Қазақ әдебиетінен «Тарихи шындық пен көркемдік шешім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. 9-сынып. 2-тоқсан №2 БЖБ
Тақырыбы
Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны» «Мен, мен едім, мен едім» «Бағаналы терек» Шоқан Уәлиханов «Ыстықкөл күнделігі»
Оқу мақсаты
9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау
9.1.3.1 көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтау
көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырмалар:
1-тапсырма.Берілген үзінділер арқылы автор бейнесін анықтап, өз пікіріңізді 3-4 сөйлеммен жазыңыз
Шығармадан үзінді
Автор бейнесі
Менің пікірім
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік.
Шабытымыз келгенде,
Ерегіскен дұшпады
Шетінен сүйреп жеп едік…
Кешегі Исатайдың барында,
Алақандай Нарынды
Бастаушы едім құлаштай.
Жәбір беріп жала етсең.
Былғанған басым ласқа –ай.
Мен бір шарға ұстанған
Қара балта едім,
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса, тағы жетілдім...
Мен, мен едім, мен едім,
Мен Нарында жүргенде
Еңіреп жүрген ер едім
Исатайдың барында
Екі тарлан бөрі едім,
Қай қазақтан кем едім?
Бір қазақпен тең едім.
Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан билердің,
Атандай дауысын ақыртып,
Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім.
Автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасайды
1
- автор бейнесін анықтап, жазады:
- өз пікірін 3-4 сөйлеммен береді:
2
2
1
Көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды.
2
-кейіпкер портретін тауып жазады;
-кейіпкердің маңызды әрекетін анықтайды;
-анықталған ақпараттар негізінде кейіпкер туралы ой қорытындысын екі-үш сөйлеммен жеткізеді;
- мінездеме береді