­дау» ат­ты жа­ңа пән­нің қа­жет­ті­лі­гін көр­се­те­ді.
Тұ­жы­рым­дап айт­сақ, әде­би туын­ды­ны фи­ло­ло­гия­лық тал­дау мен тал­қы­лаудың не­гі­зін­де мы­на мә­се­ле­лер жа­туы қа­жет сияқ­ ты: 1) көр­кем мә­тін­ді линг­вис­ти­ка­лық тұр­ғы­дан жүйелі тал­дау­ды жү­зе­ге асы­рып алу; 2) тіл­дік құ­ры­лым­дар­ды қол­да­ну­да­ғы ав­тор­ дың же­ке сти­лін анық­тау үшін сти­лис­ти­ка­лық әдіс­тер­ді қол­да­ну;­ 3) көр­кем мә­тін­ді та­ри­хи-әде­би факт жә­не эс­те­ти­ка­лық құ­бы­лыс ре­тін­де әде­би тұр­ғы­дан тал­қы­лау мен ба­ға­лау. Фи­ло­ло­гия­лық тал­дау – атал­ған амал­дар­дың құр жиын­ты­ғы не­ме­се жай қо­сын­ ды­сы емес, қа­зір­гі фи­ло­ло­гия­лық пән­дер­де­гі ин­тег­ра­тив­тік із­де­ ніс­тер­ді бі­рік­ті­ру­ге жә­не пә­на­ра­лық түйт­кіл­дер­ді ор­тақ мә­се­ле тұр­ғы­сы­нан ше­шу­ге ба­ғыт­тал­ған ке­шен­дік тал­дау. Со­ны­мен қа­ тар ол бас­қа да фи­ло­ло­гия­лық ғы­лым са­ла­ла­ры­мен әр­түр­лі бай­ ла­ныс жа­сауға мүд­де­лі ғы­лы­ми жүйе.
Көр­кем мә­тін­ді фи­ло­ло­гия­лық тал­дау тіл мен әде­биет­тің түп қа­зы­ғы­на тар­та­тын ор­тақ қа­сиет­тер­ге сүйене оты­рып, сөз бен мә­ тін­ге фи­ло­ло­гия­лық не­гіз­гі жә­не дәс­түр­лі ны­сан­дар ре­тін­де қа­ рай­ды.
Фи­ло­ло­гия­лық тал­дау­дың ме­то­до­ло­гиялық қа­ғи­да­ты ре­тін­де көр­кем мә­тін – ста­ти­ка­лық жә­не ди­на­ми­ка­лық ком­по­не­нт­тер­ден тұ­ра­тын ст­рук­ту­ра­сы бар бір бү­тін құ­ры­лым де­ген көз­қа­рас алын­ ған. Мұн­да әр­бір си­пат пен эле­мент айна­ла­сын­да­ғы­лар­мен ты­ғыз бір­лік­те тал­да­на­ды, со­ны­мен қа­тар он­да­ғы ма­ғы­на­лық қа­бат­тар­ дың ав­тор­лық қа­рым-қа­ты­на­сы да қа­рас­ты­ры­ла­ды. Көр­кем мә­ тін­ді тал­дау он­да­ғы бір-бі­рі­нен туын­дайт­ын, бір-бі­рін ай­қын­дап тұ­ра­тын ма­ғы­на­лар мен сим­вол­дар ара­сын­да­ғы ие­рар­хияны кө­ру, та­ну, тү­сін­ді­ру, ба­ға­лауға саяды. Бұл көз­қа­рас көр­кем маз­мұн мен пі­шін­нің құ­ра­мын оның грам­ма­ти­ка­лық фор­ма­ла­ры­нан бас­тап об­раз­да­ры­на, мо­тив­те­рі­не, жанр­лық-құ­ры­лым­дық ерек­ше­лік­те­ рі­не дейін қа­рас­ты­ру­ды көз­дейді. Көр­кем мә­тін­нің ма­ңы­зын ашу үшін фи­ло­ло­гия­лық тал­дау ав­тор об­ра­зы­на, оның мә­тін­де­гі түр­лі кө­рі­ну бей­не­ле­рі­не де ерек­ше мән бе­ре­ді, ав­тор­ға бай­ла­ныс­ты әр­ бір де­рек пен дәйек­ті ұқып­ты қа­рас­ты­ра­ды. Фи­ло­ло­гия­лық тал­дау­лар­дың бә­рі мә­тін­де­гі ең бас­ты мә­се­ле – көр­кем об­раз ту­ра­лы ұғым де­ген­ге тоқ­тайды. Де­мек, туын­ды­да жал­пы мен жал­қы, тип­тік пен да­ра об­раз­дар бо­ла­ды, олар тұ­та­са оты­рып, көр­кем мә­тін құ­рай­ды екен. Фи­ло­ло­гия­лық тал­дау үшін мә­тін­де­гі қа­ра­пай­ым бай­ла­ныс­тар­ды есеп­ке ала оты­рып, көр­кем мә­тін­нің ең ма­ңыз­ды қа­сиет­те­рі­не ба­са на­зар ауда­ру керек. Осы орай­да бел­гі­лі орыс ға­лы­мы­ның Д.С. Ли­ха­чев­тің «мә­тін­де­гі же­ке сөз­дің ға­на ма­ғы­на­сын емес, бү­тін мә­тін­нің көр­кем­дік мә­нін та­ ну ке­рек» (М., 1989, 205) де­ген сө­зі­не ойла­на қа­рау қа­жет бо­лар.
Фи­ло­ло­гия са­ла­ла­рын­да мә­тін­дер­ді өз қа­лауына сай жүйелеу­ ге де­ген ұм­ты­лыс үне­мі жү­ріп жа­та­ды. Соң­ғы жыл­да­ры бір кез­де­ гі К. Бю­лер­дің бел­гі­лі теориясы­на не­гіз­дел­ген көз­қа­рас бел алып отыр. Бұл функ­цио­нал­дық теория бой­ын­ша мә­тін­де­гі сал­мақ ең көп тү­се­тін ком­по­не­нт­тер – стиль мен жанр, осы­ған қа­рап мә­тін­-­ дер­ді ақ­па­рат­тық (ғы­лы­ми, рес­ми стиль­дерде­гі мә­тін­дер), экс-­ п­рес­сив­тік (көр­кем мә­тін­дер), ақ­па­рат­тық-эксп­рес­сив­тік (пуб­ли­-­ цис­ти­ка­лық мә­тін­дер) деп бө­лу­ге бо­ла­ды. Өз ал­ды­на ерек­ше мә­ тін­дер қа­та­ры­на ора­то­ри­ка (сот­та­ғы сөз), го­ми­ле­ти­ка (уа­ғыз, на­ си­хат) жат­қы­зы­ла­ды.
Ау­дар­ма­та­ну да мә­тін­та­ну­мен ты­ғыз бай­ла­ныс­та, өйт­ке­ні мә­ тін­ді ауда­ру үшін ал­дын ала дай­ын­дық жа­саудың қа­лып­тас­қан қа­ ғи­да­ла­ры, жүйе­лен­ген ере­же­ле­рі, ар­найы дағ­ды­сы мен ма­шы­ғы бар. Ал­ды­мен, мә­тін­нің та­би­ға­тын, тү­рін, кө­ле­мін, маз­мұ­ны мен пі­ші­ні­нің ерек­ше­лік­те­рін анық­тап ал­ған дұ­рыс. Әде­би мә­тін­нің анық­та­ма­сы көп: ол – ша­быт­тың құ­пия ең­бе­гі­нің нә­ти­же­сі, ав­тор­ лық тал­дау мен тал­қы­лаудың нә­ти­же­сі, мә­де­ни фе­но­мен, линг­вис­ ти­ка­лық жүйе, ар­хе­тип­тік әлем, пси­хо­ли­нг­вис­ти­ка­лық нақ­ты­лық, ав­тор мен оқыр­ман­ның кез­де­су ала­ңы; ав­тор, ак­тор, нар­ра­тор, бе­ не­фи­ца­рий, ск­рип­тор, ре­цеп­тор ара­сын­да­ғы дел­дал; се­ми­оти­ка­ лық құ­ры­лым, ав­тор­дың өмір ту­ра­лы көз­қа­рас­та­ры мен дү­ниета­ ны­мы­ның кө­рі­ні­сі, мә­де­ниет­тің ұжым­дық жа­ды, та­ри­хи тағ­дыр­ дың ойыны (Горн­фельд), суб­ъек­ті­ден тыс ст­рук­ту­ра (Р. Барт). Әр анық­та­ма мә­тін­нің бел­гі­лі бір қы­ры­на, сы­ры­на, пар­қы­на, са­па­сы­ на, қыз­ме­ті­не не­гіз­дел­ге­ні кө­рі­ніп тұр, ау­дар­ма­шы­ның әрі қа­рай мә­тін­ді оқу, қа­был­дау, тү­сі­ну, тал­дау, ба­ға­лау, һа­шиялау (ин­те­рп­ре­та­ция) сияқ­ты амал­дар­дың ре­тін, бай­ла­ныс­та­рын ай­қын­дап ал­ға­ны өзі­не оң­тай­лы. Ға­лым­дар мә­тін­де кем де­ген­де мы­на­дай үш анық не­гіз бар деп жүр: объек­тив­тік, ав­тор­лық, оқыр­ман­дық. Ал әр мә­тін­нің өзі же­ке тұ­рып өзі де не­гіз бо­ла ала­ды деп жүр­ ген­дер­дің пі­кі­рі на­зар ауда­рар­лық. Бұл пі­кір­лер­дің ақ­па­рат­тық, ма­ғы­на­лық, ғы­лы­ми си­пат­та­рын жоқ­қа шы­ға­ру­ға бол­мас. Қа­зір­гі кез­де жиі тал­қы­ла­нып жүр­ген мә­тін­нің шек­теу­лі­лі­гі (тұй­ық­ты­ғы) мен шек­сіз­ді­гі ту­ра­лы теория­лар­дан ха­бар­дар адам­ның мұн­дай құ­ры­лым­ның көп­ма­ғы­на­лы­лы­ғы, көп­қа­бат­ты­лы­ғы, әр­ба­ғыт­ты­ лы­ғы, өз­гер­ме­лі­лі­гі ту­ра­лы пі­кір­лер­ге ден қой­ға­ны аб­зал. Де­мек, көр­кем мә­тін­ді тал­дау­ға, тал­қы­лауға, тәр­жі­ма­лауға дай­ын­дық­тың да қиын­ды­ғы мен дай­ын­ды­ғы аз емес екен.
Әде­би мә­тін­ді оқып түй­сі­ну­дің түр­ле­рі көп, олар­дың әр­бі­рі бел­гі­лі мақ­сат-мүд­де­ге тәуел­ді, осы үде­ріс ба­ры­сын­да, ал­ды­мен, тіл­дік тұ­тас­тық пен қи­сын­дық са­бақ­тас­тық­ты тү­сі­ну, жү­зе­ге аса­ ды оқи­ға ма­ғы­на­сы мен мә­нін аң­ға­ру, ав­тор­лық идиос­тиль­ді ай­ қын­дау ба­ры­сы мен нә­ти­же­сі де ма­ңыз­ды бол­ған­дық­тан, мә­тін­ ді қа­был­дау­дың ба­ры­сын ре­цеп­тив­ті эс­те­ти­ка, ком­му­ни­ка­тив­тік поэти­ка, әлеу­мет­та­ну сияқ­ты ғы­лым са­ла­ла­ры ар­найы зерт­тей­ді, олар оқыр­ман­ның бі­лі­мі, жа­сы, та­би­ғи қа­бі­ле­ті, ор­та­сы та­қы­лет­ тес фак­тор­лар­дың көр­кем шы­ғар­ма­ны қа­был­дау­ға, тү­сі­ну­ге, ба­ ға­лауға ти­гі­зе­тін әсер-ық­па­лын са­рап­тайды. Со­ны­мен қа­тар мә­ тін­ді тү­сі­ну тіл­дік-се­ман­ти­ка­лық жүйені, одан кейін ой мен қиял өр­нек­те­ген көр­кем­дік нақ­ты­лық­ты түй­сі­ніп тү­сі­ну­ге же­те­лей­ді, яғ­ни ав­тор бей­не­ле­ген дү­ниені, уа­қыт пен ке­ңіс­тік­ті кө­ру, елес­ те­ту де оны та­ну­дың түр­ле­рі де­ген ой­дың жа­ны бар, бұ­ған қо­са зерт­теу­ші­нің сөз­дің ас­тар­лы мә­нін, жа­сы­рын ма­ғы­на­сын ұғы­ну­ға, он­да­ғы түс, ды­быс, се­зім, әре­кет, қи­мыл­ды қа­был­дау­ға мүд­де­лі бо­луы ке­рек, яғ­ни мә­тін­та­ну­шы­ның әде­би ант­ро­по­ло­гия­лық көз­қа­рас­тар ту­ра­лы жүйелі дай­ын­ды­ғы бол­ға­ны жа­ра­са­ды.
Әде­би шы­ғар­ма­ны фи­ло­ло­гия­лық тал­дау объек­тив­тік не­гіз­ дер­ге сүйе­ніп, бел­гі­лі амал-әдіс­тер ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді, мұн­да өнер атау­лы­ға тән жал­пы заң­ды­лық­тар да ес­ке­рі­ле­ді. Тал­дау әде­ биет теориясы мен мә­тін поэти­ка­сы­на ты­ғыз бай­ла­ныс­ты бол­ған­ дық­тан, мә­тін­нің шы­ғар­ма­шы­лық та­ри­хы, ав­тор тұл­ға­сы, дәс­түр, жанр мә­се­ле­ле­рі де на­зар­дан тыс қал­мауы ке­рек. Әде­би туын­ды­ ны зерт­теу «қа­ра­ма-қар­сы ағыс­тар» теориясы­на сүйене оты­рып, мә­тін­нің іші­нен сыр­ты­на, ты­сы­нан іші­не қа­рай жүр­гі­зіл­се, тіп­ті өнім­ді бол­мақ. Маз­мұн мен пі­шін бай­ла­ны­сы ту­ра­лы клас­си­ка­ лық теория­лар­ға жү­гі­ніп оты­ру нә­ти­же­лі бол­мақ.
Мә­тін­ді тал­қы­лау үде­рі­сін­де оқу­шы­ның гер­ме­нев­ти­ка мен ре­цеп­тив­тік эс­те­ти­ка­ға сүйен­ге­ні аб­зал, өйт­ке­ні ол – са­на­лы-ин­ туитив­ті әре­кет, сон­дық­тан ин­те­рп­ре­та­тор­дың ер­кін­ді­гі, суб­ъек­ тив­ті­лі­гі, өзін­дік оқ­шау пі­кір­ге құ­мар­лы­ғы мін­дет­ті түр­де мә­тін ар­қы­лы дәйек­те­ліп, дә­лел­де­ніп, нақ­ты­ла­нып отыр­ға­ны орын­ды. Түйіп айт­қан­да, мә­тін­ді ин­те­рп­ре­та­циялау оның ма­ғы­на­ла­рын тү­сі­ніп оты­рып ба­ға­лау жә­не мән-ма­ңы­зын дәйек­ті ба­ға­лау де­ ген­ге жа­қын. Көр­кем мә­тін­де бір­не­ше шы­ғар­ма қа­тар өмір сү­ре ала­ды де­ген пі­кір­ге ойла­на қа­ра­ған­ның айыбы жоқ. Фи­ло­ло­гияда мә­тін­ді, оқу, тү­сі­ну, тал­дау, ба­ға­лау бір-бі­рі­не бай­ла­ныс­ты түр­ де жү­зе­ге асы­рыл­са, түп­нұс­қа мен ау­дар­ма мә­тін­ді иден­тиф­ри­ка­ циялау ба­ры­сы нә­ти­же­лі бо­ла­ды деп есеп­тейді.
Көр­кем шы­ғар­ма­ны тәр­жі­ма­лау ба­ры­сын­да «мә­тін» ұғы­мы бір-бі­рі­не тәуел­ді бір­не­ше ны­сан­ға бө­лі­не­ді: а) мә­тін – тү­сі­ну ны­ са­ны, яғ­ни ма­ғы­на­лар ту­ды­ру­шы құ­ры­лым; ә) «түп­нұс­қа мә­тін – яғ­ни бас­қа тіл­ге ауда­ру­ға, бейім­деуге бо­ла­тын мә­тін; б) ау­дар­ма мә­тін – бас­қа тіл­де­гі оқыр­ман үшін өз­гер­тіл­ген, лай­ық­тал­ған, бейім­дел­ген туын­ды.
Ал­дын ала тал­дау­да мә­тін­де­гі гно­се­оло­гиялық бай­ла­ныс­тар аса ма­ңыз­ды. Сол се­беп­ті мә­тін теория­сын­да «текс­туали­тет» тер­ ми­ні пай­да бо­лып, қа­зір­гі кез­де­гі зерт­теу­лер­де жиі қол­да­ны­лып жүр.
Мә­тін­нің си­нер­ге­ти­ка­лық әлеуеті мен іш­кі ре­су­рс­та­рын арт­ ты­ру­дың амал­да­ры із­дес­ті­рі­лу­де, әр­бір фи­ло­ло­гия­лық ба­ғыт бұ­ ған өз үле­сін қо­сып отыр. ХХ ға­сыр­дың со­ңын­да пай­да бол­ған жа­ңа ғы­лы­ми па­ра­диг­ма­лар ая­сын­да «мә­тін линг­вис­ти­ка­сы» де­ ген ба­ғыт қа­лып­та­са бас­та­ды. Атал­мыш са­ла өкіл­де­рі мә­тін­ді тіл­ дің ең не­гіз­гі жә­не бас­ты бір­лі­гі деп та­ни­ды, осы­ны теория­лық тұр­ғы­дан не­гіз­деу жұ­мыс­та­ры жүр­гі­зі­лу­де.
Қа­зір­гі кез­де мә­тін­ді ант­ро­по­це­нт­рис­тік, функ­цио­нал­дық, ког­ни­тив­тік па­ра­диг­ма­лар өрі­сін­де қа­рас­ты­ру пәр­мен­ді бо­лып отыр. Тіл мен мә­тін ара­сын­да­ғы бай­ла­ныс­тар жан-жақ­ты зерт­те­лу­де. Атал­мыш ба­ғыт өкіл­де­рі әр­бір мә­тін­де ұлт­тық тіл та­би­ға­ты ерек­ ше­лі­гі кө­рі­ніп тұ­ра­ты­ны­на се­нім­ді, сон­дық­тан олар ұлт­тық ой­ лау жүйесі­нің сі­лем­де­рін ай­қын­дау­ға құл­шы­нып отыр. Со­ны­мен бір­ге мә­тін ав­то­ры­ның тұл­ға­лық бол­мы­сы, әлеу­мет­тік ор­та­сы, мә­де­ниет дең­гейі, дү­ниета­ны­мы, ұлт­тық ді­лі ту­ра­лы сақ­тал­ған ақ­па­рат­тар­ды тауып, та­ну­ға де­ген ұм­ты­лыс бар. Сай­ып кел­ген­де, мә­тін­ді функ­цио­нал­дық линг­вис­ти­ка, ком­му­ни­ка­тив­тік син­так­ сис, сти­лис­ти­ка, ри­то­ри­ка, линг­во­мә­де­ниет­та­ну сияқ­ты ғы­лы­ми ба­ғыт­тар қа­рас­ты­ру­да. Оған қо­са «тіл­дік тұл­ға теориясы», «әлем­нің тіл­дік бей­не­сі» сияқ­ты та­қы­рып­та­ғы із­де­ніс­тер де мә­тін­нің қа­ты­суымен жүр­гі­зі­лу­де.
Қа­зір­гі таң­да «адам­ның әле­мі мен ті­лі» де­ген ба­ғыт­та­ғы зерт­теу­лер ерек­ше қы­зы­ғу­шы­лық ту­ды­рып отыр. Атал­мыш та­қы­рып­ тың түп-төр­кі­ні бы­лай­ша ай­қын­дал­ған: мә­тін­нен ма­ғы­на із­деу, жал­пы мән­нен же­ке ма­ғы­на­ға қа­рай ін­де­тіп зерт­теу, тіл жай­ын­да­ ғы жал­пы ұғым­нан ұлт­тық тіл­де­гі ұлт­тық са­на («ха­лық шын­ды­ ғы») кө­рі­ніс­те­рі­мен бай­ла­ныс­ты­ра қа­рас­ты­ру, мә­тін­де­гі қи­сын­ды дис­курс­ты ав­тор­лық стиль ерек­ше­лік­те­рі­мен са­лыс­ты­ра тек­се­ру.
Мә­тін линг­вист­ика­сы мә­тін­нің өзін­дік бел­гі­ле­рін ай­қын­дау жо­лын­да бір­ша­ма же­тіс­тік­тер­ге қол жет­кіз­ген, фи­ло­лог-ма­ман­ ның бұл ақ­па­рат­тан ха­бар­дар бол­ға­ны аб­зал.
Қа­зір­гі кез­де­гі аса бір зә­ру ғы­лы­ми мә­се­ле – мә­тін­ге анық­та­ма бе­ру бо­лып отыр. Бұл із­де­ніс­тер­дің екі ба­ғыт­та жү­ріп жат­қан­ды­ ғын атап өту­ге бо­ла­ды. Бі­рін­ші­сі – ғы­лым­да­ғы дәс­түр­лі ба­ғыт, яғ­ни мә­тін бел­гі­ле­рі арис­то­тел­дік қи­сын­ға не­гіз­де­ліп ай­қын­да­ла­ды, мұн­да әр­бір зерт­теу ны­са­ны­ның жал­пы он­то­ло­гиялық қа­сиет­те­рі есеп­ке алы­на­ды. Қа­зір атал­мыш ба­ғыт өкіл­де­рі мә­тін­нің мы­на­дай бел­гі­ле­рін атап көр­се­тіп отыр: бай­ла­ныс­ты­лық (қи­сын­ды, лек­си­ ка­лық, грам­ма­ти­ка­лық, сти­лис­ти­ка­лық), аяқ­тал­ған­дық, жүйелі­ лік, объек­тив­ті­лік, мақ­сат­ты­лық, ашық­тық, ке­ңіс­тік пен уа­қыт­ қа бай­ла­ныс­ты­лық. Екін­ші ба­ғыт – ког­ни­тив­тік көз­қа­рас­т ар­ға не­гіз­дел­ген, мұн­да мә­тін анық­тау бас­ты кон­цеп­ті­лер­ге сүйене оты­рып, жүр­гі­зі­ле­ді, нә­ти­же­сін­де айтылым­ды мә­тін деп та­ну­ға бо­ла­тын бел­гі­лер атал­ған. Олар­дың қа­та­рын­да ақ­па­рат­ты­лық, ад­рес­ті­лік, мақ­сат­ты­лық, праг­ма­ти­ка­лық бағ­дар, ниет­ті­лік, эмо­тив­-­ ті­лік бар.
Мә­тін па­ра­диг­ма­сы жай­ын­да­ғы зерт­теу­лер­де тіл­дік бел­гі (код) жә­не оны ай­қын­дау­дың тиім­ді жол­да­ры қа­рас­ты­ры­лу­да.
Мә­тін­де­гі тіл­дік бір­лік­тер­дің бай­ла­ны­сын қа­рас­ты­ру, па­ра­ диг­ма мен син­таг­ма ұғым­да­ры ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­ді. Мә­тін­де­гі «айтушы­ның грам­ма­ти­ка­сы» мен «тың­дау­шы­ның грам­ма­ти­ка­сы» ара­сын­да­ғы қа­рым-қа­ты­нас­тар­ға на­зар ауда­ру – өте ма­ңыз­ды, өйт­ке­ні қол­да­ныл­ған тіл­дік бір­лік­тер­дің қа­был­дау бір­лік­те­рі­не айна­луының құ­пияла­ры көп. Осы орай­да, син­так­се­ма, текс­те­ма де­ген ұғым­дар­дың та­би­ға­ты­на на­зар ауда­ру­дың бе­ре­рі мол. Со­ ны­мен бір­ге та­ны­ла­тын әлем­ді ан­те­риория­лық ны­сан­ға ай­нал­ды­ ру­дың сыр­ла­ры­на үңіл­ген де тиім­ді бол­мақ.
Мә­тін ста­ту­сын анық­тау­да ше­шуін тап­пай тұр­ған күр­де­лі мә­ се­ле­лер бар, олар­дың кө­бі «тіл-айтылым» ат­ты ди­хо­том­дық көз­ қа­рас­тан туын­дап отыр. Мә­тін­ді бі­ре­се тіл­дік бір­лік­ке, ен­ді бір­де айтылым бір­лі­гі­не те­лу бар. Мұн­дай қай­шы­лық­ты мә­се­ле­ні ста­ ти­ка мен ди­на­ми­ка тұр­ғы­сы­нан ше­шу­ге де­ген ын­та бай­қа­ла­ды, бі­рақ кө­ңіл қояр­лық нақ­ты пі­кір жоқ. Мә­тін­ді бір­де үде­ріс, кей­де нә­ти­же деп та­ну кез­де­сіп жүр, ен­ді бі­реулер мә­тін­ді ерек­ше эмерд­жет­тік құ­ры­лым деп та­ну­ды ұсы­ну­да. Мұн­дай көз­қа­рас­тар мә­тін­нің әлеу­мет­тік ор­та­мен, мә­де­ни код­пен, дис­курс­пен бай­ла­ ны­сы­на ерек­ше мән бе­ру­ден ту­ған.
Әлеу­мет­тік ор­та, мә­де­ни код, дис­курс түр­ле­рі жа­ңа мә­ті­на­ра­лық бай­ла­ныс­тар­ды қа­рас­ты­ру­ға ба­ғыт сіл­теу­де. Мән­мә­тін, ме­та­ мә­тін, ме­та­ке­ңіс­тік, тіл­дік ке­ңіс­тік, ин­тер­мә­тін сияқ­ты ұғым-тү­сі­нік­тер осын­дай із­де­ніс­тер­ден ту­ған. Көр­кем мә­тін теориясы да осы мә­се­ле­лер­ді жан-жақ­ты зерт­теу­ді діт­теп отыр.
Қа­зір­гі ғы­лы­ми па­ра­диг­ма мә­тін­нің пер­со­нал­ды­ғы­на, яғ­ни оның суб­ъек­ті­мен қа­рым-қа­ты­на­сы­на қа­тыс­ты мә­се­ле­лер кө­ кей­кес­ті бо­лып отыр. Әри­не, суб­ъек­тив­тік бас­тау­ға қа­ты­сы бар әр­қи­лы пі­кір жағ­дайды күр­де­лен­ді­ріп отыр­ға­ны жа­сы­рын емес. Айтушы мен тың­дау­шы, ад­ре­сант пен ад­ре­сат, ав­тор мен ре­цеп­ тор сияқ­ты ұғым­дар­дың әр­қай­сы­сы­ның өз ерек­ше­лі­гі бар, мә­тін­ де бұ­лар­дан бас­қа суб­ъек­ті­лер бар деп есеп­те­ле­ді. Олар­дың қа­ та­рын­да ба­қы­лаушы (пер­цеп­тор), пай­ым­даушы (мен­та­лист) те бай­қа­ла­ды. Бір­қа­тар фи­ло­ло­гия­лық пән­дер ав­тор, ав­тор об­ра­зы, баян­даушы, ск­рип­тор, ли­ри­ка­лық кейіп­кер, ав­тор­лық пер­со­наж сияқ­ты тер­мин­дер­ді пай­да­ла­ну­да. Мә­тін мен суб­ъек­ті­нің ара­сын­ да­ғы, тіл мен оны қол­да­ну­шы ара­сын­да­ғы күр­де­лі мә­се­ле­лер де зерт­те­ле бер­мек.
Мә­тін­нің дү­ниета­ным­дық әлеуе­тін анық­тау да – өте зә­ру мә­се­ ле. Со­ны­мен қа­тар мә­тін­нің ст­ра­те­гиясы мен так­ти­ка­сы, құ­ры­лы­ мы, дең­гейле­рін қа­рас­ты­ру­дың да ма­ңы­зы же­тер­лік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет