Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»


https://adebiportal.kz/kz/news/view/erbol-tilesov-adebi-uderis-dastur-men-zanasyldyq__15657



бет22/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
жауаптары

https://adebiportal.kz/kz/news/view/erbol-tilesov-adebi-uderis-dastur-men-zanasyldyq__15657
26. Әдебиеттің тектері мен түрлері туралы жалпы ұғым
Әдеби жанр (французша genre – тек, түр) термин ретінде шартты, екі
мағынада қолданылады:
1) Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма;
Әрбір әдеби туындының жанрлық табиғаты әр алуан: көлемді эпикалық шығармада өмір шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады; лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністері суреттеледі; драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыләрекетіне, қақтығыстарына, тағдырлар тартысына құрылады. Сөз өнерінің осы үш түрін кейде бейнелеу өнерінің үш түрімен (живопись, орнамент, графика) салыстыруға болады.
Эпос– (грекше: epos –баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр. Эпостың лирика мен драмадан айырмасы – шындық кең көлемдегі баяндау, әңгімелеу арқылы жинақталады. Аңыз - эпостың көне түрлерінің бірі. Бұл да миф секілді әсіре қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен өзгешелігі – аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне өмірде болған, халық жадында сақталғаноқшау оқиғалар жатады. Аңыздың көлемі шағын, оқиғасы қызық, адамдары аз, тілі таза, идеясы айқын.
Ертегі – шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі. Адам өмірінде, немесе хайуанат дүниесінде болуға лайық, әр алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Қазақ ертегілерін жете зерттеп, қазақ әдебиетінің тарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы М. Әуезов ертегілерді үш салаға (қиял-ғажайып, хайуанат жайындағы, салт) бөліп, мінездеме берген. Ертегінің көлемі қысқа, сюжеті ықшам, композициясы жинақы, тілі қарапайым, бірақ образдары өткір, дәл, мазмұны тартымды, идеясы бүкпесіз, ашық. Кейіпкерлері санаулы, олардың мінез-құлқы көбіне бір-ақ қырынан, ең елеулі ерекшелігімен ғана көзге түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет