Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Әдіскер ғалым Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» еңбегіне талдау жасау



бет11/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Байланысты:
жауаптары

Әдіскер ғалым Т.Ақшолақовтың «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» еңбегіне талдау жасау

http://www.rusnauka.com/1_KAND_2018/Philologia/0_231674.doc.htm
Көркемөнер табиғатын мейлінше парасат-зердесімен түсінетін үздік сөз зергері А. М. Горький: «Жазушы сөзді iске, iстi сөзге айналдырады», - деп, философиялық эстетикалык үлкен ғұламалық пiкiр айтқан. Кемеңгер суреткер мазмұны мен форманыӊ диалектикалық бiрлiгiн айтумен бірге, сөз iске, iс сөзге айналғанда, форманын өзі жалаң форма емес, оның мазмұнды форма екенін үлкен ойшылдықпен түйiндеген.
Шынайы өнер туындысында ізгілік, жаксылык, сұлулық- егiз дүниелер. Соның бәрі бір тамырдан өрiлгендей, сол шығарманын бүкіл қан-тамырынан жаралғандай. Адалдық, асылдык, адамгершілік, арлылық сияқты абзал қасиеттер болмаған жерде, шынайы өнер жоқ. Осы қасиеттер көрінбеген өнер өнер емес, эстетикалық ләззаты, адамға берерi жоқ, өнерге тек сырты ғана ұксас бiрдеңе болып шығады. Шынайы көркем туындыдағы бүкіл элемент бiр максатқа - жазушының эстетикалық идеалын ашып беруге кызмет етеді. Ендеше шығармаға талдау жасағанда, ондағы көркем элементтерді бүтіннің бөлшегі ретінде қарастыру керек. Бүтiн мен белшектiн арасындағы диалектикалық бiрлiктi үнемi сақтау керек.
Шығарманың көркемдігін оның жеке элементтерінен iздеуге болмайды. Шығармада нелер сөз өрнегі төгіліп тұрғанымен, ол көркем бола алмайды. Көркемдік дегендi шығарманың бүкiл компоненттерiнiң бiрлiгiнен, уйлесім келiсiмiнен iздеуiмiз керек.
Сайып келгенде, көркем әдебиет шығармаларының идеялық-эстетикалык мәні солардың басын кұрап, тұтас бітім етіп тұрған көркем компоненттерінен көрінеді. Жасыратыны жоқ, бiз өнер шыгармасындағы осы идеология мен технология бiрлiгiн көпшілік жағдайда ескермедік. Шығарманың идеясын, тақырыбын, әлеуметтік мазмұнын жалаң қуалап, онын көркемдік сапаларын кағажу қалдырдык немесе идеясын өз алдына бiр белек, көркемдiгiн өз алдына бір белек алып талдадық. Яғни шығарманың идеясы мен көркемдігі арасындағы диалектикалық бiрлiк сакталмай келді.
Ал шығармадағы идеология мен технологиянын бiрлiгiн, жалпы шығарманың идеялык-көркемдік күрделі құрылымын тани, аша білу әдебиет тану ғылымының жетекшi концепциясының методологиялық жақтарын, жалпы әдебиет теориясын жан-жақты терең білуге байланысты. Ол болмаған жерде шығарманың ішкі құрылымына ене алмақ емеспіз. Бiздiң талдауымыздың бiр жакты болуы да осыдан келiп шығады. Әдебиет жайындағы ғылым негiзiн бiлу -эстетикалык талдау жасай алудың негiзi. Ал әдебиет танудың ғылыми негiзiне, оның жетістіктеріне сүйенбеген методикалық зерттеулер ғылымы жағынан сапалы болмайды. Демек, методика әдебиеттану ғылымымен iштей байланысты. Методика соған иек артқанда ғана ғылым ретінде дами алады.
Шығармаға эстетикалық талдау жасау шығарма проблематикасын, жазушының эстетикалық идеалын ашу мақсатын көздейді. Ал эстетикалық талдау бiр жақтылықтан аулақ болу керек. Бiз өнердiң танымдық, тәрбиелiк және көркемдiк қызметiнiң, өнердегi идея мен форманың диалектикалық бiрлiгi жайындағы маркстіклениндiк қағиданы оқыту процесінде, шығармаға талдау жасаған кезде басшылыққа алуымыз керек.
Әдебиет методикасы оқыту мақсатына, оқыту мазмұны мен системасына, оқытудың әдіс-тәсiлдерi мен формасына байланысты проблемаларды зерттеумен үнемі шұғылданып келеді. Әрине, бұл салада табысымыз да баршылық. Сол сиякты шешілмеген проблемаларымыз да аз емес.
Оқыту әдісі мен шығармаға талдау жасау әдiсi бiр-бiрiне байланысы жоқ, оқшау дүние емес. Бұлар бiр-бiрiмен iштей бiрлiкте. Талдау әдiсiнсiз оқыту әдiсi дәрменсiз. Онсыз оқыту тиiстi натиже бермек емес. Оқыту процесiнде муғалiм шәкіртті үнемі талдау әдісіне үйретіп отыруға міндетті. Олардың өздігінен білім алуы да әдебиет шығармасына тұшынуы да осыған байланысты. Керкем шығармаға талдау жасау деген - онын бейнелi ойына бару деген сөз. Осы мақсаттарды сабак процесiнде жүзеге асыру талдау әдістерінің алуандылығына ғана емес, сонымен қатар мұғалiмнiң окытудың әр түрлі әдіс-тәсiлдерiн ұтымды да шебер пайдалана бiлуiне байланысты. Шәкiрттердi көркем текске терең бойлату үшiн творчестволық оқу, творчестволық тапсырма әдiсi ұтымды. Шәкiрт неғұрлым көп бiлсе, ал сұрау тапсырмалар шәкірттердi текске үңiлдiрер, қызыктырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым шәкiрттiң көркем туындыны қабылдауы арта түспек.
Көркем әдебиет стилистикасын зерттеу, білу үшін тiл бiлiмiнiң жалпы тұжырым, байламдарына, лингвистикалық стилистикаға сүйенуге тиіспіз. Өйткені екеуiнiң де материалы тіл. Бiрақ тiл-өнер формасы, өнер тiлi ретiнде шығарманың бейнелі конструкциясын құрап турғанда, ол екiншi бiр зандылыққа бағынады. Сондықтан оны зерттеу әдiсi де сол зандылықтан туады. Стиль-мазмұнды форманың барлык элементтерінің бiрлiк көрiнiсi, солардың басын құраушы, бiрiктiрушi. Форманың жеке элементтерi өз алдына тұрып стиль құрай алмақ емес, тек бар-баршасы қосылып барып, жазушы стилін, шығарма стилiн жасайды.
Стильден акын-жазушынын рухани дуниесiн, онын сол рухани дүниесінің байлығын, оның творчестволық даралық бейнесін, дарын-талантын көреміз. Стильден онын әдебиетке қосқан үлесiн бiлемiз. Оның суреткерлік даралык сипатын керемiз. Стильден жазушынын обьективтi дүниені көру-ойлау тұрғысын ақтарамыз. Сөйлем сөз саптауын бiлемiз.
Корыта айтқанда, стиль - керкем шығарманың формасының касиеті. Онсыз жазушы стилі жоқ. Онсыз бiз жалпы көркем стиль табиғатын бiле алмак емеспіз.
Орта мектепте шәкірттерге жазушы, әдеби шығарма стилін танытканда, осы аманлесте болу керек. Ал орта мектепте шәкiрттердiң жас ерекшелігіне, бiлiмiне байланысты мұны таныту мiндеттi де. Егер көркем стильден шәкірт тусiнiк ала алмаса, онда ол көркем шығарманы да, әр жазушының өзiндiк даралығын да біле алмақ емес.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет