Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


Қазіргі ғылымдағы проза, поэзия, драматургияның көркемдік сипатына тән өзгерістер



бет20/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71
Байланысты:
жауаптары

24.Қазіргі ғылымдағы проза, поэзия, драматургияның көркемдік сипатына тән өзгерістер

Проза (лат. prōsa) – әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман).


Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т.б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М.Сервантес, Д.Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.


Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.


Қазіргі қазақ прозасында Т.Шапайдың «Үйдің иесі» атты туындысы − гротескілік әңгіме. Бұл әңгіме ә дегенде ұсақ-түйек оқиғаға құрылғандай көрінеді. Кейіпкер өзі туралы айтқанда, «орташа» деген ұғымға екпін түсіреді. Бұл ойдың астарында иллюзия бар. Т.Шапай прозасы − қазақ әдебиетіндегі саяси гротескінің ерекше үлгісі. Үйдің иесі – бұл қожайын емес, біздің қоғамның аллегориялық бейнесі. Қаламгер аталмыш шығармасында тұрмыстық, заттық, этнографиялық портреттік детальдар арқылы кейіпкердің рухани әлеміне тереңдей үңіліп, адам психологиясын ашады. «Детальдар арқылы кейіпкердің қоршаған ортасы, халық тұрмысы шыншылдықпен бейнеленуі және сол дәуірдің мәдени-тарихи, тұрмыстық ерекшеліктері айқындалары хақ». «Бұл пәтер бүгінде – сайтанның сауық үйі. Өзгелер бұл үйді Сайтан – клуб дейтін көрінеді». Сол сәт сөрелер қайғыдан «опырылып түсті». Бұл − күшті деталь. Қоғамның дерті күшті, ішінен іріп жатыр. Ал, бұл қоғамның рухани азғындап, іріп-шіруі қашан басталған?! «Сіз кітап оқуды қойғалы бері (яғни, не заманнан бері) осы үйді жын иектеді…» дейді үй иесіне қарсы сотта кітап шкафы. Жазушы заттарға адами кескін береді. Сылаңдаған сұлу қасық, күлімкөз рюмкалар – сайтанша арбайтын сұлудың өзі. «Алтын қасық аузыма кіріп шыққан сайын мадақ айтады, күміс қасық құлағыма жағымды тәтті өсектермен сыңғырлайды» – бұл ер-азаматтың асыл қалыбына көлеңке түсіретін, қазақ қоғамын өрмекшінің торындай торлап алған жағымпаздықтың персонификациясы, яғни тұлғалануы. Өзі тұтынған заттар үй иесін жан-жағынан қаумалап, қарғыс айтады. Сол сәт тәубесіне түскендей болған ол «қайран алтын күндерім» деп, көкірегі қарс айрылады. Бұл өкініштен Шәкерім қажының тура осылай зарлағаны, жастық шағын сағына, алаңсыз күндерін аңсап құса шеккені еске оралады. Абайда бұл өкініш − ұлттың, этностың ащы өкініші: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» − қазақтың көп игіліктен кенже қалуы.


Әдебиеттегі драмалық шығармалардың өзге жанрдағы туындылардан ерекшелігі, біріншіден, оның адамзаттың рухани болмысындағы шынайы сезiм мен құштарлықты психологиялық жағынан оқырман мен көрерменнің жан күйзелiсiмен ұштастырып, заманның келелі мәселелерін барынша шынайы суреттеуiнде болса, екінші жағынан, драмалық шығармалар көркем туынды (мәтін) түрінде оқырманына әрі сахналық қойылым түрінде көрерменіне жетеді. Әрине бұларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Себебі, драма жанры сахна, театр үшін де, көркем туынды үшін де қажет. Сахна өнерінің қашанда қайнар көзі мен арқауы – ұлттық драматургия.


ХХ ғасырдан бастау алған қазақ драматургиясындағы туындылар классикалық әдебиет үлгілері болып саналатын құнды шығармалар. Атап айтсақ, «қазақ топырағында драматургияны дамытқандар қатарында Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Жұмат Шанин пьесала ры ұлттық классикалық дәстүр жолын қалыптастырды және т.б. кейінгі толқын драматург-қаламгерлер шығармашылығы арқылы жалғасты» [2].Ал тәуелсіздік жылдарынан басталатын қазіргі қазақ әдебиетіндегі драмалық шығармалар дәстүр мен жаңашылдықты қатар алып, өзіндік поэтикасымен, терең мазмұнымен ерекшеленіп отыр.
Белгілі ғалым Р. Нұрғалиевтің: «қазақ драматургиясының бүгінгі жаңалықтарын, даму тенденциясын бағдарлағанда мазмұн мен форма арасындағы диалектикалық байланыс күрделілігін ерекше еске тұта отырып, бірнеше салаға жеке-жеке назар аударып, түйінді мәселелерді арнайы бажайлау шарт. Көркемдік құралдар, әдеби дәстүрлер оп-оңай, тез өзгере салуға ырық бермейді, алайда, суреткердің дүние танымы, тақырыпқа келуі, бейне жасауы бұл орайдағы құбылыстар, түптеп келгенде, болмыстың, өмірдің ағымынан жырылып, томаға тұйық қала алмайды» [3,272] деген көзқарасын назарға алсақ, дәстүр мен жаңашылдық қатар көрініс тапқан қазіргі қазақ драматургиясының даму қарқынындағы көркемдік әлем өзіндік сипатқа ие.
Қазіргі заманда драматургия мен театр күрделі уақытта өмір сүрген қазақ елінің өмірінен ерекше орын алатын көркемдік игілік, эстетикалық байлықтардың бірі [3, 384]. Бұл күнде драматургия саласында Д. Исабе ков, Қ. Ысқақов, Ә. Тарази, Т. Нұрмағанбетов, С. Балғабаев, И. Оразбаев, И. Сапарбаев өнімді еңбек етуде. Ал аға буынның ізін жағастырып жүрген қазіргі қазақ драматургиясының өкілдері С. Асылбеков, Е. Аманшаев, Р. Мұқанова, Р. Отарбаев, Е. Жуасбек, Т. Жандәулет және т.б. Дәуірдің көркемдік санасы оның өзіндік поэтикасынан көрініс табатыны белгілі. Қазіргі әлемдік әдебиеттану ғылымында поэтика мәселесі айтарлықтай қарқынды зерттелгенімен, әлі күнге дейін бұл ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде поэтикаға «поэтикалық қызметті, оның көрінісін, формасы мен түрлерін зерттейтін ғылым» [4] ретінде анықтама береді. Ал «Қысқаша әдебиеттану энциклопедиясында» поэтика – «әдебиеттің құрылымын, жанрлар мен түрлерді, ағымдар мен бағыттарды, стиль мен әдістерді, көркемдік тұтастықтың түрлі дәрежедегі қатынастары мен ішкі байланысының заңдарын зерттейді» делінген [5]. Орыс әдебиеттанушысы М. Поляков «шығарманың көркемдік мәнін құрайтын заңдылықтар, ережелер мен нормалар поэтиканың негізі» [6] десе, Я. Мукаржовский поэтика «тек шығарманың поэтикалық техникасы туралы нормативтік ғылым ғана емес, сондайақ поэтика – поэтикалық өнердің эстетикасы мен теориясы» [7] деген пікір айтады. Сонымен қатар әдебиеттанушы ғалымдар поэтика деген мәселені қозғағанда жекелеген шығармалардың, автордың, көркемдік жүйенің, жанрдың, сюжеттің, стильдің және т.б. поэтикасы туралы айтады. Бұған дәлел ретінде О. Фрейденбергтің «Поэтика сюжета и жанра», Я. Пропптың «Морфология сказки», М. Бахтиннің «Проблемы поэтики Достоевского», Н. Рымарьдің «Поэтика романа» сияқты еңбектерін атауға болады.

Тәуелсіздік кезең поэзиясындағы ұлт­азаттық күрес, елдік, ерлік рух, қазақ мемлекеттігінің қалыптасып, даму тарихындағы тұлға тағылымын жырлау үрдісін жеке шығармашылықтағы отаншылдық мұраттар, шеберлік тәсілдер, суреткерлік қолтаңба ауқымында зерделей отырып, мақала авторлары қазіргі қазақ өлеңінің көркемдік поэтикалық әлеуетін аша түседі.


Қазақстан Республикасының егемендігі жарияланған 1991 жылдың 1 желтоқсаны ел тарихындағы жаңа дəуірдің есігін ашты.

Ұлттық сөз өнеріміздің байырғы бай мазмұны жаңа уақыттың болмыс-бітім, беталысбағдарымен маңыздана түсті, əр қосып түлептүрленді.


Қилы тарихи себептермен шынайы өнерге тұсау болған қондырма мазмұн, қолдан жасалған кейіпкерлер, қолпаштау ұстанымы, əсірелей жазу, қисынсыз тартыс құру, тақырыпқа теліну сынды құбылыстар шығармашылық өрістен біртіндеп ысырыла бастады.
Адам тұлғасы көркемдік кеңістікке тіршілік құндағындағы бітім-болмысымен батыл енуге еркіндік алды. Қаламгерлер шығармашылық азаттыққа шықты.
Қазақ сөз өнерінің даму тарихындағы тəуелсіздік кезең əдебиеті атты жаңа шығармашылық уақытта қазақ поэзиясы жаңашылдықпен дəстүр байытқан, дара поэтикалық туындылармен өріс кеңітті.
Мəтінді ұлттық тұғырлармен əсерлеу; ежелгі жыр-толғаулардағы түпнегіз, дəстүрлі поэтикалық нысандарды жаңа дəуірдің мазмұнына ұтымды сіңіріп ұқсату; баяндау үрдісіне эпикалық үлгі мен лирикалық нақыштар үйлесімінің жатық орнығуы, т.б. суреткерлік бағыттары жаңа көркемдік дəуір поэзиясына əсер құйды, қуат қосты.
Қазақ поэзиясының алдыңғы буын өкілдері де, кейінгі толқыны да заманалар ақиқатын, ұлт тағдырына құбылыс (Ж. Бөдеш) болып енген, ғасырларды көктей өтіп аман жеткен Бостандықтың бас айналдырар бақытын, ендігі уақыттың жаңа бағытын, азамат ердің баласы көтерер замана жүгін өлеңге дарытуға асықты. Неден де болсын сескенбей, қалпын түзей бастаған халқының ежелгі ғұмыр ғұрпын, ұлтжанды рухын Тəуелсіздік тарихымен тоғыстыра, жарыса жырлады.
Ақындар арғы замандарды, аруақты бабалар тағылымын, бодандықтың азапты сапарларын, бүгінгі уақыттың болмысын оның əлі жазылып бітпеген жүрек жарақаттарымен, жан қуантқан тарихи əсерлерімен тұтас сезінді. Қазақ өлеңінің мейлінше дəстүр байытқан, жаңашыл өрістер ашқан өнімді кезеңі де осы жылдар болды.
Тəуелсіздік жылдардағы қазақ поэзиясы ұлттық болмыстың түп қайнарларын сезінудегі көркемдік тапқырлығымен, сыршыл саздарымен, əлеуметтік өткірлігімен ерекшеленеді.
Өткен дəуірлердің поэтикалық шежіресін жасау салтқа еніп, қазіргі заманның тарихи жырлары жазыла бастады.
Қазақтың көрнекті ақыны Жарасқан Әбірашұлы елдік мұрат күрескерлері – ХХ ғасыр басындағы Алаш азаматтарының рухына бағыштаған тағзым жырлардан тұратын көркемдік құрылымы бөлек «Құлпытас» кітабын жазды [1, 15].
Ақын абырой жүгі, ар тазалығы, кісілік мінез, қымбат адамдар, өмір ағыстары туралы толғанды. Артық туған жандардың дара мінез болмыстарын аялады.
Жарасқан қазақ поэзиясын таза поэтикалық бітімдегі текті, рухты жырларымен байытты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ұлықбек Есдəулетұлының отаншылдық, елдік мұраттармен суарылған сыршыл да намысты өлеңдер жинағы – «Киіз кітап» қазақ лирикасының қазіргі заманғы көркемдік əлуетін көтере түскен рухани олжа есебінде бағаланды.
«Мынау кітап тартып отырған талай тауқыметіміздің басын шолса да, кеудеңе үміт гүлін егіп, жігеріңе жігер қосатын, тəуекелге мінгізіп, тəубеңе келтіретін парасатты жырларға толы» (Ә.Кекілбаев) [2, 21].
Жайық үшін жан бергендер, Еділ үшін егесіп.
Қиғаш үшін қырылғандар – Қазір бір-бір төбешік…
Басын иіп өтуі керек Уақыт өзі бұл жерден
Тағзым етіп тұруы керек келген қоғам төресіп.
Ұ. Есдəулетұлының «Киіз кітабындағы»
«Күршім. Жаралы Барақ батыр». «Қобда. Исатай батыр қабірі». «Ұлытау. Құрбандық. Қобыз үні». «Қарой. Махамбет». «Алматы. Желтоқсан» толғамдарынан түзілген «Қара шаңырақ. Иманнұр» топтамасы ата мекенді ардақты тұлғаларымен аялайды.
Ақындық «Меннің» алғаусыз рас болмысынан қайнап шығып жататын, бейнелі тілмен жасанған өлеңнің көркемдік кернеуі поэзияның бəсін көтере түседі.
Қара Қобда қан сасыды, Көбік шашып қан ақты. Қан кірпігін əрең ашып, Қанды көзбен таң атты.
Қапияда қырғын тапқан қобыландар жанарын Қарға шұқып,
Қорқаулар мен қара шыбын талапты.
Аса шынайы, жаны жұмсақ, кішіпейіл өлеңдерімен əдеби кеңістікке ерте, еркін кірген
Ұлықбек ақын Тəуелсіздік жылдары өлеңін өткірлік дарыған, əлеуметшілдігі айқын тың бағыттармен байытты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Несіпбек Айтұлының жүздеген жылдарға кеткен Азаттық жорығын, Бостандықтың арман-арпалыспен қолға түскен бағалы, кəделі жолын дəстүрлі эпикалық баяндау, аңыздау, тарихи жырлар үлгісінде толғаған дастандары Тəуелсіздік кезең поэзиясының көркемдік даму бағыттарында өзіндік мəнге ие болды.
«Осы Тəуелсіздік идеясы тоғыз дастанға ортақ желі тартқан бұл жинақ – «Тоғыз тараудан» тұратын «Тəуелсіздік дастан» атты эпикалық роман ретінде əсер қалдырады» (С. Қирабаев) [3, 44].
Біздің уақытымыздың рухы тұнған «Бəйтерек» поэмасында ақын Астана туралы толғанады. Астана – тəуелсіздік құрбандарына мəңгілік ескерткіш.
Астананың күн санап бой түзеп, қазіргі заманғы сəулетті шаһарға айналып келе жатуы – тұтас елдіктің тұғыры.
Жөңкілген Бостандықтың көші қандай, Сарқылған құрдым қайта тасығандай! Көзінен келгендердің қымсынады, Жыртығын жүдеу қала жасырғандай.
Бұл – 1997 жыл. Ақын болашаққа болжам айтады. Сол болжам ертегідегідей шындыққа айналды.
Уақа емес, жалт қаратып дүниені, Астана шыттай жаңа киінеді.
Қазақтың көсемінің алдына кеп, Тəкаппар талай бастар иіледі!
Ата тарихты ілгерідегі бабалар дəстүрі машығында өлеңмен ашып, шежіре, шешен сөзге ұйыта баяндауды жаңғырту бағытын мығым ұстанған ақынның «Бас сүйектер», «Төлегетай»,
«Жалаңтөс», «Сардар», «Бердіқожа», «Ақмола шайқасы», «Желтоқсан – Мұқағали», «Ерлік пен тектілік», «Ту», «Тоғыз тарау», «Ерліктің ескерткіші», т.б. поэмаларындағы эпикалық екпін, есілген сөз оралымдарының поэтикалық салмағы құнарлы мазмұнға көркемдік маңыз қосты.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Есенғали Раушановтың «Ғайша бибі» поэмасы Тəуелсіздік тұғырлары бағытындағы эпикалық толғамның озық үлгілерінің бірі [4, 57].
Ежелгі дəуірлерден бергі өзекті күйді – халық пен билік баянын Есенғали ақын жаңа уақыттың ең жауапты құбылысы мəнінде ақындық үрдіске батыл енгізді.
Діни ұстаным, дүниетаным бағытында да Алланың пəрмені, ұзақ адасуда жүрген адам баласының шектеулі тағдырын үздік көркемдеу тəсілдерінде тəпсірлеген Есенғали Рауша нов əлем əдебиетіндегі шығарма бітімін Ұлы Мəнмен нəрлендірудің ежелгі озық арқауын қазақы пайымға қайта сіңіру бағытындағы қапысыз суреткерлік əлуетін байқатты.
Поэмада көркем əдіптелген тұспал, астарлаудың озық үлгілері ұдайы назарға ілініп отырады. Адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан көне де жасаң поэзияның аспан асты, жер үстін ұйытқан сырлы сазы құлақтан кетпей, дауалы күйімен əлдилейді. Е. Раушановтың дүниенің ұлы қисындарын сезіндіру машығы ақындық алқапты еркін шарлау рахатын сыйлайды. Әр сөз, əр тармақ, əр шумақта тұнған шыншылдықтың сəулесімен нəрленген поэтикалық мəн ұлан-асыр көркемдік əсерге бөлейді. Ежелгі эпостың оралымды, ой жетегін үзбей есіліп жататын жатық баяндау үлгісі шығармашылық ұтымдылықпен дамытылған поэмада кейіпкерлер ой текетіресі, əрекет, аталы сөз ауқымында авторлық, азаматтық ұстаныммен астаса дараланып, тұлғаланады.
Шығарма құрылымындағы дəстүрге жүйрік, жаңашыл тəсілдерге де икемді дара сипатты ақындық қолтаңба назар аударады.
Ақын ұлттық төлтума өнер айтыс өлеңнің қатты айтуға, ащы ай туға, бетке айтуға жол беретін жанрлық мүмкіндігін ұтымды қолданған. Айтыстың бұқарашыл заңы шамданбауды, кектенбеуді міндеттейді.
Елдік салт, тұғырлы мемлекеттіліктің мəңгілік негіздері тұрғысында ой қозғаған шығармада автор аңыздық арқауды шындыққа сіңістірудің өзгеше бір үлгісін жасайды.
Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар, Күлтегін, Жігіт-қаған, ақын қыз Ғайша, мəңгілік ергежейлі жырлардың авторы Мəстекбай, Жылан-ханша, жыландар, заман, қоғам бейнесі тұлғаланған дастанның құрылым, тіл, образ ашудағы, табиғатты түйсіндірудегі шебер өрімі, автордың ой азаттығы, көркемдеу кеңістігіндегі шығармашылық еркіндік үйлесімі қазіргі қазақ поэзиясының озық бағыттарын поэтикалық əлуетін танытады.
Осы кезеңдегі поэма жанрының тақырып аясы, эпикалық құлаш-қарымы Жəркен Бөдештің «Аңырақай бекетіндегі ой», «Генерал Жохар Дудаев», «Исатайдың баласы», «Жалғыз», «Бостандықтың басы», «Қарауыл төбе», т.б. поэмаларында өзіндік көркемдік алымда көрініс беріп отырды.
«Жолаушы» поэмасында күнкөріс қамымен шетке кеткен, толған соң Елді ұмытқан ұлдың айтқанға көнбес құлқын иіткен күй құдіреті, ұлттық рух қуаты жайлы айтылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет