3. Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамыту стратегиясы. Тапсырма 1



Дата31.12.2021
өлшемі333,61 Kb.
#22513
Байланысты:
Семинар 3


3. Қазақстан Республикасында жоғары білім беруді дамыту стратегиясы.

Тапсырма 1.Қазіргі қоғамдағы жоғары білімнің мәртебелі рөлін тағайындайтын дәлелдер келтіріңіз. Жоғары білімнің басқа тарихи дәуірлердегі рөліне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Тапсырма 2.Нормативтік құжаттарды қолданып, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты ашыңыз.

Тапсырма 3. Қарағанды  университетіндегі көп деңгейлі білім беру құрылымының сүлбесін сызыңыз.
Тапсырма 1.

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр.

«Білім туралы» Заңның 31-бабына сәйкес жоғары оқу орындарының филиалдары лицензияланған білім беру қызмет түрлерін жүзеге асыра алмайды. Сондықтан жаңа оқу жылының басынан бастап, бүкіл республика көлемінде жоғары оқу орындарының филиалдарына білім беру қызметін тоқтатуларына тура келеді.

 Жаңа Заңға сәйкес  магистратура жоғары оқу орындарынан кейінгі деңгейге жатқызылады. Магистратура мен докторантураның бағдарламалары біршама өзгерістерге ұшырады. Қазір олар ғылыми-зерттеу компоненттерін ғана емес, білім беру компоненттерін де қамтиды.  Мысалы, докторлық диссертация қорғау үшін оны жазу ғана жеткіліксіз, диссертант бейімі бойынша тиісті іргелі және қолданбалы пәндерді меңгеріп, олардан емтихан тапсыруы тиіс.

Ал, енді заң қандай міндеттерді  атқарады дегенге келсек, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мынадай міндеттерді шешуге:

бірінші, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграция);

екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге;

үшінші, сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге;

төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңына сәйкес қазақстандық әлемдік білім беру кеңістігіне  кірігу міндеті: «Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту»; «Оқыту технологиясын жетілдіру»; «Білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту» жолдары арқылы шешіледі.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде әлемдік  білім кеңістігіне кіру үшін іргелі реформалар жүргізіліп жатыр. Қазіргі  таңда республиканың жоғары оқу орындарында кредиттік оқытудың Еуропалық жүйесіне көшудің алғашқы қадамдары жасалды.

Кредиттік оқыту жүйесін 1869 жылы Гарвард университетінің  президенті Чарльз Элиот енгізген. Бұл жүйе Америкада білім сапасын  жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін енгізілді. 1988 жылдан бастап Еуропа елдері де кредиттік жүйеге ене бастады. 1999 жылы 18-19 маусым айында Еуропалық мемлекеттердің білім министрлігінің бірлескен отырысында кредиттік оқытудың еуропалық жүйесін қабылдады.

Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойыншакредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық  жүйе – ESTS, американдық жүйе – USCS, британдық жүйе- CATS, Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе – USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б. іргелі мемлекеттерде білім беріледі.

Республика білім беру жүйесінің  кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат-Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Әлемдегі 12000  университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.


Тапсырма 2.

Тапсырма 3





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет