38
«Жазушы – деп жазады ол, – өзінің сөз қорын байыту үшін, жалпыхалықтық тілдің
телегей теңіз бай қазынасын мүмкіндігінше молырақ игеру, оның қилы-қилы, қиын әрі
қызық құбылыстарын жете түсінуі, әр сөздің мәні мен
мағынасындағы ұлан-ғайыр
өзгерулер мен өңдеулерді, құбылтулар мен құлпыруларды дәл аңғара білуі кажет» деп
жазушының шеберлік әлеміне барлау жасайды. Және де жазушы тілі дәлдікке,
ықшамдықка, сұлулыққа негізделуі шарт деп шегелеп айтады. Ғалым сөздердің көп
мағыналылығына, сырлы астарға, «әдеби тілдің сыртқы әрі немесе ішкі нәрі» ретінде
қызмет атқаратын синонимияға, омоним, антоним сөздерге, плеоназмға, архаизмдерге,
неологизмдерге, сондай-ақ айқындау, кейіптеу, пернелеу, алмастыру, ұлғайту, кішірейту,
қайталау, дамыту (түйдектеу және баяулату), сөз орнын ауыстыру, сөз тастап кету, егіздеу
сияқты бейнелегіш-суреттегіш құралдарға ой сәулесін түсіреді.
Зерттеушінің пікірінше,
тілдің көріктеу құралдарының бәрі – бірімен-бірі өзара тығыз байланыстағы, қарым-
қатынастағы, аралас-құралас жатқан және жарыса қолданылып, бірін-бірі демеп,
толықтырып жатқан нәрселер.
Шынында да, бірімен-бірі іліктесіп, сабақтасып, ұштасып, үйлесіп жатқан
мәнерлегіш-суреттегіш құралдардың арасында «Қытай қорғаны», «Абылай аса алмас асу»
бел жоқ. Әдебиет теоретигі З.Қабдолов «Образ» ұғымын екі мағынада алып тексереді.
Біріншісі – көркем бейне ретінде. Екіншісі – суретті сөз ретінде. «Әкем Қабдол асқан
домбырашы адам еді.
Әрі әнші, сері кісі болатын. Қырық күй білетін... «Қыз Жібек»
дастанын бастан-аяқ жатқа айтатын» деп толғанады Зәкең. Өнерпаз тектілігінің төркіні
қайдан бастау алады десек, тұқымынан екен ғой. Оның «Жайық қызы», «Туған ел» тәрізді
сұлу ырғақты сыршыл өлеңдеріндегі мына бір шумақ көркемдік қисынымен өзгешеленеді:
Ажары атқан таңдай ару жастың, Қасы бар қанатындай қарлығаштың. Жанары жан біткенді
елжіреткен, Болсайшы бәрі сондай қарындастың. Зейнолла Қабдолов аударма өнерімен де
шұғылданады.
Л.Кассильдің,
В.Добровольскийдің,
В.Закруткиннің
романдарын
тәржімалады. А.Островскийдің «Ұшынған ақша», М.Горькийдің «Күн перзенттері»,
Н.Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ер» сияқты үздік классикалық драмалық шығармалары
республикалық, облыстық театрларда З.Қабдоловтың аудармасымен қойылды.
Жазушының «Ұшқын», «Жалын» романдарының басты тақырыбы – біздің заман шындығы,
зиялылар өмірі, замандастардың тағдыр-тіршілігі, биік тұлғасы. Оның қаламгерлік
колтаңбасына тал жібектей таза айшықты, оралымды тіл, лирикалық сипат, жылы юмор
тән. 1995 жылы Пәкістан мемлекеті «Әдебиет, мәдениет және демократия» деген
тақырыпта
Халықаралық, яғни, дүниежүзілік деңгей-дәрежедегі ғылыми конференция
өткізді. Әлемнің алты құрлығынан немесе жүзден аса мемлекеттен үш жүзден астам
ғұламалар, әйгілі ақындар, айтулы жазушылар, өресі биік суреткерлер қатысты. Сонда асыл
ұстаз, абыз аға Зәкең қарқаралы көштің басшысындай жол-жоба көрсетіп отырды. Ғылым-
білім, ақыл-ой бәсеке-жарысқа түскен ұлы жиын-мәслихатта академик жазушы Зейнолла
Қабдолов былайша толқындата өрнектеді: – Қазақ әдебиеті – дүниежүзіндегі ең күшті
әдебиеттердің бірі, – деді Зейнолла Қабдолов. – Мұның даму тарихы терең әрі күрделі. 150
жылдығын биыл бүкіл әлем тойлаған Абай поэзиясы қазақтардың сөз өнеріндегі дәуірлеу
кезеңін бейнелесе, 21 айдан кейін 100 жылдығын күллі адамзат атап өткелі отырған Әуезов
прозасы – қазақ ренессансы. Сіздер нақты да затты түсіне түсу үшін аналогия келтірсем:
Абай – Гете мен Пушкин деңгейіндегі ұлы ақын болса, Әуезов – Бальзак пен Достоевский
дәрежесіндегі кемеңгер жазушы... Одан әрі академик-жазушы осы әдебиеттің кешегі,
бүгінгі қайраткерлері оны қазақ халқының ақыл-ойына, ар-ожданына, автопортретіне,
паспортына, көркем тарихымен сұлу шежіресіне қалай айналдырғанын керемет сыр ғып
шерткенде жүзден астам елден келген зал толы интеллектуалдар – ақын-жазушылар мен
ғалымдар қазақ ұлтына, оның тамаша әдеттері мен мәдениетіне деген іңкәр сезіммен қайта-
қайта қол соғып, ұйып тыңдады. Осыған мерейленген
Қазақстан делегациясының
тебіренісін Марфуға ақын өлеңмен кестеледі: Келісіп келбетіңе маңғаздылық, Теңіздей
тереңдікпен таң қалдырып, Тобына қосылғанда тұлпарлардың, Құйындаттың, ізіне шаң
қалдырып. Тым жарық жұлдызына теңеп көктің, Сезімімді сәбидей өбектеппін.
39
Қазағымның жерінде таулар қанша, Көзіме Сізді тау деп елестеттім! Жүрекке тұна түсіп
тұнық ойың, Толқыдық, тілектес боп күніменен... Тебірентіп тастадың тыңдаушыңды, Ұлы
Абайдың төгілген тіліменен. Халқымның тындағанда сүйікті ұлын, Жұрт сезінді Тереңдік,
Биіктігін!.. Пәкістанның елінде тебірендік, Тұрғандай төбе көкке тиіп бүгін... Қайран,
сұңғыла ақындық-ай! Тарлан таланттың шоқ шашқан шабытын жеріне жеткізе сипаттаған
қайран ақынның құдіретті тіліне не жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: