Қазақ әдебиетінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі пәнінің мақсаты мен міндеттері Функционалды сауаттылық» пәнінің мақсаты мен міндеттері: Пәннің мақсаты: «Функционалдық сауаттылық»



бет40/71
Дата12.04.2023
өлшемі1,45 Mb.
#81809
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71
Байланысты:
жауаптары

43. Мінез және тип
Жоспар 

  1. Мінез туралы жалпы түсініктер 

  2. Мінезді зерттеудегі теориялық және экспериментальды бағыттар 

  3. Мінез типологиясы 

Нақты адамды сипаттау және бағалау кезінде оның мінезі туралы айтады. Әрбір адам басқа адамдардан өзінің даралық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні, гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мәнісі – іс қалдыру. Психологияда бұл жеке, дербес мағынада, адамдарға байланысты ұғым. Психологияда мінез түсінігі адам іс-әрекеті және мінез-құлқы формасында көрінеиін жеке-дара психикалық қасиеттердің жиынтығы. 
Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез – бұл адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі, ол әлеуметтік топтағы адамдардың жүктелген ісін орындауда, адам аралық қарым-қатынасында көрініп отырады. Мінез ерекшеліктері адамның даралық, өзіндік психологиялық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы барлық ерекшеліктердің бәрі бірдей. Мыслаы, естудің нәзіктігі, көздің көргіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, ақыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды. Адамның іс-әекеті сол іске деген қатынасымен қатар қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зеректігіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалық процестер оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Мінез өмір бойы қалыптасуы мүмкін. Мінез қалыптасуына адам ойларына, сезімдеріне және ын таларына да байланысты болады. Сонымен, адамның өмір сүру ерекшлігімен қатар оның мінезі де қалыптасады. Осыған орай, өмір бейнесі, қоғамдық талаптар және нақты өмірлік жағдайлар мінез қалыптасуында мәнді рөлге ие. 
Мінездің қалыптасуы даму леңгейлеріне және ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі топтарда өтеді (отбасы, достық, орта, сынып, спорт командалары, еңбек ұжымы, т.б.). Әр топтың құндылық ерекшеліктеріне байланысты міне қырлары да дамиды. Мінез қыры дегеніміз адамның белгілі бір жағдайдағы мінез-құлқын анықтайын психикалық қасиет ретінде түсіндіріледі. Мінез қырларының көптеген топтастырулары бар. Психологиялық әдебиеттерде, көбінесе екі бағыт кездеседі. Біріншісі, мінез-қырларын психикалық процестермен байланыстырады және ерікті, эмоционалды және интеллектуалды қырларын бөліп қарастырған. Мінездің ерікті қырларына жататындар: табандылық, батылдылық, қайсарлылылқ, өжеттік, сабырлылық, байсалдылық, дербсетік, белсенділік, ұйымшылдық. Эмоционалды қырларына екпенділік, әсерленгіштік, қызбалық, инерттік, байыпсыздық, қайырымдылық. Ал интеллектуалды қырларға терең ойшылдық, тапқырлық, зеректік, құмарлық, әуестік жатады. 
Екінші, мінез қырларын тұлға бағытына байланысты қарастырады. Тұлға бағдарының мазмұны адамдарға, іс-әрекетке, қоршаған әлемге және өз-өзіне қарым-қатынасы кезінде көрінеді. Тұлғаның бағдары адамның өмірлік мақсатын, жоспарын, оның өмірлік белсенділігінің деңгейін анықтайды. 
Адамның тұлғалық қырларын шартты түрде мотивациялық және инстументальды деп екіге бөлеміз. Мотивациялық іс-әрекетті оятады және бағыттайды, ал инструментальды бұларға бір стиль береді. Тұлғаның мотивациялық қырлары сияқты мінез де әрекет мақсатын тыңдау кезінде көрінеді. Бірақ мақсат анықтлғаннан кейін мінез инструментальды рөл ретінде қойылған мақсатқа жету құралдарын анықтайды. 

Мінезді зерттеу бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Мінезді зерттеу дамуының ұзақ тарихы бар. 
Адам мінезінің даралық ерекшелігі жайлы ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрю йер де «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді адамның әлеуметтік адамгершілік ерекшеліктері жағынан қарастырған. Бұл, бірақ темпераментке кері анықтама. Өйткені - темперамент адамда туа пайда болатын генотипті ағза қасиеті. Осы көзқарасқа орй, мінез адамның туа пайда боатын феннотиптік ерекшілігі. 
19 ғасырда фрнацуз алымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл ойы мен сезімінің және ерік ерекшелгінің қасиеті деп санады. Т. Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс дәрігері және педагогы П.Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді. И. Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамның жүе пайда болатын қаситеі деп анықтады. Сондай-ақ ол адамның даралық қасиеттеріндегі туа пайда ьолатын ерекшеліктері мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетті. Ал Малапер Фуле, т.б. мінездің туа пайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар еді. 
Мінез - адамның басқа адамдармен жұмысына қатынасын білдіретін жеке адамның тұрақты ерекшеліктернің жиынтығы. Мінез іс-әрекет пен қарым-қатынаста айқындалып, адам мінез-құлқына тән көрініс береді. Мінез адамның өзі таңдаған іс-әрекетінен байқалады. Кейбір адамдар іс-әрекеттің аса күрделі қиын түрлерімен айналысуды қалайды, ол үшін кедергілерді жеңу жолдарын іздеу, амалдарын табу қызықты болады. Ал кейбіреулер іс-әрекеттің ешбір кедергісіз оңай түрін қалайды. Кейбіреулер үшін жұмыс нәтижесіне қандай жол арқылы жеткенінен басқа адамдарды басып озу басты мәселе болса, басқаларға әйтеуір жұмысты бітірдік деген ой өте маңызды. Адамдармен қарым-қатынастағы мінез-құлықтың манерасы адамдар әрекеттеріне жауап қайтаруларынан көрінеді. Қарым-қатынас мәнері сыпайыанайы, биязы-дөрекі, әдепті-әдепсіз, т.б. бола алады. Мінездің темпераменттен бір айырмашылығы, олар тек жүйке жүесі қасиеттеріне ғана емес, адам мәдениеті мен тәрбиесіне де байланысты. Адам мінезі - әр түрлі стимулдар мен түрлі оқиғаларға кездейсоқ жауап беру ерекшеліктерімен айқындалмайды, ол оның негізгі әрекеттерін айқындаушы. Мінезді адамның әрекеті әрдайым саналы, жауапты және ойланған түрде өтеді. Мінезді адам сыртқы жағдайға қарамай дербес, өзінің ерік-жігерімен белсенділігін көрсетеді, өзін-өзі ұстайды. Ал мінезсіз адам іс-әрекет пен қарым-қатынаста сыртқы жағдайларға бағынып, тәуелділікте жүреді. Адамдардың мінезінің пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы бойынша темпераментпен байланысты, бірақ інез тұрақты және өзгермелі болып келеді. 
Жеке адам ерекшелктері:
Жеке адам ерекшеліктерін келесі көздерде көруге болады:

  1. Мотивациялық – іс-әрекетті бағыттайды, тудырады.

  2. Инструменталды – іс-әрекетке белілі бір стиль береді. 

Мінез мұнда жеке адамдардың инструменталды қасиеттеріне жатады.
Одан іс-әрекет мазмұны емес, оны орындау мәнері айқындалады. Бірақ мақсатты таңдаудан да байқалады. Мақсат таңдалса, мінез инструменталды, яғни мақсатқа жету құралы болып табылады. 
Адам мінезіне кіретін жеке адам ерекшеліктері: 

  1. Іс-әрекеттің мақсатын таңдауда адамдардың әрекеттерін айқындайты 
    жеке адам қасиеттері. 


  1. Алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер. 

  2. Темпераментепн байланысты инструментальды бітістер. 

Осы бітістердің арлығы бір адамның бойына жиналып адам белігі бір типке жатқызылады.

  1. Адам міензі отногенезде пайда болып, бүкіл мір бойна тұрақты. 

  2. Мінезге кіретін жеке адам бітістері кездейсоқ емес, олар мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі. 

  3. Сол мінез типтері бойынша адам мінезі бірнеше топқа бөлінеді. 

Э. Кречмер бойынша, дене бітіміне, бет әлпетіне қарай астеникалық тип – арық, жіңішке адам, соның арқасында ұзын болып көрінеді. Асиениктердің дене және бет терісі жұқа. Иықтары кішкентай. Саусақтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері нашар жетілген, ал әйел адамдар, соымен қатар жіңішке болады. Атлетикалық тип – орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкірегі үлкен, басы ұзынша, әрі тығыз, қаңқа сүйектері мен бұлшық еттері жақсы жетілген. Пикниктік тип – орта бойлы, мойны қысқа, семіруге бейім, себебі бұлшық еттері мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э. Кречмердің айтуы бойынша, осы тптер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Астениктер мен атлетиктер шизофрения аурны шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектік, сезімталдылық, менменшілдік, суықтық, қатігездік, билікке құмарлық және моциялардың болуы тән. 
Мінездің психологиялық теориялары XIX ғасырдың аяқ кезінен бастау алады. Сол кездегі зерттеушілер адамның мінезін дене құрылысына қарайтүсіндіруге тырысқан. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мінезі де соған сәйкес қалыптасады. Адамның мінезін сыртқы тұрқынан, бет әлпетінен, нышандарынан зерттеп, қарастыруға болады. Осы кезде френология ағымы қалыпасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын, ақыл-ойы дәрежесін, т.б. ажыратуға болады. Ал графология ағымы бойынша адамның жазуына қарап, оның мінез ерекшелігін ажыратуға болады. 
Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиатры Э. Кречмер, У. Шелдон, К. Леонгард, А.Е. Личко, т.б. 
К. Леонгард өз классификациясында адамдарды басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді:
1) Гипертимді тип – анық жестері, мимикалары болады. Сөзге құмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндеттеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергиясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморальды әрекеттерді жасайды. Жоғары қозғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал тәртіпті сүйеді.
2) Дистимді тип – пассимисті көңіл-күйді, аз сөйлейді, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол зімен достасатын адамды бағалап, тіпті оларға бағынады, әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.
3) Циклоидті тип – көңіл-күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді.Көңіл-күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық.
4) Қозғыш тип – вербальды және вербальды емес реакциялары баяу, кантактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, өз әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде, таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.
5) Тежелгіш тип – сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рөл атқарады. Қолған алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.
6) Педантты тип – қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкне талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюіменүйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығыста ұрысқақ. 
7) Уайымшыл тип – ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға ойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.
8) Эмотивті тип – жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралған. Ренжісе, оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттеі бар, бірақ көңдіккіш, тым сезімтал жан. 
9) Демонстративті тип – байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігмен адамдарға ұнамайды. Қақтығысқа өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекеттер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірақ эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.
10) Экзалтацияланған тип – котактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, иез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткізбейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болады. Талғамы жақсы, шын сезімге бейім. Көңіл-күйі тез өзгергіш.
11) Экстравертивті тип – достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрсе жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. Олардан бір нәрсе сұраса соны орындайды, зейін қойып тыңдайды, бірақ жеңілтек. Басқалардың әсеріне бейім, ойланбай бір нәрсе істей салады, әңгіме айтып отыруға бейім, ойланбай көп нәрсе жасайды. Көңілдіуақыт өткізуге құмар. 
12) Интравертивті тип – тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққ абейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана қақтығысқа түседі. Ұстамды, принциптері көп, қатал сенімдері мен көзқарастары болады. Бірақ бірбеткей, өз идеяларын дәлелдегіш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей береді.Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай өзгешеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Адам мінезінің фзиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жәйт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И. Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш типке бөледі: 

  1. Ойшыл тип – бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы. 

  1. Көркем тип – бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы. 

  2. Орташа тип – мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа тике жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы титердің болуы ықтимал. Әр мінез ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі типтегі адамардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді. Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. Мінездегі осындай әртүрлі қасиеттерден құралған біртұтас бірлікті мінез құрылымы деп атайды. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптокомплекс не факторлар деп атайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет