«Қазақ Әдебиеттану ғылымы: ДӘСТҮр және сабақтастық» атты



Pdf көрінісі
бет30/92
Дата23.10.2023
өлшемі2,56 Mb.
#120672
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92
 
 
 
 
 
 
 


92 
ӘСЕТ ӘНІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 
 
Далубай А., 
«Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ 1-курс магистранты- Ақтау, Қазақстан 
Ғылыми жетекші:Каримсакова Б.А.,-Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және 
инжиниринг университеті, «Қазақ филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған 
профессоры м.а., ф.ғ.к.-Ақтау, Қазақстан 
Әсет Найманбайұлының ақындық өсу жолы мен ХІХ ғасырдың екінші 
жартысындағы әдебиеттің ішкі мазмұн, сыртқы түр және көркем сөз айшықтары мен 
идеялық ой-танымдары үлгісінде қалыптасып, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің жаңа 
дәуірін шығармашылықпен өркендеткен Әсет ақынның поэтикасындағы шығыстың қисса 
жанры, ән-өлеңдері мен айтыс саласындағы мол мұраларының әлі де болса, толыққанды, 
әрі толымды түрде жиналып, жан-жақты ғылыми зерделеніп, сол кезеңдегі әдебиет 
тарихынан өзіндік бағасын алып, әдеби процестегі өз орнын тауып, түрлі әдеби-ғылыми 
жинақтарға енбеген ақынның артында қалған туындылары баршылық. Солай бола тұрса да, 
осы кезеңге дейін Әсет мұрасы әдебиет тарихын зерттеушілер тарапынан алдымен - таптық 
идеология тұрғысынан, кейін - импровизациялық дәстүр тұрғысынан біржақты 
қарастырылып, ақынның шығармашылығы толық зерделеніп, қарастырылмай келді. 
Қазақ әдебиеті тарихындағы Әсет Найманбайұлының туындылары, шығармашылық 
өмір жолы мен әдеби мұралары жайлы бүгінгі күнге дейін басылған 200-ден аса үлкенді-
кішілі материалдардың қоры бар. Әсет Найманбайұлының әдебиет тарихындағы 
шығармашылық ғұмыр жолы қазақ әдебиеттану ғылымында Б.Ысқақовтың «Әсет әрі 
өнерлі, әнші, әрі халық ақыны» [1,4] атты мақаласында алғаш рет жеке зерттеу объектісіне 
айналып, онда Әсет шығармашылығы ғылыми зерттеу нысанына алынды. Бұдан соң 
С.Мұқанов 1942 жылы жарыққа шығарған «Қазақтың XVІІІ – XIX ғасырдағы әдебиетінің 
тарихынан очерктер» атты зерттеу еңбегінде Әсет ақын шығармашылығын жан-жақты 
саралап жазды [2, Б 202-206]. Абай тағлымының Әсет Найманбайұлы шығармашылығына 
әсері, Әсеттің Абай мектебі шәкірттерінің қатарында екендігі жайлы М.Әуезовтен 
басталған ғылыми концепция кешегі кеңес дәуірінің түрлі саяси-идеологиялық 
кезеңдерінде әр қилы ой-тұжырымдар тудырғаны аян. Бұл салада зор ғылыми еңбектер 
атқарған абайтанушы ғалым Қ.Мұхамедхановтың 1995 жылы жарық көрген 4 томдық 
«Абайдың ақын шәкірттері» ғылыми зерттеу еңбегінің 3 томында Әсет ақынның қазақ 
әдебиеті тарихында алатын орны түбірлі дәйектеліп, тұжырымдалды. Ұлт әдебиеті 
тарихындағы саяси-әлеуметтік, азаматтық, көңіл-күй, табиғат, ғашықтық-интимдік, 
философиялық, т.б. да лирикалық өлең өрнектері тыңнан туып, әдеби өмірге келді. Осындай 
өзінің тақырып ауқымы кеңіп, саяси-қоғамдық мәні тереңдеген ақындық поэзиямыз 
турасында А.Байтұрсынұлы: «Өлеңнің өзі де қазақта екі түрлі болған бірі әнді болған, 
екіншісі мәнді болған, әнді өлеңнің сөзінен де әніне көбірек құлақ салған. Сондықтан әнді 
өлеңді айтушы, әннің ажарлы болу жағына тырысып, сөздің ажарлы болу жағына онша 
ыждахат қылмаған. Ал мәнді өлеңде жұрттың құлақ салатыны ән емес, сөз болған соң, 
айтушы сөздің ажарлы және мағыналы болу жағына көп тырысқан [3, 225 б ],- деп жазғаны 
ұлттық әдебиетте әнді өлеңнің сөз мәні турасындағы ең алғашқы терең пікір болуымен 
құнды.
Әсет Найманбайұлының әнді өлеңдерінің идеялық-мазмұндық сипаттарының оның 
мәнді өлендерінен кем емес екендігі белгілі. Міне, осындай Абай мен оның ақын шәкірттері 
үлгісіндегі ақынның отаршылдық әділетсіздікке қарсы инттелектуальды күресте әнмен біте 
қайнасқан азаматтық лирикасындағы саяси-әлеуметтік идеялары арқылы өз кезінде ел ішіне 
кең таралған Әсет Найманбайұлының артында қалған әдеби мұрасы біршама. 
1889 жылдары ақын Абайдың жанында болып, тәлім-тәрбие алады. 1889 жылы 
Абайдың алдын көріп, тағылымын алған,жұрт жиылған алқалы жиындарда «Абай тек 
өлеңші емес, өрнекші де ғой» деп есімін қадірлеп, ақтық өлеңі «Соңғы сөзінде»:


93 
Абайдай арт жағына сөз қалдырып,
Жақсы еді-ау, әттеген-ай, өлу деген![4,55 б ]- 
деп Абайды пір тұтқан ақынның шығармашылық өмір жолында хакім Абайдың ақын 
шәкірттері қатарында орыс, шығыс әдебиетін Абай жолымен халықтық тұрғыда меңгереді. 
Ән мен өлеңді халықтың рухани қазынасы деп біліп, осы ел жүрегіне сіңіру үшін халық 
сүйетін әуендерді әулете шырқаған Әсетті халқы да қастерлеп, ақын өлеңдері мен әндерінен 
рухани нәр алды. Сөйтіп, есімі елге жайылған Әсет ақынның әкесі қайтыс болған кезде 
шешесі Кермеқастың өтінішімен әнші-ақын Еміл-Барлық, Тасты, Жарбұлақ, Ұзынбұлақ, 
Алакөл атырабын жаз жайлап, қыс қыстаған атақты Қанағат болыс Сүлейменұлының 
басқаруындағы Қарағаш болысының жеріне көшіп келіп, осы өлкеде тұрақтап тұрып 
қалады. Осы уақыттан бастап Әсет ақынның 1916 жылы Қытайға өткенге дейінгі кезеңі 
А.Жұбанов айтқандай: ''Ақындығы әншілігінен кем болмай'' қос өнерде қияға самғаумен 
өтті. Кезінде Арғын-Найман бас қосқан Көктұма сиязында Абайдың ұсынысымен 37 
болыстық үстінен билік айтатын Төбе-би сайланған, өз ортасынан ақылымен, ойымен, ел 
мүддесі жолындағы игілікті істермен асып, ел құрметіне бөлінген Сүлеймен бидің ұлы 
Қанағат болыс та әкеге тартып туған парасат иесі болған. Ол халықтан шыққан өнерпаз 
жандарға барынша қамқорлық жасаған. Осы Қанағат болыстын ауылында Әсет ақын 
Қаракерей ішінде Жаңбыршы руының Дәулетбай атасынан шыққан Жылқышы деген 
саятшы, аңшы адамның Тәтіжан деген қызына үйленеді. Ақынның Тәтіжанға үйленген кезі 
де Қарқаралы маңынан Мақаншы өңіріне біржола көшіп келген кезеңіне тұспа-тұс келеді.
Әншінің ''Мақпал'' әні өзінің осы сүйген жарына арналған деген дерек бар. Әсеттің әйелі 
Тәттіжан мен Қанағат болыстың інісі Жағыпардың Зағипа есімді әйелі-апалы-сіңілі кісілер. 
Оған қоса Әсет Қанағатпен түйдей құрдас адамдар. Ал болыстың Байділда деген ел сүйген 
сері ұлы Әсетті өзіне ұстаз тұтып, ақының соңына ерген сенімді ізбасар серігі болған. Әсет 
ақының Қанағаттың әкесі Сүлеймен би 1904 жылы қайтыс болғанда оның қыздарының 
атынан шығарып берген жоқтауы да бар. 
1898 жылы тамызда үш жүздің халқына сауын айтып, ат үстінде табақ тартылған 
елге әйгілі Жақанбайдың асында Әсеттің күллі Орта жүз атынан сөз сайысына түсуінің өзі-
ақ халықтың ақынға деген зор сенімінің өлшемі болды. 
Жігітке қисық қылық мінменнен тең,
Бойыңа жараспаса сынменен тең. 
Қолы сараң надан бар, көңлі қарау,
Жүрегі оның қараңғы түлменен тең. 
Күлдіргі, қалжыңға ұста тәуір жігіт, 
Көңілдің бақшасында гүлменен тең. 
Сасқан жерде ойланып тапқан ақыл, 
Заты жалған болғанмен шынменен тең 
Ақылына жарасқан жақсы жолдас, 
Кіндігіңнен тараған ұлменен тең-
деп сынды этнопедагогикалық тағлымы терең ақын сөздері айқын аңғартып тұр. 
Кезінде қазақ ән өнерінің майталмандары Кенен Әзірбаев, А.Жұбанов, Ілия Жақанов т. б. 
Әсеттің әншілік, сазгерлік өнердегі асыл бағасын берсе, Әсет әндері жеке жинақ ретінде 
жарыққа шықты [5,33].
Абайдың ұстаздық тағылымынан нәр алған, қазақ елін өзінің ақындық, әншілік 
өнерімен таң қалдырған Әсет ақын 1916 жылғы дүрбелең заманда Қытай жеріне өтеді.
Ақындық кемеліне келген Әсеттің көлемді эпикалық туындылары, бірнеше ән-
өлеңдері мен айтыстары Қытай жерінде дүниеге келді. 1916 жылы Тарбағатай, Алтай, Іле 
өңірлеріне барған Әсет сондағы ел ортасында өнер көшін өрістеткен. Алтай жерін аралай 
жүріп түйген ойының нәтижесінде атақты «Салиха-Сәмен» дастаны туды. Бұл дастанға 
негізінен Алтайды мекендеген халық тарихы мен Алтай табиғаты арқау болған.
Бүгінде Әсет ақынның әдеби жұртшылыққа таныс бейнесі қазақ елінің алғашқы 
тәуелсіз мемлекеті Алашорда өкіметінің әскерін жасақтау мақсатымен 1918 жылы Қытайға 


94 
барған А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Р.Мәрсеков сынды Алаш арыстарының Шәуешек 
қаласында Қанағат болыс бастатқан ұлтжанды, зиялы қауыммен өткізген жиыннан соң 
фотогроф Мұқаметжан Әбдумсәрімұлы Юсупов түсірген сурет арқылы бізге жетті [6,16б]. 
Міне, осының өзі-ақ Әсет ақынның шығармашылық ғұмырында ұлт тағдырына қатысты 
қоғамдық-әлеуметтік істерден де шет қалмағандығын дәлелдейді. 
Алғашқы әдебиет алыбы-алаштың өмірден ерте озған поэзия дүлдүлі –
Сұлтанмахмұттың жазған - сызғандарының бірін қалдырмай кітап етіп шығару үшін 
алашына әдеби сауын айтса [7,18 б ], келесісі - өнері әл әзір Жетісу мен Шығыс /Шыңжан 
мен Семей/ қазақтарына ғана өте мәшһүр Әсет талантына тәнті болып, өнер тақырыбына 
арналған Абайдан кейінгі поэтикалық қуатты өте жойқын әншіні, өнер адамын бағалаудың 
хас үлгісі іспетті «Әнші» өлеңін 1928 жылы жазды. Сонымен, қазақ поэзиясындағы ақынға 
бас ию дарынына әдеби тағзым етудің поэзиялық салты Әсет есімін поэзия құлагерінің
1928 жылдағы басылып шыққан жинағына енген әйгілі «Әнші» өлеңімен алты алашқа әдеби 
танытуынан бастау алады [8,22]. Ілиястың 1920 жылдары Жетісу өңіріне фольклор жинауға 
аттанған экспедицияның басы-қасында болып, жиналған материалдармен бірге Әсеттің 
өлеңдерін де бастырмақшы болуы белгісіз себептермен аяқсыз қалып, ақынның Әсет 
мұрасын жариялау турасындағы ізгі арманы тек, 1968 жылы ғана жүзеге аса алды. 
Құрастырушылар Балтабай Адамбаев пен Сейділда Ордабаевтар негізінен Ілияс жинаған 
материалды басшылыққа алды. Біз бұл арада Әсеттің ақындық атағынан гөрі әншілігі қазақ 
жұртына бірінші болып танылғанын тілге тиек еттік. Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит 
Мұқановтың пікірі де осыған келіп тоғысады: ’’Адалын айту керек,бұл ақын 
адам…халықтық музыкадағы атағы зор…’’ [9,63 б ]. Сол себепті де, сөз қадірін, өнердің 
парқын білетін Ілияс өзінің біз сөз еткен әдеби туындысында Жетісу жұртшылығының 
Ә.Найманбайұлын бірінші кезекте әнші деп тануын өз шығармасының тіліне басты негіз 
етіп алған. Халық аузынан түспей жүрген Әсеттің әсерлі әндерінен тұрпаты бөлек, ақынның 
поэтикалық қуаты мол сырлы өлеңдерінің дүйім жұртқа танылып, оқулыққа кіруіне, Сәкен 
Сейфуллиннің 1931 жылы ЖОО қазақ әдебиетін оқыту үшін құрастырған «Қазақтың ескі 
әдебиет нұсқалары» оқулығына енген салт-дәстүрлік қоштасу өлеңінің классика үлгісі 
ретіне бір ауыздан баланатын бәрімізге белгілі Әсеттің Кемпірбаймен арыздасуы дәлел 
болады [10, Б132-133 ]. Ақынның кейбір өлеңін тап сол 20-шы жылдары ел аузынан алғаш 
жинап жазып алушы қазақ фольклоры мен әдебиетінің жанашыры Әубәкір Диваев 
болғандығы бәрімізге белгілі ақиқат.
Ұлттық ғылым акедемиясының қолжазбалар қорындағы Әсет Найманбайұлына 
қатысты ел аузынан жиналған әдеби материалдың ең ертеректегісі кеңес үкіметінің Жетісу 
өңіріне Ә.Диваевтың қатысуымен ұйымдастырған 1920 жылдарғы фольклорлық 
экспедициясы әкеп тапсырған ҰҒА орталық ғылыми кітапханасындағы 783 бумадағы төрт 
дәптерде Әубәкірдің қолымен жазылған “Әсеттің өлерде айтқаны”, “Өкіну” және “Тағы бір 
толғауы”, “Әсеттің бір жиналыста айтқаны” сияқты бірер өлеңі сақталған [11, Б 82-83 ]. 
1988 жылғы Әсет Найманбайұлының шығармалар жинағына жазған алғысөзінде 
Б.Нұржекеев Әсет ақын шығармашылығындағы терең мәнді бұл бетбұрысты кезең 
тарихын: «С.Бегалиннің айтуынша Жақсылық Төленов деген кісі кезінде Әсеттің сырласы 
болған,біраз уақыт қасында бірге жүрген.1945 жылы сол кісі С. Бегалин мен М.Әуезовке 
Абай мен Әсеттің қалай жолыққанын әңгімелеп берген. Ал ол Ж.Төленов мұны Әсеттің өз 
аузынан естіпті.Сол естелікке сенсек, Абай Әсеттің әнін ғана тыңдаған,алып барған адам 
оны әнші деп қана таныстырған,сондықтан Абайдың: «Біздің әншілердің үнінің зор, 
тынысының кең екенін мақтан көріп, әнді барынша өңеші қызарғанша айқайлап 
әсерлендірмекші болады. Ол ән емес, айқайға айналып кетеді»,-деуі, ал Әсеттің: «Маған 
Абайдың осы сөзі өмірлік сабақ болды» - деуі де шындыққа жанасатын секілді» [12,9 б] - 
деп жазған еді. Сонымен Абай тағлымынан нәр алған Әсет ақынның өмірдегі інілік 
ізеттіліктің, өнердегі адамдық биік парасаттылықтың, бауырмалдықтың абзал 
азаматтықтың үлгісі болған, әдебиет тарихында тағылымдық мәні солмайтын 1895 жылғы 


95 
арқаның аты әйгілі Кемпірбай ақынмен қоштасуы осы Абай алдын көргеннен соңғы 
жылдардағы Әсет ақынның әдеби үлгі өрнегі.
Белгілі әдебиет зерттеушісі Қайым Мұхамедқановтың: “Әсет – нағыз сегіз қырлы 
өнерпаз. Ол ақындық өнердің өрен жүйрігі, суырып салма ақпа ақын. Табиғи тума, қабілеті 
күшті, дарынды ақын. Қолына домбыра алғанда, қолма-қол нөсерлете жыр төксе, 
домбырасымен қоса, қағаз бетінде қаламы да қатар жүйіткитін сауатты саңылақ ақын.
Әсет өзінің әрбір өлеңіне арнап ән шығарып, өлең-жырын шаршы топта домбыраға 
қосып шырқап айтатын,әйгілі әнші ақын” [13, 28] - дегенінде көп мән бар. Өйткені, өлең 
тармақтарындағы ұйқас сандарының үйлеспеуін, қайырмасына салып нәшіне келтіріп 
шырқау үшін шумақтардағы буын саны үйлесіп тұруы көп қиындық келтіреді. Әнді 
айтатын әншісінің дауыс тынысына өте көп күш, ауыр салмақ түсіреді, әрі қалауыңа 
салып,созып айтуға онша көне бермейді. Осыны өз шығармашылығында ақынның үнемі 
ескеріп отырудың нәтижесінде оның стильдік өлең құрастыру өлшемі (версификациясы) 
туған.
Атым - Әсет, ұраным-арғын шордан,
Құт дария қырандай шықтым молдан.
Қазіреттің қасында шәкірт едім,
Адастырды осы өлең орта жолдан.
Жезге айырбас алтынды қылмағанда,
Көңілім тумас па еді сол күнде оңнан?
Ғалымдықтан айрылып мақұрым қалып,
Арман еттім артынан ақыр соңнан [4,60 б ].
Ақынның “Атым - Әсет, ұраным - арғын шордан” өлеңін поэзия тілімен жазған 
ғұмырнамалық монологы деуге тұрарлық. 
Әдебиет өнер жарысы оған әр ақын өз қалам қарымы тұрғысынан келеді. Әсеттің 
шығармашылық бағын ашқан ғұлама Абайдың өлеңмен жазған, шымбайына батыра, 
намысын жани айтқан әдеби сыны болды. Осы сын Әсеттей саңлақ ақынға өлмес ән, өшпес 
туындыларын тудыруға септігін тигізді. Әсет - әлі талай құпияларын, шығармаларының 
түгесілмес, таусылмас идеясын сөздерінің терең де, түпсіз қатпарын өз зерттеушілеріне 
араға уақыт салып, бірте-бірте қазақ әдебиетінің әр дәуірге аяқ басқан сайын тылсымы мен 
сырын ашып, соны жаңалыққа айналып отыратын поэзия тарланы.
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
Ысқақов Б. Әсет әнші, әрі халық ақыны / Социал Қазақстан, 1936, 26 маусым, 
4б. 
2.
Мұқанов С. Қазақтың XVIII –XIX ғасырдағы әдебиетінің тарихынан
очерктер.-Алматы, Қазмемкөркемәдеббас, 1942, -272 б. 
3.
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы 1 том. -Алматы, Алаш, 
2006,-408б. 
4.
Найманбаев Ә. Шығармалары: Өлеңдер, айтыс-қақтығыстар мен дастандар. -
Алматы: Жазушы, 1988.-304 бет. 
5.
Найманбаев Ә. Інжу-маржан. Әндер жинағы /Құраст.Қ.Жүзбасов. -Алматы: 
Өнер, 1992, -144б 
6.
Бафина Никар. Асыл ағаларды суретке түсірген кім?/ Қазақ әдебиеті 
№20,1990,18 мамыр, 16 б. 
7.
Аймауытов Ж. / кітапта: Сұлтанмахмұт Торайғыров Шығармалар жинағы, 1 
том,-Алматы, Ғылым, 1993, -280б
8.
Жансүгіров І. Сағанақ өлеңдер жинағы. -Қызылорда, Қазақстан баспасы, 
1928 . Жансүгіров І. 5 томдық шығармалар жинағы. 1 том, Алматы, Жазушы, -328 б.
9.
Мұқанов С.Абайдың шәкірттері туралы/Абай, 1992, №4, 63б.
10.
С.Сейфуллин. Шығармалар Т.6. Қазмемәдеббас,Алматы,1964,-456б. 
Әсет пен Кемпірбай ақынның қоштасуы //Таң, 1925, №1, Б110-112.


96 
11.
ҚРҰҒА ОҒКҚ №783бума, №4 дәптер, Б 82-83. 
12.
Найманбаев Ә. Шығармалары: Өлеңдер, айтыс-қақтығыстар мен дастандар. 
-Алматы: Жазушы, 1988.-304 бет. 
13.
Мұхаметқанов М. Ақын Әсет. //Қазақ тілі мен әдебиеті,1958, №9, Б 38-41.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет